Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы

Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы

іс-қимыл саласын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы

 

  1. Қоса беріліп отырған Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілсін.
  2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша):

1) Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Тұжырымдаманың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

  1. 3. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
  2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
  3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті                                                            Қ.Тоқаев

 

 

Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Дата публикации
30 марта 2022