|
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 8,"Министрліктер үйі", 7 кіреберіс 2026 жылғы 6 қаңтардағы № 1
|
ҚМА - Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Бейбітшілік 10 2026 жылғы 5 қаңтардағы № 1
|
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы
Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 16 тамыздағы № 7 және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 16 тамыздағы № 80
бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес заң консультанттарына, заң мәселелері бойынша тәуелсіз мамандарға; лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға; жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға; бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің
138-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлерге; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына; ұялы байланыс операторларына; әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы бекітілсін.»;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы бірлескен бұйрыққа
1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген заң консультанттарына, заң мәселелері бойынша тәуелсіз мамандарға; лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға; жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға; бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа
2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлерге қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа
3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оны «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Лауазым Лауазым
ТАӘ ТАӘ
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы __________А. Амрин
|
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы __________Ж. Элиманов
|