Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатындаБҰЙЫРАМЫЗ
1. Қоса беріліп отырған Тауар биржасы үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. «Тауар биржасы үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2014 жылғы 12 желтоқсанда № 9964 болып тіркелді)Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 532 жәнеҚазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2014 жылғы 28 қарашадағы № 119 Бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын
3Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
(бұдан әрі – Агенттік) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін
2) осы бірлескен бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі