Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кинологиялық орталығы қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастыру бөлімінің басшысы-бас бухгалтері

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасының Заңнамасын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Компьютерде Microsoft office, Microsoft Excel, Power Point бағдарламаларының стандартты пакетімен жұмыс істей білу.

Функционалды міндеттер

Бөлім қызметін жалпы басқару және үйлестіру, Бөлім жұмысының қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларын жасау, КО бюджетінің атқарылуын жоспарлау және бақылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, бюджеттік заңнама талаптарына сәйкес есептілікті жасау, бөлім бағыты бойынша есептілікті және іс жүргізуді жүргізу, есептеулер мен төлемдерді жүзеге асыру, есеп айырысуларды жүргізу, бухгалтерлік есеп және есептілік деректері бойынша КО Қаржы - шаруашылық қызметін талдау; КО қызметін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің нормативтік құқықтық актілері мен тапсырмаларын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру; осы лауазымның мамандануына сәйкес өзге де функциялар.

Сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру үшін кезекті қаржы (бюджет) жылына бөлінген қаражатты ескере отырып, сатып алу жөніндегі жылдық жоспарлардың жобаларын әзірлеу және бекітуге дайындау; конкурстық (баға) комиссияның құрамында сатып алуға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге, сатып алуға арналған конкурстарды немесе баға ұсыныстарын сұрату рәсімдерін өткізуге, бір көзден сатып алудың конкурстық парағын ресімдеуге, белгіленген талаптарға сәйкес қажетті конкурстық (өзге де құжаттар түрлерін) ресімдеуге қатысу; ЭШФ сайтында мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты уақтылы орналастыруды қамтамасыз ету; мемлекеттік сатып алу саласында шарттарды жасауды жүзеге асыру; шарттық міндеттемелердің уақтылы орындалуына бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік сатып алу желісі бойынша жоспарлар мен есептерді жасау; үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімді және Мемлекеттік сатып алу жоспарын жасау; сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік басқару органдарымен, өзге де ұйымдармен өзара;

Лауазымға тағайындау туралы ұсыныс енгізу, материалдық-техникалық және заттай қамтамасыз ету жұмысын дұрыс ұйымдастыру, ақшалай қаражаттың тиімді және мақсатты пайдаланылуын бақылау, Негізгі құралдар мен материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуді қадағалау, бөлімнің лауазымды тұлғалары арасында міндеттерді бөлу. Өз құзыреті шегінде бухгалтерлік есепті тұтастай, сондай-ақ Е-Қаржымин, Е-қызмет, БҚА жүйесі бойынша ұйымдастыру және жүргізу, жүктелген міндеттердің орындалуына және бөлімнің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап береді, КО және Агенттік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды.

ҚР ҚМА КО штаттық кестесіне сәйкес бұл лауазым "В" функционалдық блогына жатады (грейд 5).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 15.12.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.12.2022 – 27.12.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 50 мб

Сұхбаттасу орны

Алматы қ. Красногорская к. 53

Анықтама алу үшін байланыс

8-727-290-34-53