Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-1 бабының 9) тармақшасын, 7-бабының 2-тармағын, 29-бабының 3, 7-тармақтарынжәне Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 8-тармағы іске асыру мақсатындаБҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қаржылық мониторингоргандарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық қамтамасыз ету нәтижелерін және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасын бағалау әдістемесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қаржылық мониторингоргандарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кәсіби құзыреттерді, түйінді көрсеткіштерді анықтау және бәсекеге қабілеттілікті есепке алу әдістері мен қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қаржылық мониторингоргандарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) мансаптық өсудің жүйесі мен өлшемшарттары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес қаржылық мониторингоргандарының жеделтергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық болжауды жүзеге асыру әдістемесі бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадр жұмысы департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынуын;
2) осы бұйрықтың ресми жариялануынан кейін Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов