
Елордада "АФМ ONLINE 2024" ауқымды форумы өз мәресіне жетті, ол қоғамның назарын алаяқтық, дроптар, қаржы пирамидалары мәселелеріне аударуға бағытталған болатын.
Спикерлердің сөз сөйлеуі ең алдымен блогерлерге және олардың қызметін жүргізуге қойылатын заңды талаптар мен салық міндеттемелерін түсіндіруге бағытталғанын еді.
Тікелей эфирде еліміздің 35 жоғары оқу орны - бұл 20 мыңға жуық студент - құзырлы ведомстволардың басшыларынан да, қаржы сарапшылары мен талдаушыларынан да ақпарат ала алды.
Агенттік Төрағасы Дмитрий Малахов өзінің құттықтау сөзінде ҚМА негізгі міндеті – жас ұрпаққа сауаттылық негіздерін түсіндіру екенін атап өтті.
Д. Малахов "АФМ Online 2024" алаңы әртүрлі сарапшылар мен қоғам қайраткерлерін, блогерлер мен мемлекеттік органдарды экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарға қарсы күресте тетіктер әзірлеу үшін біріктіруге арналғанын атап өтті.
Форум жұмысы барысында алаяқтық схемаларға қарсы іс-қимыл тетіктерін жетілдіру мәселелері қозғалды.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова іске қосылған Антифрод-орталық қазақстандықтарды түрлі құқыққа қарсы схемалардан жедел қорғауға мүмкіндік беретінін айтты.
Сондай-ақ, М.Әбілқасымова жиналғандарға мобильді банктік қосымшаларға қол жеткізу мақсатында телефон алаяқтығының алдын алу мақсатында қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы айтып берді.
Өз кезегінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ағымдағы жылдың басынан бері интернет кеңістігінде жалған ақпарат белгілері бар 257 заңсыз материал анықталғанын айтты.
МАМ басшысы жалған ақпарат пен тыйым салынған жарнамаға қарсы іс-қимылды азайту бөлігінде заңнаманы жетілдірудің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ мұндай құбылыстарға қарсы блогосферамен бірлескен іс-қимыл жасау қажеттігі де ескеріледі.
Цифрлық активтер саласындағы реттеудің бірлескен түсінікті саясатын әзірлеу қажеттігі туралы цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев те айтты.
Ол барлық мүдделі тараптардың, соның ішінде құқық қорғау органдарының ұстанымдарын ескере отырып, осы бағытта кешенді тәсілді әзірлеуге шақырды.
Цифрлық активтердің заңсыз айналымын және цифрлық активтерге заңды инвестицияларды жүзеге асыратын жеке тұлғалардың қызметін айыру қажеттілігі бар. Бұл шара саладағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деді Ж.Мәдиев.
Ал Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ел Президенті ұсынған адамды тұлға ретінде дамытуға бағытталған үш тұжырымдаманы келтіріп, онлайн режимде қосылған студенттерге қырағы болу және алаяқтарға алданып қалмау туралы үндеу жасады.
Жалпы, өткен форум аясында сарапшылар мен қаржы мамандары, сондай-ақ ҚМА қызметкерлері қаскүнемдер азаматтардың қаражатын иемденуге тырысқан жағдайларды нақты кейстерде талдады.
Қатысушылар мұндай кездесулерді жиі өткізудің маңыздылығын атап өтіп, форумның дәстүрге айналатынына сенім білдірді.
Агенттік ЖОО студенттері үшін алдын алу сипатындағы үздік бейнероликке конкурс жариялайтынын хабарлағым келеді.
Ең көп дауыс жинаған бейне авторы бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Шарттар ҚМА-ның Instagram парақшасында қол жетімді.
ҚР ҚМА Ресми өкілі
Әлібек Әбділов