Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралардың кешенді жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
  2. «Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі
    2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту және «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 309 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы
    29 желтоқсандағы № 921 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. Орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, сондай-ақ Іс-шаралар жоспарының орындалуына жауапты мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):

1) Іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;

2) жартыжылдықта бір рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі 15 қаңтардан және 15 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржылық  мониторинг агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) (келісу бойынша) Жоспар                іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

  1. Агенттік есепті жартыжылдықтан кейінгі 15 наурыздан және 15 қыркүйектен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Іс-шаралар жоспары іс-шараларының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
  2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жыл қорытындылары бойынша есепті жылдан кейінгі 15 сәуірден кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспары іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан РеспубликасыныңПремьер-Министрі  А. Мамин

 

Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралардың кешенді жоспарын бекіту туралы
Дата публикации
19 августа 2021