Қаржылық мониторинг органдарының жедел–тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидаларын бекіту туралы

 

Қаржылық мониторинг органдарының жедел–тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидаларын бекіту туралы

 

 

         «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидалары бекітілсін.
  2. Күші жойылған деп танылсын:

1) «Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (Экономикалық тергеу қызметі) жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 729 бұйрығы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12778 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің                   2019 жылғы 19 ақпандағы № 121 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18339 болып тіркелген, 2019 жылғы                          27 наурыздағы ҚР НҚА эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

  1. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) кадр жұмысы департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

         1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынуын;

         2) осы бұйрықтың ресми жарияланынан кейін Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржылық мониторинг

агенттігінің төрағасы                                                                           Ж. Элиманов

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының
2021 жылғы «    » ____________
№ ____ бұйрығымен бекітілген

 

 

Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидалары

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 29-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) (бұдан әрі – ЭТҚ) жұмыс стандарттарын белгілеу тәртібін айқындайды.

 

 

  1. Жұмыс стандарттарын белгілеу тәртібі

 

  1. Жұмыс стандарттары (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) (бұдан әрі – жұмыс стандарттары) қаржылық мониторинг органдары қызметкерлерінің (бұдан - қызметкерлер) кәсіптік әрекеттерін және қызметтік жүктемені ретке келтiрудiң оңтайлы дәрежесiне жету үшін белгіленеді. Сондай-ақ қызметкерлердің қызметін бағалау және штат санын айқындау кезінде есепке алынады.
  2. Жұмыс стандарттары өзіне мыналарды қосады:

         1) өздерінің қызметтік міндеттерін сапалы орындау үшін қызметкерлердің нақты іс-қимылын нақты регламенттеу;

         2) қызметке алғаш кірген, сондай-ақ функционалдық міндеттерінің өзгеруіне алып келген жаңа лауазымдарға тағайындалған қызметкерлердің  бейімделу процесін жеделдету;

         3) халықтың сенім деңгейін жоғарылату;

         4) нақты жұмыс учаскелерінде, қызмет бағыттарында қызметкерлердің жұмыс сапасын бағалауға арналған өлшемшарттар жүйесін жасау;

         5) нақты жұмыс учаскелерінде қызметкерлердің жұмыс істеу шарттарының оңтайлы өлшемшарттарын әзірлеу;

         6) ойдағыдай орындалғаны не орындалмағаны туралы айғақтайтын нақты, өлшенетін нәтижелерді айқындай отырып, барлық жұмыс процестерін сипаттау.

  1. Қаржылық мониторинг органдары қызметінің әрбір бағыты және әрбір лауазымы бойынша орындалатын жұмыстардың талдауы жеке-жеке бірқатар кезекті кезеңдерден тұрады:

         1) әрбір лауазым қызметінің әрбір бағыты бойынша жұмыстардың барлық түрлерінің тізбесін жасау;

         2) олардың қатаң кезеңділігімен тиісті жұмыс түрін қалыптастыратын нақты әрекеттердің тізбесін жасау;

         3) әрбір нақты әрекет уақытының нормаларын айқындау;

         4) нақты әрекеттердің нәтижелеріне талаптар.

      Қызметтің бағыттары бойынша жұмыс стандарттарын Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары әзірлейді және қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне қоса беріледі.

  1. Бекітілген жұмыс стандарттарын енгізу кезең-кезеңмен жүргізіледі:

         1) қызметкерлерді жұмыс стандарттары енгізілетіні туралы хабардар ету, мақсаттарды және жұмыс стандарттарын енгізуге байланысты ұйымдастырушылық өзгерістерді түсіндіру;

         2) қызметкерлерді жұмыс стандарттарымен таныстыру және жұмыс стандарттарын орындау жөнінде оқыту тренингтерін өткізу;

         3) бақылауды ұйымдастыру;

         4) қызметкерлердің қажетті білімін, дағдысы мен машығын, жұмыстарды орындау үшін ынтасының жеткілікті болуын айқындау мақсатында бекітілген жұмыс стандарттарын талдау (қажет болған жағдайда, қызметкерлердің кәсіптік деңгейі мен біліктілігін жоғарылату жөнінде жұмыстар ұйымдастырылады).




 

 

 

 

 

 

 

 

Қаржылық мониторинг органдарының жедел–тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
30 июля 2021