АФМ

Меню

Страницы

Статья

Ұрпақтар сабақтастығы. Ардагерлер ұйымының 15 жылдығы / 06.06.2024 ж.

"Қаржылық мониторинг органдары ардагерлерінің ұйымы" ҚБ ағымдағы жылы 15 жылдығын атап өтуде.

Атаулы оқиға Қаржылық мониторинг агенттігінің Төрағасы Дмитрий Малахов елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосуды жалғастырып жатқан тәжірибелі мамандарды марапаттаған  салтанатты іс-шарамен атап өтілді.

Ардагерлер ұйымының мүшелері, белсенділік танытқан аумақтық бөлімшелердің басшылары медальдармен, құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Ардагерлер ұйымының төрағасы Балжан Сейілованың еңбегін атап өту қажет, оның басшылығымен осы бірлестік табысты жұмыс істеп келеді.

Тарихи дерек.

Ұйым ардагер-зейнеткерлер тобының бастамасымен құрылды. Қоғамдық бірлестіктің алғашқы құрылтай конференциясы 2009 жылдың маусым айында өтті, сол кезде төраға сайланып, республикалық ардагерлер кеңесі бекітілді, сондай-ақ аумақтық бөлімшелер құрылды.

Сол кезден бастап бүгінгі күнге дейін ардагерлер жас қызметкерлерге патриоттық тәрбие беріп, тәлімгерлік ісіне, заң нормалары мен азаматтардың құқықтарын түсіндіре отырып, құқықты насихаттау ісіне қатысады.

Біздің ардагерлеріміз жүріп өткен бай еңбек жолын ескере отырып, олар бүгінде елге және Қаржылық мониторинг агенттігіне пайда-үлесін қосу мүмкіндігін жіберіп алмайды.

Құрметті ардагерлерді атаулы күнімен құттықтап, зор денсаулық, амандық, жұмыста табыс тілеймін.

ҚР ҚМА Ресми өкілі

Әлібек Әбділов

Дата публикации
11 июня 2024
Дата обновления
11 июня 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
10 августа 2026
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша Экономикалық тергеу қызметімен тергеу жүргізілген заңды тұлғалар және жеке тұлғалар туралы мәліметтердің тізілімі
Ақпарат
11 февраля 2026
  Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша Экономикалық тергеу қызметімен тергеу жүргізілген заңды және жеке тұлғалар туралы мәліметтердің тізілімі
26 июня 2025
«АФМ Online 2025: XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты ауқымды форум

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы