Қаржылық мониторинг субъектілеріне арналған маңызды ақпарат

АҚШАНЫ ЖӘНЕ БАСҚА МҮЛІКТІ ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ АУДАРУЫ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ СУБЪЕКТІЛЕРІ  ҮШІН

ҰСЫНЫМ №1

 

            Ақшаны және басқа мүлікті трансшекаралық аударуы бойынша қызмет көрсететін қаржылық мониторинг субъектілеріне  арналған осы ұсынымдар (бұдан әрі – Ұсынымдар) жедел талдауды сапалы жүргізу, өзектендірілген деректерді қалыптастыру және БААЖ деректер базасынан дұрыс мәліметтерді пайдалану мақсатында әзірленді.

            Ұсынымдар уәкілетті органға жіберу барысында қаржылық мониторингіне жататын операциялар туралы ақпаратты толтыру кезеңінде ақша мен өзге де мүлікті трансшекаралық аударымдар бойынша қызметтер көрсететін қаржылық мониторинг субъектілеріне арналған.

            Ұсынымдарда трансшекаралық аударымдарды жүргізу және репатриациялау талаптарын жасау, ұзарту, бұзу, шарттарын өзгерту бойынша және экспорт немесе импорт бойынша шарт /келісімшарт бойынша дебиторлық берешектің болуы бойынша ФМ-1 деректемелерін толтыру туралы түсіндірмелер беріледі.

 

  1. Экспорт немесе импорт бойынша

шарт / келісімшарт туралы хабарлама жіберу

 

            Қаржылық мониторинг субъектілері репатриациялау талаптарының жасасу, ұзарту, бұзу, шарттарын өзгерту, бұзу және экспорт немесе импорт бойынша шарт /келісімшарт (бұдан әрі – келісімшарт) бойынша дебиторлық берешектің болуы туралы хабарлама жіберген кезде ҚМ-1 нысанының 3.6 «Оны өткізу валютасында көрсетілген операция сомасы*»- және 3.7 «Операцияның теңгемен көрсетілген сомасы*»- деректемелерінде «Мазмұны»- бағанында соманың мәні – 0 көрсетіледі (1-кестені қараңыз).

            ҚМ-1 нысанының 3.6 «Оны өткізу валютасында көрсетілген операция сомасы*»- және 3.7 «Операцияның теңгемен көрсетілген сомасы*»- деректемелерінде келісімшарттың сомасы көрсетілмейді.

 

            1 – кесте

3. Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпарат

3.1

Операцияның нөмірі *

 

3.2

Операция түрінің коды*

1. Коды:
2. Мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік туралы ақпарат:
2.1 Мүліктің түрі:
2.2 Мүліктің тіркеу нөмірі:

3.3

Төлемдi тағайындау коды*

1. Төлемдi тағайындау коды:
2. Белгілеу мүмкін емес

3.4

Операцияға қатысушылар саны*



3.5

Операция валютасының

коды*

 



3.6

Оны өткізу валютасында көрсетілген операция сомасы*



3.7

Операцияның теңгемен көрсетілген сомасы*



 

            ҚМ-1 нысанындағы «Операцияны өткізуге негіз болған құжаттың күні мен нөмірі» - 3.9 деректеменің «Мазмұны»- бағанында келісім-шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі.

 

            2-кесте

3.8

Операцияны жасаудың негіздемесі*



3.9

Операцияны өткізуге негіз болған құжаттың күні мен нөмірі

1. Күні:
2. Құжат нөмірі:

 

            Сондай-ақ ҚМ-1 нысанындағы «Операция туралы қосымша ақпарат» 3.14-деректемесінің «Мазмұны»- бағанында шарттың тараптары, келісімшарт сомасының жалпы мәні, сондай-ақ келісімшарттың талаптары туралы ақпарат міндетті түрде көрсетіледі (3-кестені қараңыз).

 

            3-кесте

3.13

Операцияны күдікті ретінде жіктеуде туындаған қиыншылықтардың сипаттамасы



3.14

Операция туралы қосымша ақпарат



 

 

  1. Келісім-шарт талаптарын орындау бойынша

операция туралы хабарламаны жіберу

 

            Қаржылық мониторинг субъектілері репатриациялау талаптарының жасасу, ұзарту, бұзу, шарттарын өзгерту, бұзу және экспорт немесе импорт бойынша шарт /келісімшарт (бұдан әрі – келісімшарт) бойынша дебиторлық берешектің болуы туралы хабарлама жіберген кезде ҚМ-1 нысанының 3.6 «Оны өткізу валютасында көрсетілген операция сомасы*»- және 3.7 «Операцияның теңгемен көрсетілген сомасы*»- деректемелерінде «Мазмұны»- бағанында соманың мәні – 0 көрсетіледі (5-кестені қараңыз).

            ҚМ-1 нысанының 3.6 «Оны өткізу валютасында көрсетілген операция сомасы*»- және 3.7 «Операцияның теңгемен көрсетілген сомасы*»- деректемелерінде тек операцияның сомасы көрсетіледі.

 

            5-кесте

3. Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпарат

3.1

Операцияның нөмірі *

 

3.2

Операция түрінің коды*

1. Коды:
2. Мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік туралы ақпарат:
2.1 Мүліктің түрі:
2.2 Мүліктің тіркеу нөмірі:

3.3

Төлемдi тағайындау коды*

1. Төлемдi тағайындау коды:
2. Белгілеу мүмкін емес

3.4

Операцияға қатысушылар саны*



3.5

Операция валютасының

коды*

 



3.6

Оны өткізу валютасында көрсетілген операция сомасы*



3.7

Операцияның теңгемен көрсетілген сомасы*



 

            ҚМ-1 нысанындағы «Операцияны өткізуге негіз болған құжаттың күні мен нөмірі» - 3.9 деректеменің «Мазмұны»- бағанында операцияны өткізуге негіз болған ұсынылған құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі (6-кестені қараңыз).

 

6-кесте

3.8

Операцияны жасаудың негіздемесі*



3.9

Операцияны өткізуге негіз болған құжаттың күні мен нөмірі

1. Күні:
2. Құжат нөмірі:

 

            Сондай-ақ ҚМ-1 нысанындағы «Операция туралы қосымша ақпарат» 3.14-деректемесінің «Мазмұны»- бағанында шарттың тараптары, келісімшарт сомасының жалпы мәні, сондай-ақ келісімшарттың талаптары туралы ақпарат міндетті түрде көрсетіледі (7-кестені қараңыз).

 

            7-кесте

3.13

Операцияны күдікті ретінде жіктеуде туындаған қиыншылықтардың сипаттамасы



3.14

Операция туралы қосымша ақпарат



 

 

            Қабылданған қысқартулар тізімі:

 

            БААЖ - Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі;

            ҚМ-1 нысаны – «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі бұйрығымен бекітілген Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттың нысаны.

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
07 июня 2022