АФМ

Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңестің резервтік тізімін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамын іріктеу бойынша конкурс туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті азаматтар және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері!
          «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2-қарашадағы Заңының 8-бабына және Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге (АҚДМ 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген) сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі-Агенттік) әрі қарай Агенттік жанындағы Қоғамдық кеңестің Резервтік тізімінің құрамын қалыптастыратын  жұмыс тобының мүшелерін конкурстық іріктеуді жариялайды.

          Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде келесі құжаттарды тапсырады:

  • Үлгілік ережеге 1-қосымшағасәйкес нысан бойынша кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы азаматтың өтініші;
  • кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;
  • кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
    Құжаттар 2021 жылғы 15 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: 010000, Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көш., 10, немесе электронды адреске: Zh.alashbaeva@afmrk.gov.kz
    Барлық сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласа аласыз: 8 775 529 55 82.

Жұмыс тобының сандық құрамы – 3 адам.

Құқықтық актілерге сілтемелер:
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1500000383
Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереже
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100022264

Дата публикации
30 ноября 2021
Дата обновления
30 ноября 2021
Тип
Қоғамдық кеңес

Сейчас читают

Ақпарат
10 августа 2026
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша Экономикалық тергеу қызметімен тергеу жүргізілген заңды тұлғалар және жеке тұлғалар туралы мәліметтердің тізілімі
Ақпарат
11 февраля 2026
  Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша Экономикалық тергеу қызметімен тергеу жүргізілген заңды және жеке тұлғалар туралы мәліметтердің тізілімі
26 июня 2025
«АФМ Online 2025: XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты ауқымды форум

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы