Ереже 2020 жылғы 13 мамырдағы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс - қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-Заң) террористік немесе экстремистік қылмыс үшін қылмыстық жазасын өтеген және қоғамға заңға бағынатын әлеуметтік бейімделу жолына түскен азаматтардың қаржы-экономикалық жағдайын жақсарту бөлігінде түзетулер талаптарын іске асыру мақсатында әзірленді.
Мәселен, Заңның 12-бабының 5-тармағы 5-1-тармақшамен толықтырылды:
«5 тармақ. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінен ұйымды және жеке тұлғаны алып тастау үшін негіздер болып табылады:
5-1) тармақша қылмыстық жазасын өтеген адамды Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен шығару туралы Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың оң қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жасайтын жеке тұлғалардың тізімдері».
Бұл норма азаматтарға соттылықты жою мерзімі аяқталғанға дейін ақша қаражаты мен мүлікті қатыруға байланысты шектеу шараларын алып тастауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тетікті ұсынады (ҚР ҚК 79-б.).
Яғни, террористік немесе экстремистік қылмысы үшін қылмыстық жазасын өтеген, бірақ жойылмаған соттылығы бар адам оны терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінен алып тастау туралы арыз берушіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген қылмыстық қудалау органдарына соттылықты жою мерзімі өткенге дейін өтініш жасауға құқылы.
Өтініш тұрғылықты жері бойынша беріледі, оны қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Заңға осы түзету азаматтардың аталған санатының экономикалық және қаржылық қызметінде шектеу шараларын алып тастай отырып, радикалды көзқарастан арылту, қоғамға тиісті бейімдеу жөніндегі ынталандырушы фактор болып табылады.
Осы бұйрық 2020 жылғы 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.