
Кинологиялық орталығы кинолог міндеттерін орындайтын қызметкерлерді даярлау, қаржы мониторингі органдары үшін асыл тұқымды және түрлі тұқымдағы қызметтік иттерді өсіру және бағып жетілдіру, арнайы жаттықтыру жөніндегі арнайы білім беру бағдарламасын іске асыру жөніндегі функцияларды орындауға Қаржы мониторингі комитетінің мамандандырылған мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Кинологиялық орталықтың міндеттері:
1) есірткі құралдарының, психотропты заттардың, сол тектестілердің және прекурсорлардың, жарылғыш заттардың, контрабандасымен және заңсыз айналымымен байланысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ашуға қаржы мониторингінің аумақтық органдарына, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына көмек көрсету;
2) қаржы мониторингі органдарының тиісті функцияларын орындау үшін қажетті білімге, машық пен дағдыға ие кинолог міндеттерін орындайтын қызметкерлерді даярлау болып табылады.
Кинологиялық орталықтың функциялары:
1) кинолог міндеттерін орындайтын қызметкерлермен теориялық және практикалық сабақтар өткізу;
2) есірткі құралдарын, жарылғыш заттарды, қаруды, валютаны, дериваттарды және өзге де объектілерді іздеуге арналған қызметтік иттерді үйрету бойынша теориялық және практикалық сабақтарды өткізу;
3) қаржы мониторингі органдары, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары үшін әртүрлі тұқымдағы иттерді өсіру және бағып жетілдіру жөнінде жұмыстарды жүзеге асыру;
4) қызметтік иттерді есірткі мен психотроптық құралдарды, сол тектестерді, жарылғыш заттарды, қару-жарақты, валютаны, дериваттарды, жойылып кету қаупі бар жабайы флора мен фаунаның объектілерін және өзге де объектілерді іздеуге үйрету;
5) қызметтік иттерді жаттықтырудың озық әдістерін енгізу;
6) ветеринариялық (емдеу, профилактикалық қарап тексеру, диагностика және өзге де ветеринариялық іс-шаралар) шараларды жүргізу;
7) қызметтік иттерді дамытумен мен дайындаумен байланысты кинология саласы бойынша қызметтік иттер көрмесін, байқауларын, конкурстарын, жарыстарын және басқа да іс-шараларды өткізу, сондай-ақ ведомствааралық, ұлттық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға, семинарларға, тренингтерге қатысу;
8) құзыреті шегінде асыл тұқымды иттер санын жақсарту мақсатында әртүрлі ит тұқымдарын шет мемлекеттердің кинологиялық орталықтарымен мемлекеттік сатып алуды және оларды айырбастауды жүргізу;
9) қаржы мониторингі органдарын қызметтік иттермен, ветеринариялық және медициналық препараттармен, азықпен, арнайы құралдармен, әдістемелік әдебиеттермен, арнайы көлікпен және техникамен, оқу деректемелерімен (ұқсатқыштармен), сондай-ақ оқыту мақсатында және үйретуде пайдаланатын материалдармен қамтамасыз ету.