
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІМІ
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Тәуекелдерді жою жөніндегі ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті мемлекеттік органның ұстанымы *Ұсынымды басқа мемлекеттік органға жолдаған жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Іріктеуді формалды жүргізу, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау |
Қызметке қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясындағы жас қызметкерлерге және университеттердегі үздік студенттерге басты назар аудару қажет |
Агенттік төрағасына ақпарат беру |
- |
Үнемі
Жартыжылдық бойынша 15.07.2024ж. 25.12.2024ж. |
|
2 |
Шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде артықшылық көрсету тәуекелі |
Кадр процестерін цифрландыру (Агенттіктің «Цифрлық жұмыс орны» ААЖ (ЦЖО) порталында орналастыра отырып, лауазымға тағайындау, арнаулы атақтар беру, тәртіптік жауаптылыққа тарту және қызметкерлерді көтермелеу, ҚМО резервіне/резервтен қосу/алып тастау және т.б.) |
Қолданысқа енгізу және ЦЖО және 1С кадрлар алаңдарында бұйрықтарды орналастыру
|
- |
25.12.2024 жылға дейін |
|
3 |
Жеке адамдарға артықшылық көрсету түріндегі тәуекел, көтермелеуді/жазаны алуды объективті қарамау |
Бір адамды ғана жиі көтермелеуге және тәртіптік жазаны негізсіз мерзімінен бұрын алуға жол бермеу мақсатында қаржылық мониторинг органдарының қызметкерлерін/қызметшілерін көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану практикасына талдау жүргізу |
Агенттік төрағасына ақпарат беру |
- |
Тоқсан сайын 15.07.2024ж. 05.10.2024ж. 25.12.2024ж. |
|
4 |
Жеке адамдарға артықшылық көрсету түріндегі тәуекел, кандидаттарды кадр резервіне алу кезінде объективті қарамау |
Кадр резервіне талдау жүргізу |
Агенттік төрағасына ақпарат беру |
- |
Жартыжылдық бойынша 15.07.2024ж. және 25.12.2024ж. |
|
5 |
Құқықтық құжаттар ережелерінің қайшылығы |
«Кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Агенттік төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы №6 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қаңтарда №26497 болып тіркелген), атап айтқанда 11-т. 2-тт., 12-т.3-тт. өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
- |
2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін |
|
6 |
Қызметтік тұрғын үйді бөлу кезінде артықшылық көрсету түріндегі тәуекел |
Қызметтік пәтерлер мен балабақшалардың жалпыға бірдей қолжетімділігі және оларды бөлудің транспаренттілігі мақсатында Агенттік порталында қызметтік тұрғын үй мен балабақшаларға кезекте тұрған адамдардың тізімін орналастыру |
Агенттіктің «Цифрлық жұмыс орны» (ЦЖО) порталында кезекте тұрған адамдардың тізімі |
- |
2024 жылғы 1 желтоқсанға дейін |
|
7 |
Агенттік қызметкерлерінің қаржы мониторингі субъектілерімен байланыс тәуекелі |
Субъектіге бармай профилактикалық бақылауды (дистанциондық мониторинг) көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау |
Заң жобасы |
- |
2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін |
|
8 |
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді асырып көрсетілген бағамен сатып алу, шарттарды нақты орындамай актілерге қол қою, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану тәуекелі |
Мемлекеттік сатып алуды жоспарлауға, дайындауға және өткізуге тиісті бақылауды қамтамасыз ету |
Агенттік төрағасына ақпарат беру |
- |
Үнемі 2024 жылғы 20 желтоқсан
|
|
9 |
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді асырып көрсетілген бағамен сатып алу, шарттарды нақты орындамай актілерге қол қою, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану тәуекелі |
Әкімшілік департаментінің Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерімен бюджеттік жоспарлау, бухгалтерлік есепті жүргізу және бюджеттік өтінімдерді беруге және мемлекеттік сатып алуды жүргізуге арналған нақты мерзімдер мен талаптарды анықтау жолымен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мәселелері жөніндегі өзара іс-қимыл регламентін жаңарту және нақтылау мәселесін қарау |
Регламентті бекіту |
- |
2024 жылғы 1 қыркүйек |
|
10 |
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді асырып көрсетілген бағамен сатып алу, шарттарды нақты орындамай актілерге қол қою, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану тәуекелі |
Қаржылық мониторинг органдарын ұстауға, оның ішінде іссапар шығыстарына бөлінген бюджет қаражатын ұтымды пайдалану бойынша аудит жүргізу |
Агенттік төрағасына ақпарат беру |
- |
Жартыжылдық бойынша 15.07.2024ж. және 30.12.2024ж. |
|
11 |
Құқық бұзушылық жасауға бейім қызметкерлерді/қызметшілерді анықтау |
Өз қатарында сыбайлас жемқорлық пен өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмысты жалғастыру |
Агенттік төрағасына ақпарат беру |
- |
Жартыжылдық бойынша 15.07.2024ж. және 25.12.2024ж. |
|
12 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша қызметкерлердің/қызметшілердің біліктілігін арттырудың жоқтығы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру |
Білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта қызметкерлерді/қызметшілерді оқытуды ұйымдастыру |
Оқыту, сертификат |
- |
тоқсан сайын 05.07.2024ж. 05.10.2024ж. 25.12.2024ж.
|
|
13 |
Қаржылық мониторинг органдары қызметкерлерінің/қызметшілерінің құқық бұзушылықтар жасауы, заңнаманы сақтамауы |
Парасаттылықты тексеру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру (integrity check) (ҚР Президентінің 02.02.2022 жылғы №802 Жарлығымен бекітілген, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарының 37-тармағын іске асыру шеңберінде) |
Агенттік төрағасына ақпарат беру |
- |
Үнемі Тоқсан сайын 05.07.2024ж. 05.10.2024ж. 25.12.2024ж. |
|
14 |
Ұжымдағы қолайсыз моральдық-психологиялық ахуал, қызметкерлердің жұмысқа қабілеттілігінің жоқтығы |
Ұжымдарда моральдық-психологиялық ахуалды зерделеу бойынша анонимді сауалнама жүргізу |
Агенттік төрағасына жалпыланған анықтама, ұсынымдар әзірлеу |
- |
Жартыжылдық бойынша 15.07.2024ж. және 25.12.2024ж.
|
|
15 |
Ақпараттық қауіпсіздікті бұзу, ақпараттың таралып кетуі, ақпаратты жеке мақсатта жинау |
Дербес деректерді заңсыз жинау және өңдеу фактілеріне жол бермеу мақсатында Агенттіктің, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін қызметкерлердің/қызметшілердің негізсіз пайдалануы фактілерін айқындау |
Агенттік төрағасына жинақталған ақпарат беру |
- |
Күнделікті (тиісті тексеру жүргізе отырып, мүдделі құрылымдық бөлімшені дереу хабардар ету)
Тоқсан сайын 05.07.2024ж. 05.10.2024ж. 25.12.2024ж. |
|
16 |
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңын сақтамау |
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңының және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толтыру және олардың мазмұнына қойылатын талаптар қағидаларының талаптарына сәйкес Агенттіктің интернет-ресурстарында ақпаратты орналастыруға мониторинг жүргізу |
Агенттік басшылығына ақпарат беру |
- |
Үнемі |
|
17 |
Қоғамның қаржылық мониторинг органдарына деген сеніміне және оның имиджіне әсер етуі мүмкін теріс материалдарды жариялау |
Теріс жарияланымдарды анықтау және оларға жедел ден қою мақсатында БАҚ-тағы, әлеуметтік желілердегі және интернет-ресурстардағы Агенттіктің қызметіне қатысты жарияланымдарға мониторингті жүзеге асыру |
Агенттік төрағасына ақпарат беру
Агенттік төрағасына жинақталған ақпарат беру |
- |
Күнделікті (мүдделі құрылымдық бөлімшені дереу хабардар ету)
Тоқсан сайын 05.07.2024ж. 05.10.2024ж. 25.12.2024ж. |