АФМ

Меню

Страницы

Статья

ҚМА мен БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы АЖ/ТҚҚ саласындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады / 31.10.2024

БҰҰ-ның Ауғанстан, Орталық Азия, Иран және Пәкістан аумағындағы Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының жаңадан тағайындалған өңірлік өкілі Оливер Штолпе Қаржылық мониторинг агенттігіне жұмыс сапарымен келді.

Екіжақты кездесу барысында ҚМА Төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында БҰҰ ЕҚБ-мен өзара іс-қимылдың қалыптасқан жоғары деңгейін атап өтті.

Сондай-ақ ол еліміздің ұлттық «жылыстатуға қарсы» жүйесін жетілдіру мақсатында БҰҰ ЕҚБ көрсеткен техникалық және әдіснамалық қолдауы үшін алғысын білдірді.

Кездесу барысында Қ.Бижанов О. Штолпаны виртуалды активтерді құқыққа қарсы мақсаттарда пайдалануды анықтау, есірткінің заңсыз айналымынан ақшаны жылыстатуға қарсы күрес саласындағы Агенттік жүргізіп жатқан жұмыстармен таныстырды. Сонымен қатар, кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес одан әрі дамыту жұмыстары жайлы айтты.

Қонаққа Қазақстанның «жылыстатуға қарсы» жүйесіне қатысушылардың кадрлық әлеуетін дамыту мәселелері және Агенттігінің AML академиясының қызметі таныстырылды.

Кездесу соңында тараптар жаһандық қаржылық қауіпсіздікті нығайту үшін өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға екіжақты ұмтылыстарын атап өтті.

ҚР ҚМА Ресми өкілі

Әлібек Әбділов

Дата публикации
27 ноября 2024
Дата обновления
27 ноября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
10 августа 2026
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша Экономикалық тергеу қызметімен тергеу жүргізілген заңды тұлғалар және жеке тұлғалар туралы мәліметтердің тізілімі
Ақпарат
11 февраля 2026
  Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша Экономикалық тергеу қызметімен тергеу жүргізілген заңды және жеке тұлғалар туралы мәліметтердің тізілімі
26 июня 2025
«АФМ Online 2025: XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты ауқымды форум

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы