
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Кинологиялық тәлімбағында АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігі жанындағы Есірткіге қарсы халықаралық күрес және заңдылықты сақтау бөлімінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу қызметтік иттерді пайдалана отырып, тыйым салынған заттардың контрабандасының жолын кесу бойынша халықаралық ынтымақтастық шеңберінде өткізілді.
2017 жылы ҚР-дағы АҚШ Елшілігінің өкілдері Австрия полициясының Кинологиялық орталығында өсірілген және дайындалған қызметтік-іздестіру итін ЭТД-ға ақысыз негізде берген болатынын атап өткен жөн.
Түркістан облысы бойынша ЭТД жыл басынан қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен шекара маңындағы кеден бекеттерінде есірткі бизнесімен айналысқан 8 адамды анықтады. Оның 5-і сотталды.
Есірткіге қарсы халықаралық күрес және заңдылықты сақтау бөлімі есірткі заттарының контрабандасына қарсы күрес мәселелері бойынша ЭТД Кинологиялық тәлімбағына алдағы уақытта да көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі