АФМ

Меню

Страницы

Статья

АФМ жанындағы Қоғамдық кеңес өкілдері қоғаммен өзара іс-қимыл принциптерін талқылады

2021 жылғы 3 шілдеде Қаржылық мониторинг агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелері Эстонияның халықаралық сарапшысы Андрес Анвельттің қатысуымен өткен қоғамдық кеңестер мүшелерінің әлеуетін арттыруға бағытталған тренингке қатысты.

Тренингті ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі АҚШ Халықаралық даму агенттігімен (USAID) бірлесіп, ұйымдастырды.

Қоғамдық кеңес өкілдері тренингте халықаралық нормалар мен талаптарға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қоғаммен өзара іс-қимылына мынадай қағидаттарға ерекше назар аударылғанын атап өтті:

  • қоғамдық қатысу құрылымдарын құру және қолдау;
  • шешімдер қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;
  • еркін қол жетімділікті қамтамасыз ету;
  • тең өкілдікті қамтамасыз ету.

ҚМА жанындағы Қоғамдық кеңестің қызметі мен негізгі құжаттарында Агенттікпен шешімдерді талқылау және қабылдау кезінде мүдделердің білдірілуіне және жұртшылықтың пікірін ескеруге, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты қоғамдық маңызы бар мәселелер мен нормативтік құқықтық актілер бойынша Агенттікке өтініштер мен ұсыныстар енгізу құқығына кепілдік бере отырып, жоғарыда көрсетілген қағидаттар толыққанды көрініс табады.

Тренинг қорытындысы бойынша қатысушылар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде жүргізіліп жатқан жұмыстың мақсаттары мен одан әрі даму бағытын анықтады.

Дата публикации
03 июля 2021
Дата обновления
03 июля 2021
Тип
Қоғамдық кеңес

Сейчас читают

Ақпарат
10 августа 2026
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша Экономикалық тергеу қызметімен тергеу жүргізілген заңды тұлғалар және жеке тұлғалар туралы мәліметтердің тізілімі
Ақпарат
11 февраля 2026
  Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша Экономикалық тергеу қызметімен тергеу жүргізілген заңды және жеке тұлғалар туралы мәліметтердің тізілімі
26 июня 2025
«АФМ Online 2025: XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты ауқымды форум

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы