Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервін, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмысты жүргізудің қағидаларын бекіту туралы
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 34-бабының 10-тармағына Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) «Кадр резервін қалыптастыру қағидаларын, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (Экономикалық тергеу қызметі) кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 728 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12787 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 121 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18339 болып тіркелген, 2019 жылғы 27 наурыздағы ҚР НҚА эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынуын;
2) осы бұйрықтың ресми жарияланынан кейін Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы Ж. Элиманов
|
|
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы « » ____________
|
|
Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне қойылатынқызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмысты жүргізудің қағидалары
1) Агенттіктің немесе аумақтық органдардың аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша кадр резервіне қою туралы ұсыным;
2) қызметтік міндеттерін атқару кезінде не арнайы тапсырмаларды орындау кезінде ерекше көзге түскен қызметкерлерді жеке және іскерлік қасиеттерін және осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олардың қызметтік жұмысының нәтижелерін зерделеу және бағалау негізінде құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына, Агенттіктің департаменттер директорларына, дербес басқармаларының және аумақтық органдарының басшыларына кадр резервіне қою үшін ұсыным болып табылады.
1) ұсынылып отырған лауазымға орналасу үшін көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуі;
2) қызметкердің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші;
3) қызметкердің қызметін бағалау нәтижелері;
4) ұсынылып отырған қызмет түрі бойынша тиісті кәсіби даярлық пен жұмыс тәжірибесінің болуы;
5) тиісті басшылар санатының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі;
6) кәсіптік қайта даярлау және біліктілігін арттыру нәтижелері;
7) тәртіптік және (немесе) әкімшілік жазалардың болуы.
1) Агенттік үшін Агенттіктөрағасының бұйрығымен;
2) аумақтық органдар үшін аумақтық органдары басшыларының бұйрығымен бекітіледі.
Комиссия төрағасы мен оның мүшелері кадр резервіне қосуға жататын қызметкерлерге қарағанда, аса жоғары лауазымды атқаруы тиіс.
Комиссия хатшысының дауыс беру құқығы жоқ.
Комиссияның шешімі комиссияның барлық мүшелері, оның отырысына қатысушылар және хатшы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
1) қарамағында болған кезде лауазымға тағайындалғанға дейін;
2) алынбаған тәртіптік және (немесе) әкімшілік жазасы болғанда;
3) қайта аттестаттаудан өту кезінде атқарып отырған лауазымға сәйкестігі туралы мәселені шешкенге дейін;
4) ақталатын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқартқанға дейін;
5) ақтау үкімі заңды күшіне енгенге дейін;
6) қызметтік тергеу аяқталғанға дейін.
1) қызметкердің бос басшы лауазымына орналасуы;
2) кадр резервінде болу мерзімінің өтуі;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін қызметкерге, сондай-ақ қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту, атқаратын лауазымынан босату немесе біліктілік сыныбында бір сатыға төмендеу түрінде тәртіптік жаза салынғанда;
4) қызметкердің бұдан әрі қызмет өткеруі үшін басқа құқық қорғау органына іссапарға жіберілуі;
5) қызметтен кетуі.
Қаржылық мониторинг
органдарының жедел-тергеу
бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервін қалыптастыру,
кадр резервіне қойылатын
қызметкерлердің біліктілігіне
қойылатын талаптарды және
кадр резервіне қойылған
қызметкерлердің ведомстволық
деректер банкімен жұмысты
жүргізудің қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Кадр резервіне қою туралы
ҰСЫНЫМ
және нөмірі, есептеу күні ___________________________________________
сондай-ақ қызметтік жұмысының сандық өлшемді көрсеткіштерін көрсете
отырып, қысқа мінездемесі: ________________________________________
_________________________________________________________________
лауазымға кадр резервіне қойылуға ұсынылады.
Кадр резервіне қою мүмкіндігін болдырмайтын негіздемелер жоқ (қарамағында болған кезде лауазымға тағайындалғанға дейін, алынбаған тәртіптік және (немесе) әкімшілік жазасы болғанда, қайта аттестаттаудан өту кезінде атқарып отырған лауазымға сәйкестігі туралы мәселені шешкенге дейін, ақталатын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқартқанға дейін, ақтау үкімі заңды күшіне енгенге дейін, қызметтік тергеу аяқталғанға дейін қызметкерлер кадр резервіне қойылмайды)
_______________________________ _______
(басшының лауазымы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
_______________________________ _______
(ішкі қауіпсіздік бөлімшесі басшының лауазымы, қолы, тегі, аты әкесінің аты (ол болған жағдайда))
202__ж. «___» _____________
Қаржылық мониторинг
органдарының жедел-тергеу
бөлімшелерінің
(экономикалық тергеу қызметі)
кадр резервін қалыптастыру,
кадр резервіне қойылатын
қызметкерлердің біліктілігіне
қойылатын талаптарды және
кадр резервіне қойылған
қызметкерлердің ведомстволық
деректер банкімен
жұмысты жүргізудің
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
«Бекітемін»
_____________________
_____________________
(тізімді бекітетін тұлғаның лауазымы,
тегі (ол болған кезде), аты-жөні және
қолы, күні)
Кадр резервіне енгізілген қызметкерлердің тізімі
|
№ р/с |
Басшы лауазымның атауы |
Резервтегі адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) |
Атқарып отырған лауазымы |
Туған күні, айы, жылы |
Біліктілік сыныбы |
Атқарып отырған лауазымдағы өтілі |
Құқық қорғау органдарындағы өтілі |
Лауазымға тағайындалғаны немесе кадр резервінен шығарылғаны туралы белгі және негіздеме |
|
|
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Қолы __________________________________
(тізімді жасаған тұлғаның лауазымы, тегі, аты-жөні және қолы)