Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатындаБҰЙЫРАМЫЗ
1. Қоса беріліп отырған ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушылар үшін Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсыіс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 527 және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 112 «Ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушылар үшін Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 12 желтоқсанда № 9966 болып тіркелген) Бірлескен бұйрығының Бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
(бұдан әрі – Агенттік) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторингагенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі