АФМ

Меню

Страницы

Статья

Заң мен тәртіп: Астанада ақшаны жылыстатуға қарсы жүйе мамандарына арналған семинар өтуде / 18.11.2024

Елордада Стратегиялық талдау бойынша оқыту семинары өтуде.  

Іс-шара "Эгмонт" тобының (ECOFEL) қаржылық барлау бөлімшелерінің (ҚББ) озық тәжірибе және көшбасшылық орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Үш күндік семинар барысында ECOFEL шақырылған сарапшылар Стратегиялық талдау жүргізу тәжірибесімен бөліседі, оның мақсаты кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы жаңа трендтерді, заңдылықтар мен үрдістерді анықтау болып табылады.

Оқыту процесі тек теориялық білім алуды ғана емес, сонымен бірге алған дағдыларын бекітуге мүмкіндік беретін практикалық мәселелерді шешуді де қарастырады.

Астанаға келген шетелдік мамандар кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ұйымдар ұсынған ережелер мен нормалардың белгіленген жүйесін сақтаудың маңыздылығын атап өтеді, бұл өз кезегінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Іс-шара Қазақстан мен Өзбекстан ҚББ өкілдері үшін ЕАТ өзара бағалау қорытындылары бойынша екі елге техникалық көмек көрсету жөніндегі жобалық жоспарлар шеңберінде өткізілуде.

Қаржылық мониторингі агенттігі ақшаны жылыстатуға қарсы ұлттық жүйенің әлеуетін, оның ішінде сала мамандарының біліктілігін ұдайы арттыруды белсенді жалғастыратын болады.

Анықтама: "Эгмонт" тобы-170 ел мен мемлекеттік құрылымдар кіретін әлем елдерінің қаржылық барлау бөлімшелерінің (ҚББ) бейресми бірлестігі.

Ұйымның мақсаты: ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес мақсатында, сондай-ақ АЖ/ТҚҚ бойынша ішкі бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында бүкіл әлемде ҚББ-ның тиімді өзара іс-қимылы үшін алаңды қамтамасыз ету.

ҚР ҚМА Ресми өкілі

Әлібек Әбділов

Дата публикации
27 ноября 2024
Дата обновления
27 ноября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
10 августа 2026
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша Экономикалық тергеу қызметімен тергеу жүргізілген заңды тұлғалар және жеке тұлғалар туралы мәліметтердің тізілімі
Ақпарат
11 февраля 2026
  Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша Экономикалық тергеу қызметімен тергеу жүргізілген заңды және жеке тұлғалар туралы мәліметтердің тізілімі
26 июня 2025
«АФМ Online 2025: XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты ауқымды форум

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы