БҰЙЫРАМЫЗ:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында және тексеру парағында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Субъективті өлшемшарттарды анықтау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:
1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.
Деректер базасын қалыптастыру, ақпарат жинау, талдау және тәуекелдерді бағалау тәртібі бақылау органның құқықтық актісімен бекітіледі.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Бақылау субъектілерінің субъективті өлшемшарттарының тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) бақылау субъектісі ұсынатын, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы берілетін мәліметтер мониторингінің нәтижелері;
2) алдыңғы тексерулердің және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері;
3) шағымдар мен өтініштердің болуы;
4) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері.
Бұл ретте, талдау және бағалау кезінде нақты бір бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын есепке алынған және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері қолданылмайды немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі біткен деректер.».
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі
|
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
|