Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кинологиялық орталығы Оқу үрдісін ұйымдастыру бөлімінің бас маманы (кинолог) оқытушысы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
Алматы қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Археология және этнология
- Шығыстану
- Түркітану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Әлеуметтану
- Психология
- Аймақтану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық байланыс
- Биотехнология
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Аңшылықтану және аң шаруашылығы
- Жаратылыстану ғылымдары: химия
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
- Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған Тестілеу бағдарламасындағы нормативті құқықтық актілерін білуі, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Компьютерде Microsoft office, Microsoft Excel, Power Point бағдарламаларының стандартты пакетімен жұмыс істей білу.
Функционалды міндеттер
Оқу-материалдық базаны дайындауды ұйымдастыру, техникалық құралдарды дұрыс пайдалану, оқу және әдістемелік жұмысты жүргізу, есірткі құралдарын, жарылғыш заттар мен қаруды, валютаны, туындыларды іздеуге қызметтік иттерді қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдарды, дәріс материалдарын әзірлеу, қызметтік-іздестіру иттерін қолдана отырып, көлікте, багажда және басқа да объектілерде жасыру орындарын анықтау тактикасы бойынша әдістемелік құралдарды әзірлеу, құқық қорғау органдарының кинологиялық қызметтерінің қызметкерлерімен теориялық және практикалық сабақтар, КО-да алдын-ала даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өту, кинолог-мамандарды даярлау әдістемесін және есірткі құралдарының, жарылғыш заттардың, қару-жарақ пен валютаның заңсыз айналымына қарсы күресте қызметтік-іздестіру иттерін қолдану тактикасын жетілдіру; бойынша бекітілген қызметтік иттерді даярлау және үйрету, есептерді дайындау, бөлім желісі бойынша есептілікті жүргізу және іс жүргізу, кинология желісі бойынша тренингтер, семинарлар ұйымдастыру және өткізу, КО және Агенттік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды.
ҚР ҚМА КО штаттық кестесіне сәйкес бұл лауазым "А" функционалдық блогына жатады, (грейд 5).
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.sebesh@afmrk.gov.kz
- Алматы қ. Красногорская к. 53
-
8-727-290-34-53