Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің басшысы, (№ 03-1), "Б" функционалдық блогы

Мемлекеттік орган

Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті

Аймақ

Абай облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

236339

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Функционалды міндеттері- құпия жұмыстардың барлық түрлерін жүргізу іс-шаралар кезінде құпиялылық режимін қамтамасыз етуін жүзеге асыру . Құпия іс қағаздарын жүргізу.  Қызметкерлерге мемлекеттік құпияларға рұқсат алу  үшін материалдарды ресімдеу. Мемлекеттік құпияларды техникалық қорғауды ұйымдастыру. Құпия жұмыстары мен құжаттарды жүргізуге рұқсат берілген қызметкерлерге нұсқама беру. Жүйелі түрде, құпия құжаттарды салыстырып, тексеруді ұйымдастыру, құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік құпияларды қорғауға байланысты,  қызметтік тексерулер жүргізу фактілері бойынша мемлекеттік құпияларды жария ету, оны тасымалдаушыларының жоғалуы және басқа да құпиялық режимін бұзу деректері бойынша қызметтік тексеріс жүргізу, қорытындылар дайындау, сараптамалық бағалау тәртібін жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Бөлімнің жұмысын жоспарлау және жалпы басшылық ету, бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер шеңберін анықтау. Басшылық тапсырмаларының сапалы орындалуын ұйымдастыруды жүзеге асыру. Бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ұсыныстарды  Департамент басшылығының қарауына шығаруды жүзеге асыру. Бөлімінің жұмысын оңтайлы ұйымдастыру. Бөлім қызметкерлерінің қызметіне  әдістемелік басшылықты жүзеге асыру. Бөлімге келіп түсетін құжаттардың жедел қаралуын қамтамасыз ету, , Департамент басшылығымен өткізілетін кеңестерге қатысу.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 09.01.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.01.2023 – 18.01.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Mb

Сұхбаттасу күні

23.01.2023

Сұхбаттасу орны

Абай облысы, Семей қаласы, Шымкент көшесі, 2. әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.

Анықтама алу үшін байланыс

Абай облысы бойынша ЭТТД Әкімшілік басқармасының бас маманы

Баекенова Салтанат Бейбітқызы

8-747-789-9209