Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кинологиялық орталығы Қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастыру бөлімінің бас маманы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
Алматы қаласы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының Заңнамасын, "Қазақстан - 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Компьютерде Microsoft office, Microsoft Excel, Power Point бағдарламаларының стандартты пакетімен жұмыс істей білу.
Функционалды міндеттер
Кинологиялық орталық бюджетінің атқарылуын жоспарлау және бақылау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру, тауар-материалдық құндылықтар мен активтердің бухгалтерлік есебін жүргізу, бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес есептілікті жасау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру, Бухгалтерлік есеп және есептілік деректері бойынша Кинологиялық орталықтың Қаржы - шаруашылық қызметіне талдау жасауға қатысу, негізгі құралдар мен тауарлардың сақталуын қадағалау- өз құзыреті шегінде Е-минфин, Е-қызмет, 1-С жүйесі бойынша бухгалтерлік есеп жүргізу; бөлімде ОДО бағдарламасы бойынша іс қағаздарын жүргізу және бастапқы құжаттарды жинау; бөлім желісі бойынша хаттамалық қамтамасыз ету, есеп жүргізу және іс қағаздарын жүргізу (материалдарды дайындау, іс қағаздарын жүргізу Мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастыру және оған қатысу, түгендеуді ұйымдастыру және жүргізу, кинологиялық орталыққа шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; шаруашылық мүкәммалдың сақталуын, сондай-ақ үй-жайларда және іргелес аумақта тазалықтың сақталуын қамтамасыз етеді; үй-жайлардың жай-күйін бақылайды және оларды уақтылы жөндеу жөнінде шаралар қабылдайды; қызмет көрсетуші персоналдың жұмысын ұйымдастырады: жұмысшылар, тазалаушылар, слесарлар және т.б.; бөлімшелерді шаруашылық мүкәммалмен қамтамасыз етеді, олардың сақталуын және уақтылы жөндеу жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады; кинологиялық орталықты материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қатысу, КО объектілерін, ғимараттары мен құрылыстарын, инженерлік желілері мен коммуникацияларын күрделі және ағымдағы жөндеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру; КО-да техниканың, шаруашылық мүкәммал мен жабдықтың, автокөлік құралдарының, инженерлік желілер мен коммуникациялардың үздіксіз және авариялық жұмысынсыз іс-шараларды жүзеге асыру; қызметтер көрсетуге, қажетті шаруашылық материалдар мен мүкәммалды алуға және сақтауға шарт жасасу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуді ұйымдастырады, олардың бөлімшелерін қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың жұмсалуын есепке алуды жүргізуді және белгіленген есептілікті жасауды қамтамасыз етеді, КО және Агенттік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды.
ҚР ҚМА КО штаттық кестесіне сәйкес бұл лауазым "В" функционалдық блогына жатады, (грейд 4).
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.sebesh@afmrk.gov.kz
- Алматы қ. Красногорская к. 53
-
8-727-290-34-53