АФМ

Меню

Страницы

Статья

ҚМА делегациясы ЕАТ 40-Пленарлық аптасының жұмысына қатысты

Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малахов бастаған делегация кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың 40-пленарлық апталығының жұмысына қатысты. 

Ауқымды халықаралық іс-шара 2024 жылғы 27-31 мамыр аралығында Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) өтті.

ЕАТ-ға қатысушы елдердің пленарлық отырысы шеңберінде АЖ/ТҚҚ/ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы ұлттық жүйелерін өзара бағалаудың және олардың прогресіне мониторинг жүргізудің 3-ші раундын өткізу тәртібі бекітілді.

Бұл ұйымның хатшылығына алдағы жаңа раундта бірінші болып бағаланатын елдермен практикалық өзара іс-қимылды бастауға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.

Сонымен қатар, пленарлық отырыс Жапонияның ЕАТ бақылаушысы мәртебесін алуға өтінімін қарап, мақұлдады.

Сондай-ақ, ҚМА делегациясы қаржылық барлау бөлімшелері басшылары кеңесінің 27-ші отырысына, Каспий маңы өңірі елдерінің бейресми кездесуіне және екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін басқа елдердің қаржы барлаушыларымен бірқатар кездесулерге қатысты, ал AML академиясы ағымдағы қызметті таныстырды.

Қазақстандық делегация құрамына Сот Әкімшілігінің, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, сондай-ақ АХҚО комитетінің, "Алтын Банк" АҚ және AML академиясының өкілдері кірді.

Ә.Әбділов

ҚР ҚМА ресми өкілі 

Дата публикации
03 июня 2024
Дата обновления
03 июня 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
10 августа 2026
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша Экономикалық тергеу қызметімен тергеу жүргізілген заңды тұлғалар және жеке тұлғалар туралы мәліметтердің тізілімі
Ақпарат
11 февраля 2026
  Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша Экономикалық тергеу қызметімен тергеу жүргізілген заңды және жеке тұлғалар туралы мәліметтердің тізілімі
26 июня 2025
«АФМ Online 2025: XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты ауқымды форум

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы