
2022 жылғы 22 ақпандағы №13 «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» бұйрығы бойынша күдікті операцияны айқындау белгілері:
|
№ |
Күдіктің коды |
Күдікті операцияны айқындау белгілері |
|
1. Жалпы белгілер |
||
|
1 |
1035 |
Клиент ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлейтін топтың (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген (тұрады) не осы мемлекетте тіркелген (тұратын) тұлғалардың қатысуымен, сол сияқты осы мемлекетте (аумақта) тіркелген банктегі шотты пайдалана отырып, жүйелі түрде (екі және одан да көп рет) операциялар жасайды |
|
2 |
1040 |
Қайырымдылық ұйымдардың (қорлардың) қатысуымен ақшамен және/немесе өзге мүлікпен операциялар жасау (салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, айыппұлдар мен өсімпұлдарды, зейнетақыны және әлеуметтік аударымдарды, мүшелік жарналарды, коммуналдық төлемдерді, міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеумен байланысты операцияларды қоспағанда) |
|
3 |
1041 |
Қайырымдылық ұйымдардың (қорлардың) шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдік азаматтардан ақша қаражатын және (немесе) өзге де мүлікті алу жөніндегі операция |
|
4 |
1048 |
Клиенттің оффшорлық аймақта ашылған банктік шотқа өз қаражатын ірі мөлшерде жүйелі түрде (екі және одан да көп рет) аударуы |
|
5 |
1049 |
Валюталық шартта резиденттің тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) экспорты не салық салудың жеңілдікті режимін беретін және (немесе) қаржы операцияларын жүргізу кезiнде ақпаратты ашу мен берудi көздемейтiн мемлекетте немесе аумақта (оффшорлық аймақ) тіркелген бейрезиденттің пайдасына тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) импорты бойынша төлемдер көзделген |
|
6 |
1050 |
Клиенттің операция (мәміле) кезінде қатысатын үшінші тұлғаның және/немесе тұлғалардың басшылығымен операция (мәміле) жүргізуі |
|
7 |
1051 |
Сот шешімі бойынша терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғаның (міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарындағы операцияларды қоспағанда) операциялар (мәміле) жасауы |
|
8 |
1052 |
Клиенттің осы операция (операциялар) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға бағытталды деп пайымдауға негіз туындаған операцияны (операцияларды) жасауы |
|
9 |
1053 |
Резиденттің бейрезидентке тауарларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) шартын орындамағаны үшін немесе егер тұрақсыздық айыбының мөлшері жеткізілмеген тауарлардың (орындалмаған жұмыстардың, көрсетілмеген қызметтердің) сомасының он пайызынан асқанда шарт талаптарын бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын (өсімпұл, айыппұл) төлеуге байланысты аударымдары |
|
10 |
1054 |
Клиенттің шотына ірі сомада ақшаның түсуі және қаражатты кейіннен қолма-қол ақшаға айналдыру, бұл ретте алушының мемлекеттік ресімдеу күнінен бір жылдан аз уақыт өткен операциялар бойынша болмашы айналымы бар |
|
11 |
1055 |
Клиенттің шотына ірі сомадағы ақшаның түсуі, бұл ретте алушы бюджетке салықтарды немесе басқа да міндетті төлемдерді төлеуді жүзеге асырмайды немесе болмашы мөлшерде жүзеге асырады не екінші деңгейдегі банктерде несиелер бойынша берешегі бар (Қазақстан Республикасында тіркелмеген резидент емес субъектілерді қоспағанда) |
|
12 |
1056 |
Клиенттің шотына ақшаны жүйелі түрде (екі және одан да көп рет) бірдей көлемде салу және есептен шығару, бұл ретте қаржы мониторингі субъектісінің осы операция және/немесе операциялар қаржы пирамидасы қызметімен байланысты деп пайымдауына негіздер туындайды |
|
13 |
1057 |
Заңды тұлғалардың және/немесе жеке кәсіпкерлердің шоттарынан жеке тұлғалардың пайдасына дивидендтер немесе пайда ретінде жүйелі түрде ірі көлемде ақшаны аудару |
|
14 |
1058 |
Гранттар, қаржылай көмек, қарыз немесе өтеусіз көмек ретінде, оның ішінде арасында іскерлік ынтымақтастық жоқ бейрезиденттердің қатысуымен ірі көлемде ақшаны аудару, коммерциялық емес ұйымдардың аударымдарын қоспағанда |
|
15 |
1067 |
Клиенттің сомасы жеке алғанда қаржы мониторингіне жататын операциялардың шекті сомасынан аспайтын, бірақ қосу нәтижесінде шекті сомадан асатын, қысқа уақыт аралығында ақшамен ұқсас операцияларды (клиенттің қызметі халыққа қызмет көрсетумен, міндетті алыммен немесе ерікті төлемдермен байланысты болмаған жағдайда) бірнеше рет (екі және одан да көп рет) жүргізуі |
|
16 |
3001 |
Терроризмді қаржыландыру тәуекелі жоғары елге (елден) ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасау |
|
17 |
3002 |
Коммерциялық емес ұйымдардың қатысуын қоспағанда, қайырымдылық қызметімен және (немесе) өзге де қайырмалдықпен байланысты ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасау |
|
18 |
3003 |
Діни бірлестіктердің (қорлардың) қатысуымен ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасау (салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, айыппұлдар мен өсімпұлдарды, зейнетақыны және әлеуметтік аударымдарды, мүшелік жарналарды, коммуналдық төлемдерді, міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеумен байланысты операцияларды қоспағанда) |
|
19 |
3004 |
Клиенттің осы операция (операциялар) терроризмді және (немесе) экстремизмді қаржыландыруға бағытталған деп пайымдауға негіз туындаған операцияны (операцияларды) жасауы |
|
20 |
7002 |
Егер бұл клиенттің қызметіне жатпаса, химиялық, биологиялық және ядролық қаруға және олардың құрауыштарына жататын заттарды сатып алуға-сатуға, тасымалдауға, дайындауға, сақтауға және өткізуге байланысты ақшамен және өзге де мүлікпен жасалатын операциялар |
|
21 |
7003 |
Егер бұл клиенттің қызметіне жатпаса, әскери мақсаттағы заттарды, дәрі-дәрмекті сатып алуға-сатуға байланысты ақшамен және өзге де мүлікпен жасалатын операциялар. |
|
22 |
7004 |
Егер бұл клиенттің қызметіне жатпаса, дәрілік препараттарды ғана емес, сонымен қатар улы және күшті әсер ететін басқа да синтетикалық және табиғи заттарды да қамтитын заттарды сатып алуға-сатуға байланысты ақшамен және өзге де мүлікпен жасалатын операциялар |
|
23 |
7006 |
Қаржы мониторингі субъектісінің ішкі рәсімдеріне сәйкес қызметі, операциялары не оларды жасауға әрекеттенуі күдікті деп танылған клиенттер |
|
24 |
8002 |
Қаржы мониторингінің субъектісінде операцияның терроризмді қаржыландыруға бағытталғаны туралы күдік туындатқан күдікті операцияны жасауға әрекеттену |
|
25 |
1101 |
Шарт (шарттар) бойынша тарап болып табылмайтын бейрезиденттің пайдасына тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) импортына шарт (шарттар) бойынша ақша төлеу және аудару |
|
26 |
1103 |
Клиентке қызметiнiң түрiне сәйкес келмейтiн жұмыстар мен қызметтер үшiн және қаржы мониторингі субъектiсiндегі деректер бойынша бұрын сатып алынбаған (өндiрiлмеген немесе импортталмаған) тауар үшiн ақша түсу, бұл ретте клиенттің өткен және ағымдағы жыл үшін төлеген салық сомасы түскен ақша сомасына 1%-дан аз |
|
27 |
1107 |
Ірі сомаға ұялы байланыстың абоненттік нөмірінің балансын шешу бойынша операциялар, бұл ретте абонент толтырған соманы байланыс қызметтеріне пайдаланбайды |
|
28 |
1108 |
Анонимді иеленушіге ашылған шоттарға (салымдарға) төлем жүйелері мен мобильді қосымшалар (оның ішінде электрондық әмияндар) арқылы жүргізілетін ірі сомадағы операциялар, анонимді иеленушіге ашылған шоттарға (салымдарға) шетелден ақша түсу |
|
29 |
1109 |
Консалтингілік қызметтер (бухгалтерлік және салықтық есепке алу бөлігінде) ұсыну барысында анықталған салық төлеуден жалтаруға, бюджет қаражатын және өзге де мүлікті жымқыруға, жалған шот-фактураларды жазып беруге, құжаттарды қолдан жасауға бағытталған операциялар |
|
30 |
1131 |
Лауазымды адамның; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамның, Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жария лауазымды адамдардың тізбесіне кіретін жария лауазымды адамның, олардың жұбайлары мен жақын туыстарының шетелге ірі ақша сомасын банк шотына, оның ішінде банк шотына аудару жөніндегі операциялары жылжымайтын мүлікті сатып алу |
|
31 |
1111 |
Операцияға қатысушыларда ақшалай талаптың бар екендігін куәландыратын жалған құжаттарды, атқарушылық жазбаларды (операцияға қатысушылар арасындағы шартты, тауардың (жүкқұжаттардың, актілердің), шот-фактуралардың) жеткізілгенін растайтын құжаттарды) ұсынуға күдік бар операциялар |
|
32 |
8015 |
Заңның 12-бабының 8-1-тармағына сәйкес операцияны жүзеге асыру үшін Заңның 12-бабы 4-тармағының 7) тармақшасында көзделген негіздер бойынша терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның өтініші |
|
33 |
8017 |
Заңның 13-бабы 1-1-тармағында көзделген ақшамен немесе өзге мүлікпен операцияны тоқтатып қою жөніндегі қабылданған шаралар туралы субъект тиісті шешім қабылдаған күннен кейінгі жиырма төрт сағаттан кешіктірмей хабарлау |
|
34 |
8018 |
Қазақстан Республикасының Президенті, олардың жұбайлары мен жақын туыстары бекітетін жария лауазымды адамдардың тізбесіне кіретін жария лауазымды адамның, сондай-ақ лауазымды адамның; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның; егер бар болса, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамның бастапқы депозитін 50 000 000 теңгеден астам енгізе отырып, шот ашу ақпарат қаржы көзін анықтауға мүмкіндік бермейді (бұл қаражат ағындарын жасыру үшін кірістерді жылыстату схемасын қолдануды көрсетуі мүмкін) |
|
35 |
0806 |
Қаржы мониторингі субъектілері клиенттерінің өз типологияларына, схемаларына, кірістерді жылыстату/терроризмді қаржыландыру тәсілдеріне сәйкес келетін операциялары |
|
2. Төлемдер, ақша аударымдары және пошта байланысы бойынша қызметтер көрсету кезінде |
||
|
36 |
1011 |
Экспорт немесе импорт келісімшарттары бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуді және/немесе құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауды көздейтін келісімшарттарды қоспағанда) резиденттің 360 (үш жұз алпыс) күннен асатын репатриация мерзімін көрсетуі |
|
37 |
1017 |
Есеп айырысуды жүргізу тәртібі бойынша қалыптасқан іскерлік практикадан өзгеше, стандартты емес немесе әдеттегіден күрделі нұсқаулықтардың болуы |
|
38 |
1059 |
Клиенттің консалтингілік, маркетингтік, консультациялық, зерттеу немесе материалдық емес сипаттағы өзге де қызметтерді көрсету бойынша мәмілелер шеңберінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің қатысуымен тұрақты түрде ақша аударуы (алуы) |
|
39 |
1060 |
Салық төлемей есеп айырысулар өтетін жұмыстардың, қызметтердің импорты және зияткерлік меншіктің (маркетингтік, консультациялық, жарнамалық, зерттеу қызметтері немесе бағдарламалық қамтамасыз ету қызметтері) нәтижесі туралы шарттар бойынша бейрезиденттердің шоттарына клиенттің тұрақты түрде ақшалай қаражат аударуы |
|
40 |
1061 |
Қазақстан Республикасының аумағына тауардың нақты түсуін көздемейтін не Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауар өткізуді көздемейтін тауарлардың импортына арналған шарт бойынша Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің пайдасына ақша төлеу және аудару |
|
41 |
1062 |
Клиентке банк шоттарын ашпай, оның ішінде электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып, жеке тұлғалардан ақша аударымдарының тұрақты түрде түсуі, кейіннен оларды шешіп алу немесе шетелге, оның ішінде офшор юрисдикцияға аудару, бұл ретте операцияны қаржы пирамидасының қызметімен байланысты деп пайымдауға негіз бар |
|
42 |
7001 |
Клиентте қаржы саласындағы қызметті және (немесе) қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия болмаған кезде жеке тұлғалардан ақша және (немесе) өзге де мүлік тартумен байланысты төлемдер мен аударымдар |
|
43 |
7008 |
Банктік шот ашпай-ақ, шетелге оларға қатысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында жасалды деп ұйғаруға негіз туындайтын жүйелі (екі және одан да көп рет) ақша аударымдары |
|
44 |
7011 |
Интернет-сауда саласында клиенттің қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда, клиенттің пайдасына ірі мөлшерде электрондық ақша пайдаланылған төлемдердің түсуі не бірнеше рет (үш және одан да көп рет) электрондық ақша пайдаланылған төлемдердің түсуі |
|
45 |
7012 |
Клиенттің пайдасына электрондық ақшаның сәйкестендірілмеген иелерінен электрондық ақша пайдаланылған төлемдердің жиі (үш және одан да көп рет) түсуі (салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу, коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтеріне, телерадиохабарларын тарату қызметтеріне ақы төлеу бойынша төлемдерді қоспағанда) |
|
46 |
1095 |
Бір немесе бірнеше заңды тұлғаның бір немесе бірнеше жеке тұлғаның атына ірі мөлшерде бірнеше рет (екі рет немесе одан көп) пошталық ақша аударымдарын жүзеге асыруы, бұл ретте аударымдардың сипаты заңды тұлғаның коммерциялық қызметіне тән емес |
|
47 |
1096 |
Жіберушілер мен алушының арасында туыстық байланыстың айқын белгілері болмаған кезде, бірнеше жіберушіден (жеке тұлғалардан) бір алушының атына ірі мөлшерде пошталық ақша аударымдарын жүзеге асыру бойынша бірнеше мәрте (екі және одан да көп рет) жүргізілетін операциялар |
|
48 |
1097 |
Бір тұлғаға берілген сенімхат бойынша бірнеше алушыға (жеке тұлғаларға) жіберілген пошталық ақша аударымдарын қысқа уақыт аралығында бірнеше мәрте (екі және одан да көп рет) төлеу, бұл ретте аударымдардың мөлшері әдеттегі іскерлік айналымға және (немесе) төлемнің мақсатына сәйкес келмейді |
|
49 |
7014 |
Егер қолда бар ақпарат қаржы қаражатының көзін айқындауға мүмкіндік бермесе, Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жария лауазымды адамдардың, олардың жұбайлары мен жақын туыстарының тізбесіне кіретін жария лауазымды адамның тауарларды импорттауға арналған шарт бойынша Қазақстан Республикасы резидент еместерінің пайдасына жүйелі төлемдері мен ақша аударымдары |
|
3. Банктік қызмет көрсеткен кезінде |
||
|
50 |
1019 |
Егер клиенттің негізгі қызметі әдетте қолма-қол ақшасыз нысанда есеп айырысу болып табылса, заңды тұлға-клиенттің шотына түсетін қолма-қол ақша үлесінің айтарлықтай* ұлғаюы |
|
51 |
1063 |
Қазақстан Республикасының Президенті, олардың жұбайлары мен жақын туыстары бекітетін жария лауазымды адамдардың тізбесіне кіретін жария лауазымды тұлға болып табылатын клиенттің; лауазымды адамның; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамның, егер қолда бар ақпарат Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жария лауазымды адамдардың тізбесіне кіретін ірі мөлшерде кредитті мерзімінен бұрын өтеуі қаржы көзі |
|
52 |
1064 |
Ақша енгізгеннен кейін қысқа кезең аралығында оны банк шотынан (шоттарынан) шешіп алу, бұл ретте клиенттің өткен және ағымдағы жылға төлеген салықтарының шешіп алынған ақша сомасына қатынасы 1%-дан аз және күнтізбелік ай ішінде шешіп алынған сома 50 000 000 теңгеден асады (Ауылшаруашылығы өнімдерін, металл сынықтарын сатып алумен айналысатын клиенттер кірмейді) |
|
53 |
4013 |
Клиенттің (заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің) мемлекеттік мекемеден немесе ұлттық компаниядан құрылыс саласында өзара есеп айырысу бойынша банк шотына 50 000 000 теңгеден астам сомада ақшаның түсуі кейіннен шешіп алу не бір операциялық күн ішінде немесе одан кейінгі күн ішінде өзге клиенттердің, оның ішінде онымен аффилиирленген тұлғалардың немесе үшінші тұлғалардың банк шоттарына соманың барлығын немесе көп бөлігін аудару, оның ішінде трансшекаралық аудару |
|
54 |
7013 |
Клиент пен мұндай тұлғалардың қызметі арасында анық байланыс болмаған жағдайда үшінші тұлғалардың пайдасына ашылатын (ашылған) депозиттерге клиенттің тұрақты түрде* қолма-қол ақша есепке салуы |
|
55 |
3006 |
Жынысына қарамастан, діншілдіктің сыртқы белгілері бар ақша жіберушінің кіріс көздерін анықтау рәсімін өтуден бас тартуы |
|
56 |
8012 |
Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның Заңның 12-бабы 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жалақы және еңбек демалысының төлемақысын алу операциясын жүзеге асыру үшін өтініші |
|
57 |
8013 |
Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғаның банктік шотына Заңның 13-бабы 1-1-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес ақша салу |
|
58 |
8014 |
"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 12-1-бабының 5-тармағына сәйкес операцияны жүзеге асыру үшін жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның өтініші |
|
59 |
1065 |
Уәкілетті ұйымның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларымен қабылданған халықаралық санкциялар (эмбарго) қолданылатын мемлекетте (аумақта) тіркелген (тұратын) шетелдік банкте ашқан банктік шотына меншікті қаражатты аудару |
|
60 |
1066 |
Бейрезидентке сыйақы төлемей жеті жүз жиырма күннен асатын мерзімге қаржылық қарыз беру |
|
61 |
1068 |
Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жария лауазымды адамдардың тізбесіне кіретін жария лауазымды адамдардың, олардың жұбайларының және жақын туыстарының шетелде ашқан өздерінің банк шотына ақша аударымдарын жүзеге асыруы немесе шетелде жылжымайтын мүлік сатып алуы |
|
62 |
1069 |
Алдын ала төлеу жағдайында осындай шарттарда белгіленген мерзімде тауарларды жеткізу (валютаны репатриациялау мерзімін ұзарту) болмаған не басқа сыртқы экономикалық шарттар бойынша бейрезиденттің өз міндеттемелерін орындамағаны туралы ашық көздерден алынған ақпарат болған жағдайда сыртқы экономикалық келісімшарттар бойынша есеп айырысулар жүргізу |
|
63 |
1070 |
Корреспондент банк клиенттің төлемін орындудан бас тартты немесе операцияны аяқтау үшін мәліметтер, түсініктемелер немесе құжаттар беру туралы сұрау салу жіберді |
|
64 |
1071 |
Қазақстан Республикасының аумағынан тауарды "уақытша әкетумен" байланысты айтарлықтай* сомаларды шетелге аудару (жөндеу жұмыстарын жүргізу және сервистік қызмет көрсету үшін) |
|
65 |
1072 |
Ақшаны алу оның түскен күнінен бастап қысқа мерзімде корпоративтік карталар арқылы тұрақты негізде* жүргізіледі |
|
66 |
1073 |
Уәкілетті ұйымның Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген (тұратын) шетелдік банкте ашқан банктік шотына меншікті қаражатты аудару |
|
67 |
1112 |
Қазақстан Республикасының банкінде (банктерінде) қызмет көрсетуде репатриациялау мерзімі 360 күннен (үш жүз алпыс) күннен асатын импорт бойынша өзге келісімшарты (өзге келісімшарттар) бар резидент жүзеге асыратын импорт бойынша валюталық шарт бойынша алдын ала төлем (Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуді және/немесе құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауды көздейтін келісімшарттарды қоспағанда) |
|
68 |
1113 |
Егер соңғы 5 (бес) жыл ішінде резидент не оның үлестес тұлғасы репатриациялау мерзімі (бастапқыда немесе ұзарту нәтижесінде) 360 (үш жүз алпыс) күннен асып кеткен және осы шарттар бойынша ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабы орындалмаған (толық орындалмаған) экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарттардың қатысушылары болып табылған жағдайда 360 (үш жүз алпыс) күннен асқан не валюталық шарттар бойынша өтелмеген берешек бар резидент жүзеге асыратын импорт бойынша валюталық шарт бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары |
|
69 |
1132 |
Егер тиісті валюталық Шарттың талаптарында резидент еместен алынуға жататын ақшаны резиденттің банктік шоттарына аударуды жүзеге асыру көзделмесе, резиденттің резидент еместен қаржылық қарыз алуы не резиденттің резидент еместен қаржылық қарыз беруі (Қазақстан Республикасында құрылған банктерде ашылған, сондай-ақ шетелдік банктердің Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын филиалдарында) |
|
70 |
1134 |
Ел аумағында шетелдік банк карталарынан ақша қаражатын алу жөніндегі операциялар |
|
71 |
1135 |
Бір тұлғаға бірнеше резидент еместерден, оның ішінде шетелден қаражат алу |
|
72 |
1136 |
Резидент еместердің шетелдік банк карталарынан ел резиденттерінің банк карталарына ақша қаражатын аудару жөніндегі операциялар |
|
74 |
1137 |
Жеке сейфті (банк ұяшығын) жалға алу шартының қолданылу мерзімі 12 айдан асатын мерзімге, шартты (банк ұяшығын) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жария лауазымды адамдардың, олардың жұбайлары мен жақын туыстарының тізбесіне кіретін жария лауазымды адамның, лауазымды адамның; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген адамның мерзімінен бұрын бұзуы |
|
75 |
7040 |
3 ай ішінде 21 жасқа толмаған жеке тұлғаның 10-нан астам төлем картасын шығару (қайта шығару) немесе 10-нан астам электрондық әмиянын ашуы |
|
76 |
7041 |
Жеке тұлғалардың "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істемейтін цифрлық активтер биржасының атына электрондық ақшаны жүйелі түрде есепке алуы немесе жеке тұлғалардың шоттарына криптобиржалар шоттарынан қаражат алу (криптовалюталарды сату) ақша қаражаты есірткінің заңсыз айналымынан түскен қылмыстық кірістерді заңдастыруға бағытталған деп пайымдау |
|
77 |
7042 |
Төлем карталарының шоттарына ұқсас соманы есепке алу және жеке тұлғаның шотынан қысқа уақыт ішінде қосу нәтижесіне есептен шығару жөніндегі операцияны жүйелі жүргізу Заңның 4-бабы 1-тармағының шекті сомасынан (3) тармақшасынан) асады. заңды тұлғалардың және (немесе) дара кәсіпкерлердің пайдасына төлемдер болмаған кезде, сондай-ақ клиенттің қызметі Халыққа қызмет көрсетумен, міндетті немесе ерікті төлемдерді жинаумен, жеке табыс салығы бойынша есептеудің болмауымен байланысты емес) бұл ретте қаржы мониторингі субъектісінде бұл операция есірткі құралдарының , сатылатын психотроптық заттардың заңсыз айналымымен байланысты деп пайымдауға негіз болады типологияға сәйкес интернет-дүкен арқылы. (ФМ-1 нысанының 3.14 деректемесінің қосымша ақпаратын міндетті түрде толтыра отырып) |
|
4. Бағалы қағаздар нарығында қызметтер көрсету, зейнетақы қорларының қызметтер көрсетуі кезінде |
||
|
77 |
1099 |
Клиенттің не оның нұсқауы бойынша бағалы қағаздармен (қаржы құралдарымен) нәтижесінде осы бағалы қағаздардың (қаржы құралдарының) иеленушісі жіне/ немесе бенефициарлық меншік иесі өзгермейтін мәмілелер жасауы |
|
78 |
1074 |
Осы қағаздарға (қаржы құралдарына) ағымдағы нарықтық бағадан елеулі ауытқуы бар бағалар бойынша жасалатын бағалы қағаздарды (қаржы құралдарын) сатып алу және сату жөніндегі операциялар/мәмілелер. Нарықтық бағалар болмаған жағдайда – осы қағаздарды (қаржы құралдарын) соңғы сатып алу-сату мәмілелерінің бағасынан немесе акциялардың номиналды құнын қоспағанда, бағалы қағаздардың (қаржы құралдарының) номиналды құнынан ауытқу |
|
79 |
1075 |
Клиент бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушы болып табылмаған және (немесе) клиентке бағалы қағаздар клиенттің алдындағы контрагенттің берешегін өтеуге берілмеген жағдайда, бағалы қағаздардың (қаржы құралдарының) ұйымдасқан нарығында айналыста жоқ бағалы қағаздардың (қаржы құралдарының) көп мөлшерін (орналастырылған саннан 10% немесе одан асатын) клиенттің біржолғы сатуы (сатып алуы) |
|
80 |
7037 |
Шетелдіктің, не азаматтығы жоқ адамның, не шарт жасаған кезде шекті жасқа жеткен немесе соған жақындаған адамның атына жеке зейнетақы шотын аша отырып, оған кейіннен ерікті зейнетақы жарналары түрінде ірі сома аудару |
|
81 |
1076 |
Бағалы қағаздарды өткізуден түскен табыс бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында айналыстағы өтімділігі жоғары активтерді сатып алуға жіберілген жағдайда, белгіленімі жоқ және бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында айналыста жоқ бағалы қағаздарды кейіннен сатумен сатып алу бойынша қаржы операцияларын жүйелі түрде (екі және одан да көп рет) жүзеге асыру |
|
82 |
1102 |
Клиенттермен ірі сомаға өтімсіз құнды қағаздармен тұрақтылық операцияларды жүргізу |
|
5. Сақтандыру саласында қызметтер ұсынған және әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша операцияларды жүзеге асыру кезінде |
||
|
83 |
1077 |
Өмірді сақтандыру шартына сақтанушының сақтандырылушының, пайда алушының ауыстырылуына байланысты бірнеше рет өзгерістер (бес жылға дейін қолданылу мерзімімен) енгізу |
|
84 |
7026 |
Клиенттің ірі сомаға жасаған ерікті сақтандыру шартын ол жасалғаннан кейін шамалы уақыт аралығы өткен соң мерзімінен бұрын бұзып, сақтандыру сыйлықақысын, оның ішінде үшінші тұлғаның пайдасына қайтаруы |
|
85 |
1078 |
Төленетін сақтандыру сыйлықақысының сомасы сақтанушының төлем қабілетінен әлбетте асқан кезде жасалған жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін тиісінше ұлғайта отырып, сақтандыру сомасының мөлшерін өзгерту |
|
86 |
1098 |
Алып тастау |
|
87 |
1110 |
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға бағытталған операцияларға күдік болған жағдайда, әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша қызметтер көрсететін ұйымдардың медициналық қызметтер көрсету бойынша ақшалай қаражатты аударуы |
|
6. Нотариаттық қызметтер көрсету және жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде |
||
|
88 |
1079 |
Шарттың тиімсіз, экономикалық орынсыз талаптары бойынша қаржылық жалдау (лизинг) шартын жасасу (нотариустар) |
|
89 |
1080 |
Лизинг нысанасының сатушысы және лизинг алушы (қосалқы лизинг алушы) бір адам болғанда, лизинг (қосалқы лизинг) шарттарын жасасу |
|
90 |
1081 |
Мәміле мәнінің шарттық және нарықтық құнының анық сәйкес келмеуі |
|
91 |
9014 |
Жылжымайтын мүлікпен, оның ішінде шетелде, нарықтық құнынан едәуір ауытқуы бар баға бойынша мәміле жасау |
|
92 |
1092 |
Жеке тұлғаның күнтізбелік жыл ішінде жылжымайтын мүлік объектілерін, оның ішінде шетелде, көп рет (үш рет және одан да көп) сатып алуы және (немесе) сатуы |
|
93 |
1093 |
Сатып алушы ретінде жеке кәсіпкерлік субъектісі әрекет ететін мемлекеттік меншікке болып табылатын жылжымайтын мүлікті осындай объектінің әдеттегі нарықтық құнынан елеулі айырмашылығы бар құн бойынша сатып алу-сату мәмілесін жүзеге асыру |
|
94 |
1192 |
Клиенттің ауыртпалық салынған жылжымайтын мүлікпен мәміле жасау туралы ұсынысы немесе әрекеті (ипотеканы қоспағанда) |
|
7. Ойын бизнесі саласында қызметтер көрсету кезінде |
||
|
95 |
1082 |
Егер клиент лауазымды тұлға; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлға; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген тұлға болып табылатыны туралы күдік немесе ақпарат болса, құмар ойында және/немесе құмар ойындарға ставкалар бойынша ұтыс ретінде құмар ойын мекемесінен ірі мөлшерде қаражат алу (төлеу), Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жария лауазымды адамдардың тізбесіне кіретін жария лауазымды адам, олардың жұбайлары мен жақын туыстары |
|
96 |
1083 |
Ойын мекемесінің қызметкерлері мен құмар ойынға немесе бәс тігуге қатысушы арасында, сондай-ақ құмар ойынға, бәс тізуге қатысушылардың арасында сөз байласуды жүзеге асыруға күдік бар болса, ойын мекемесінен құмар ойындағы және /немесе құмар ойындарға, бәс тігуге ставкалар, арқылы ұтыс ретінде ірі мөлшерде қаражат алу (төлеу) |
|
97 |
1114 |
Букмекерлік кеңсенің логинінен (аккаунтынан) іс жүзінде ставкалар немесе бәс тігулерді жүзеге асырмай ірі мөлшерде ақша қаражатын (электрондық ақшаны) бір реттік немесе бірнеше рет толтыру және/немесе шығарып алу |
|
98 |
1115 |
Қатысушының букмекерлік кеңсенің сайтында бір логиннен (аккаунттан) артық, бірнеше электрондық пошта жәшігінен, бірнеше абоненттік нөмірден жалған немесе бөтен біреудің төлқұжат деректерін тіркеу бойынша операциялары |
|
99 |
1116 |
Операцияны жасаған кезде бәс тігуге қатысушы немесе өзге тұлғалар бір құрылғыны пайдаланған, ол арқылы бірнеше ойын логиніне (аккаунтына) кіруді жүзеге асырған |
|
8. Микроқаржы ұйымдарының, несие серіктестіктердің қызметін жүзеге асыру және лизинг қызметтерін көрсету кезінде |
||
|
100 |
1038 |
Егер қолда бар ақпарат борышты қаржыландыру көзін айқындауға мүмкіндік бермесе, бұрын міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алуға жол берген клиенттің лизинг шарты бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын өтеуі |
|
101 |
1084 |
Лизинг шартын мерзімнен бұрын бұзу не лизинг алушыға негізсіз уақытша иеленуге және пайдалануға берген күннен бастап бір жыл бұрын лизинг затын сатып алу |
|
102 |
1085 |
Лизингтік төлемдерді үш және одан да көп рет төлеуді лизингтік мәмілеге қатысушы болып табылмайтын басқа жеке немесе заңды тұлға (кепілгер, кепіл беруші), үлестес тұлға, лизинг алушының жазбаша хабарламасында көрсетілген, лизинг шартының талаптарына сәйкес лизинг берушіге жіберілген тұлға жүзеге асырады |
|
103 |
1105 |
Егер клиенттің іс-әрекеті мемлекеттік мүлікті, оның ішінде бюджет қаражатын жымқырумен байланысты деген күдік болған жағдайда, субсидиялар түрінде ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға арналған лизинг шарттарын жасасу бойынша операциялар |
|
104 |
1106 |
Егер клиенттің іс-әрекетінде мүлікті, оның ішінде бюджет қаражатын жымқырумен байланысты деп пайымдауға негіз болған жағдайда, аффилирленген тұлғалармен лизинг шарттарын жасасу бойынша операциялар |
|
105 |
1140 |
Егер қолда бар ақпарат кредиттік берешекті қаржыландыру көзін анықтауға мүмкіндік бермесе, клиенттің кредитті мерзімінен бұрын өтеуі |
|
106 |
1141 |
Лизинг шарты бойынша аванстық төлемнің мөлшері лизингтік мәмілелер жасасудың әдеттегі тәжірибесінен айтарлықтай ерекшеленеді және лизинг шарты бойынша берілетін мүліктің жалпы құнының 30% - дан астамын құрайды |
|
9. Ломбардтардың қызметін жүзеге асыру кезінде |
||
|
107 |
1086 |
Сынамалық таңба бедерлерсіз немесе жалған сынамалық таңба бедері белгілері бар бағалы металдардан және асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды кепілге тапсыру немесе сатып алу |
|
108 |
1087 |
Жылжымалы/жылжымайтын және (немесе) өзге де мүлікті, оның ішінде кейіннен сатып алусыз сенімхат бойынша ломбардқа кепілге қою |
|
109 |
1088 |
Бір тұлғаның зергерлік бұйымдарды немесе басқа құндылықтарды кейіннен сатып алусыз жүйелі түрде кепілге тапсыруы |
|
110 |
1117 |
Мүліктік қылмыс үшін бірнеше рет қылмыстық жауаптылыққа тартылғандардың, сондай-ақ есірткіге тәуелді адамдардың тізімінде тұрған адамның ломбардқа жүйелі түрде жүгінуі |
|
111 |
8016 |
Діндарлықтың сыртқы белгілері бар адамның кейіннен сатып алуынсыз зергерлік бұйымдарды/құндылықтарды және өзге де тұрмыстық заттарды кепілге жүйелі түрде беруі |
|
112 |
8110 |
Жария лауазымды тұлғалардың тізбесінде тұратын адамдардың, олардың жұбайының(зайыбының) немесе олардың жақын туыстарының өтініші |
|
113 |
8111 |
Клиенттің операцияны (мәмілені) үшінші тұлғаның және/немесе операция кезінде қатысатын адамдардың басшылығымен жүргізуі |
|
114 |
8112 |
Клиенттің сыртқы түрі, қолда бар соманың мөлшеріне сәйкес келмеуі |
|
115 |
8113 |
Терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде тұрған адамның жұбайының өтініші |
|
10. Бағалы металдарды және асыл тастарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды сатып алуды, сатып алу-сатуды жүзеге асыру кезінде |
||
|
116 |
1089 |
Жеке тұлғаның бағалы металдардан және (немесе) асыл тастардан (біртектес бұйымдар) және/немесе сертификатталған асыл тастардан жасалған зергерлік немесе басқа тұрмыстық бұйымды жүйелі түрде қысқа мерзімде сатып алуы |
|
117 |
1090 |
Бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған зергерлік бұйымдарды ағымдағы нарықтық бағалардан едәуір айырмасы бар бағалар бойынша сату немесе сатып алу |
|
118 |
1091 |
Бағалы металдар мен асыл тастарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды сатып алған кезде зергерлік бұйымдарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғада, оларды өндіруді немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын тұлғаларда "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" Заңмен көзделген сынамалық таңбаның, сондай-ақ атаулы таңба бедерінің, сараптама қорытындысының, мемлекеттік бақылау актісінің болмауы |
|
119 |
1190 |
Сатып алынған бағалы металдар мен асыл тастар, олардан жасалған зергерлік бұйымдар үшін ақшалай қаражатты үшінші тұлғалардың шоттарына аудару |
|
120 |
1191 |
Жеке тұлғаның зергерлік және басқа да бағалы металдардан және (немесе) асыл тастардан жасалған бұйымдарды 10 және одан да көп бірлікте бір рет сатып алуға тапсырылуы |
|
11. Төлем ұйымдарының қызметін жүзеге асыру кезінде |
||
|
121 |
1094 |
Жеке тұлғалар жүргізетін қолма-қол ақшасыз ақшаны жүйелі түрде есепке алу және (немесе) есептен шығару, күніне 30-дан астам операция, іскерлік қатынастарды клиент есірткінің заңсыз айналымы мақсатында пайдаланады деген күдік туғызатын экономикалық тұрғыдан орынсыз. |
|
12. "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында цифрлық активтермен операцияларды жүзеге асыру кезінде |
||
|
122 |
1119 |
Цифрлық активтер мекенжайларымен немесе банк карталарымен бопсалаушылықпен айналысатын белгілі алаяқтармен немесе бопсалаушы- бағдарламаларды, даркнеттің маркетплейстерін және мекенжайларына санкция салынған басқа да заңсыз веб-сайттарды қолданумен операциялар жасау |
|
123 |
1120 |
Клиент электрондық пошта мекенжайларын, IP-мекенжайларын және қаржылық ақпаратты қоса алғанда өзінің сәйкестендіру деректерін жиі өзгертеді не әр түрлі IP-мекенжайлардан цифрлық активтер қызметін ұсынатын жүйеге кіруді жүзеге асырады не клиент айтарлықтай пайда немесе шығын (бұл бөгде шоттың деректерін иеленуді және сауда арқылы қаражат қалдығын шешіп алуға талпынысты немесе қаражат ағынын жасыру үшін кірістерді жылыстату схемасын қолдануды растайды) ала отырып, жеке тұлғалардың белгілі бір тобымен бірнеше рет операция жүргізеді |
|
124 |
1121 |
Алып тастау |
|
125 |
1122 |
Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалармен жаңа қатынас орнату, сондай-ақ сомасы клиенттің бейініне сәйкес келмейтін ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке цифрлық активтерді айырбастау бойынша қызметтер ұсыну (ВАҚҰ) және/немесе активтерді қосымша операцияларсыз не олар шотта пайда болғаннан кейін ең қысқа мерзімде шығару кезінде ірі бастапқы депозитті енгізу бойынша операциялар |
|
126 |
1123 |
Клиенттің сандық активтердің бірнеше түрімен бірнеше рет жасалатын транзакциялары (немесе мәмілелері) немесе мәмілелерді жүргізуде экономикалық мағынасы болмаған кезде, оның ішінде анонимділіктің жоғарылау тетіктерін қолдана отырып, атауларды жасыру тәсілдерін, арнайы шифрлау бағдарламаларын, құжатталмаған құрылғыларды пайдалана отырып, әртүрлі юрисдикциялардан жасалатын криптокошелькалармен жасалатын транзакциялар, IP-мекенжайларды әдейі (жасанды) өзгерту әр түрлі елдер, басқа әдістер |
|
127 |
1124 |
Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалар белгілеген, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке (ВАҚҰ) саудаға және қаражатты шешіп алуға айырбастау жөніндегі қызметтерді ұсыну, оның ішінде санкция салынған елдердегі немесе аумақтардағы сенімсіз IP-мекенжайлар немесе күдікті IP-мекенжайлар шектеулерінен жалтару мақсатында түрлі аттармен бірнеше шот ашу |
|
128 |
1125 |
Клиенттің қаражаты ҚМС деректері бойынша тіркелмеген цифрлық активтер биржасынан немесе тиісті лицензиясы жоқ цифрлық активтер биржасына жұмысқа алынған |
|
129 |
1126 |
Клиент ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлейтін топтың (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын мемлекеттегі (аумақтағы) цифрлық активтер биржасын немесе ақша немесе құндылықтар (MVTS) аударудың шетелдік сервисін пайдаланады |
|
130 |
1128 |
Клиенттің жоғары транзакциялық шығыстарға қарамастан, цифрлық активтердің бірнеше түрімен транзакция жасауы, оның ішінде жоғары анонимді, сондай-ақ аттарын жасыру тәсілдерін, шифрлау бағдарламаларын, құжатталмаған құрылғыларды, IP-мекенжайларын өзгертуі, сәйкестендіру ақпаратын жиі өзгертуі және басқа да тәсілдерді пайдалануы |
|
131 |
1160 |
Сандық активтермен жасалатын операциялар, олардың едәуір үлесі онлайн – құмар ойындар қызметтерімен байланысты операциялар немесе миксерлермен байланысты операциялар (әмиянға кіріктірілген операцияларды қоса алғанда) немесе бұрын ұрланған қаражат болған сандық активтердің мекен-жайларымен немесе ұрланған қаражат иелеріне байланысты мекен-жайлармен байланысты операциялар |
|
132 |
1161 |
Клиент қызметке қабылдау рәсімі барысында жалған құжаттарды немесе жалған фотосуреттерді және/немесе жеке куәліктерді ұсынуы |
|
133 |
1162 |
Заңсыз қызметпен (терроризмді қаржыландыру, адам саудасы, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сату, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы) байланысы бар цифрлық активтердің мекенжайларымен операциялардың жасалуы |
|
13. Тауар биржаларында операцияларды жасау кезінде |
||
|
134 |
1129 |
Нарықтық бағадан едәуір ауытқыған кезде биржалық/стандартталмаған тауарды сатып алу/сату бойынша операциялар |
|
135 |
1144 |
Екі қатысушы қатысатын сауда-саттық операцияларда, тек біреуі әрқашан жеңеді |
|
136 |
1145 |
Клиенттің не оның нұсқауы бойынша сатып алушының және/немесе сатушының бір бенефициарлық меншік иесі болатын мәмілелер жасауы |
|
137 |
1146 |
Экономикалық мағынасы және/немесе көрінетін заңдылығы жоқ сауда-саттыққа тауарлар және/немесе қызметтер бойынша мәмілелер |
|
138 |
1147 |
Клиенттің қызметі осындай ақша айналымын болжай алмайтын ірі сомаға біржолғы мәмілені жүзеге асыруы |
|
139 |
1148 |
Нарықтық бағадан плюс/минус 30 пайызға ауытқыған кезде биржалық/стандартталмаған тауарды сатып алу/сату жөніндегі операциялар |
|
14. Адвокаттардың, заң консультанттарының және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандардың қызметін жасау барысында |
||
|
140 |
1127 |
Заңдық консультациялық және адвокаттық қызметтер көрсету барысында анықталған және салық төлемдерін оңтайландыруға барынша пайда алуға, бизнес иелері үшін ең аз қаржылық шығындармен әдейі банкроттыққа бағытталған операциялар бұл ретте заңнаманы бұзу көзделеді |
|
141 |
1130 |
Адвокаттың, заң консультантының, заң мәселелері бойынша тәуелсіз маманның клиенті: 1) жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату; 2) клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе өзге де мүлкін басқару; 3) банк шоттарын немесе бағалы қағаздар шоттарын басқару; 4) компания құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеуі немесе басқару үшін қаражатты жинақтау; 5) заңды тұлғаны құру, сатып алу-сату, оның жұмыс істеуі немесе оны басқару бойынша операция жасайды, бұл ретте аталған операцияда қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыру белгілері бар |
|
142 |
1137 |
Жеке тұлғаның, бірнеше өзге заңды тұлғалардың басшысының немесе құрылтайшысының жарғылық капиталға қолма-қол нысанда ақша қаражатын немесе өзге де мүлікті енгізуі |
|
15. Аудит және бухгалтер қызмет көрсету кезінде |
||
|
143 |
4001 |
Салық төлеуден жалтаруға, бюджет қаражатын және өзге де мүлікті ұрлауға, жалған шот-фактуралар жазып беруге, консалтингтік қызметтер көрсету барысында анықталған құжаттарды қолдан жасауға бағытталған операциялар (бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізу бөлігінде) |
|
144 |
4002 |
Қаражатты қолма-қол ақша айналымына шығаруға бағытталған операция |
|
145 |
4003 |
Бір тауарлар мен қызметтерге бірнеше рет төлем шоттары |