Ақша аударымы қызметін көрсететін пошта операторлары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында Ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатындаБҰЙЫРАМЫЗ

1. Қоса беріліп отырған ақша аударымы қызметін көрсететін пошта операторлары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында Ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы
19 қарашадағы № 499 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 182 «Ақша аударымы қызметінкөрсететін пошта операторлары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында Ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 12 желтоқсанда № 9965 болып тіркелген)Бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
(бұдан әрі – Агенттік) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін

2) осы бірлескен бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

Ақша аударымы қызметін көрсететін пошта операторлары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында Ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Дата публикации
01 февраля 2022