Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ туралы келісімге және Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың бюджетін қалыптастыру және орындау тәртібіне өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қою туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса берiлiп отырған Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ туралы келiсiмге және Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың бюджетін қалыптастыру және орындау тәртібіне өзгерістер енгізу туралы Хаттаманың жобасы мақұлдансын.
  2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Қалдыбекұлы Элимановқа Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ туралы келiсiмге және Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың бюджетін қалыптастыру және орындау тәртібіне өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                                                А. Мамин

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ туралы келісімге және Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың бюджетін қалыптастыру және орындау тәртібіне өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қою туралы
Дата публикации
25 августа 2021