Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
төрағасының міндетін атқарушының
2025 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 18 бұйрығымен бекітілген
Жеке кабинетті жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) жеке кабинет – пайдаланушының (қаржы мониторингі субъектісінің) уәкілетті органның Интернет ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде бөлінген байланыс арналарындағы (бұдан әрі – Портал), оның пайдаланушыларының (қаржы мониторингі субъектілерінің) уәкілетті органмен электрондық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін профилі;
2) өтініш беруші – жеке кабинетке тіркелуге ниеттенетін тұлға;
3) уәкілетті орган – Заңға сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмдi қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ) жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттiк орган.
2-тарау. Жеке кабинетті жүргізу тәртібі
Портал өтініш беруші енгізген ЖСН/БСН-ді қаржы мониторингі субъектісі қызметінің түрлеріне автоматтандырылған режимде сәйкестік тұрғысынан салыстырады.
Толтырылған деректердің дұрыстығы пайдаланушының (қаржы мониторингі субъектісінің) электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы расталады.
Растайтын құжаттар:
лицензия, қызметтің басталғаны туралы хабарлама, кәсіби біліктілігін куәландыратын сертификат, ұйымдарға міндетті мүшелігін/қатысуын растайтын құжат (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай міндеттемелер болған кезде);
заңды тұлғаның жарғысы (бар болса) болып табылады.
1) жеке кабинетті авторизациялау туралы;
2) жеке кабинетті авторизациялаудан уәжді бас тарту туралы.
Жеке кабинетті авторизациялаудан уәжді бас тарту туралы шешім өтініш берушінің растайтын құжаттары қаржы мониторингі субъектілерінің түрлеріне сәйкес келмеген жағдайда қабылданады және оның электронды мекенжайына жолданады.
Өтініш беруші Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке кабинетті авторизациялаудан бас тарту туралы уәкілетті органның шешіміне шағымдануға құқылы.
1) көрсетілетін қызметтердің (өнімдердің) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ) тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалау нәтижелерін;
2) ішкі бақылау қағидаларын;
3) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңнаманы білуін тестілеуден өткені туралы сертификатын орналастырады.