
Құрметті азаматтар және үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері!
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2-қарашадағы Заңының 8-бабына және Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге (АҚДМ 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген) сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі-Агенттік) Қоғамдық кеңестің Резервтік тізімін қалыптастыру бойынша жұмыс тобының отырыстарына қатысу үшін қадағалаушылар тізімін қалыптастыру туралы хабарлайды.
Жұмыс тобының отырыстарына қатысуға үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын, дауыс беру құқығы жоқ байқаушыларға рұқсат етіледі.
Қызығушылық танытқан жағдайда 2021 жылғы 15 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 2-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша Қоғамдық кеңестің Резервтік тізімін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтініш жолдауды сұраймыз.
Құжаттар 2021 жылғы 15 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: 010000, Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көш., 10, немесе электронды адреске: Zh.alashbaeva@afmrk.gov.kz
Барлық сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласа аласыз: 8 775 529 55 82.
Құқықтық актілерге сілтемелер:
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1500000383
Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереже
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100022264