
КЖ/ТҚҚ заңының 3 бапы бойынша қаржы мониторингінің субъектілеріне:
1) банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операторын немесе операциялық орталығын, сондай-ақ айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
2) биржалар;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-сақтандыру брокерлерінің филиалдары;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары;
5) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, орталық депозитарий;
6) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен нотариаттық іс-қимылды жүзеге асыратын нотариустар;
7) адвокаттар, заң консультанттары және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандар мынадай қызметтерге:
8) бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсiби бухгалтерлер, аудиторлық ұйымдар;
9) ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушылар;
10) ақша аударымы қызметін көрсететін почта операторлары;
11) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
12) төлем ұйымдары;
13) лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
14) бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
15) жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар жатады.
16) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры;
17) "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) аумағында Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарына сәйкес АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушылары;
18) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалар жатады.