Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызметке түсумен және бос лауазымдарға орналасумен байланысты кейбір мәселелер туралы

 

Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызметке түсумен және бос лауазымдарға орналасумен байланысты кейбір мәселелер туралы

 

 

         «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-тармағына және 29-бабының 6-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мына:

       1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кандидаттардың ведомстволық деректер банкін қалыптастырудың және онымен жұмыс істеу қағидалары;

         2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің web-порталында қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді орналастыру қағидалары және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтері бекітілсін.

  1. Күші жойылды деп танылсын:

1) «Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (Экономикалық тергеу қызметі) қызметке кіруге және бос лауазымдарға орналасуға байланысты кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 727 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12758 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);;

2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің                     2019 жылғы 19 ақпандағы № 121 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18339 болып тіркелген, 2019 жылғы                         27 наурыздағы ҚР НҚА эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

  1. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) кадр жұмысы департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

         1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынуын;

         2) осы бұйрықтың ресми жарияланынан кейін Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржылық мониторинг

агенттігінің төрағасы                                                                           Ж. Элиманов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының

2021 жылғы «     » ______________

№ ____ бұйрығына

1-қосымша

 

 

Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кандидаттардың Ведомстволық деректер банкін қалыптастырудың және онымен жұмыс істеу қағидалары

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1.   Осы Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кандидаттардың ведомстволық деректер банкін қалыптастырудың және онымен жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы                                6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кандидаттардың ведомстволық деректер банкін қалыптастыруды және жұмыс тәртібін айқындайды.

     

 

  1. ЭТҚ-ға кандидаттардың ведомстволық деректер банкін қалыптастыру және жұмыс істеу тәртібі

 

  1. Деректер банкін, оның толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігіндегі (бұдан әрі - Агенттік) және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Экономикалық тергеу департаменттеріндегі (бұдан әрі – аумақтық органдар) өткізеді.
  2. Деректер банкі есептеу техника құралдарын пайдаланумен автоматтандырылған ақпараттық жүйе негізінде, сондай-ақ қағаз және электрондық тасымалдағыштарында құжаттамалық материалдарды жинақтау жолымен жұмыс істейді және олардың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін көрсетумен ақпаратын қамтиды.
  3.   Деректер банкі қағаз тасымалдағышында осы Қағидаларға                                 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олардың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін көрсетумен қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызметке орналасатын кандидаттару туралы мәліметтерді және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізу жолымен қалыптастырылады.

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаржылық мониторинг
органдарының жедел-тергеу
бөлімшелерінде (экономикалық
тергеу қызметі) кандидаттардың
ведомстволық деректер банкін
қалыптастырудың және онымен
жұмыс істеу қағидаларына
1-қосымша

 

Нысан

 

 

Олардың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін көрсете отырып қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке кандидаттар туралы мәліметтер

 

 

1. Аты, әкесінің аты, тегі, (бар болған жағдайда) (оның ішінде бұрынғы), туған күні, айы, жылы және жері
 



 2. Жеке басын және азаматтығын куәландыратын құжаттың деректері
 



 3. Тұрғылықты және тіркеу орны бойынша мекенжай
 



4. Телефондардың (мобильді және үй), соның ішінде оның атына тіркелмегендердің нөмірлері
 



5. Әскери мiндеттiлер есебiне алынған және әскери қызметке шақырылуға жататын адамдар (сериясы, нөмірі, берілген күні, әскери билетті, тіркеу куәлігін берген органның атауы)
 



4. Отбасы құрамы туралы
 



7. Қызметке жарамдылығын айқындау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық немесе психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден (оны өткен жағдайда) өткендігі туралы мәлімет
 



8. Кандидаттардың және олардың жақын туыстарының соттылығы туралы мәлімет
 



9. Аттестаттаудың (оны өткен жағдайда) нәтижелері
 



10. Білімі, біліктілігі туралы және арнаулы білімдердің және арнайы даярлықтың бар болуы туралы мәлімет (сериясы, нөмірі, дипломның берілген күні, білім беру мекеменің атауы мен орналасқан жері)
 



11. Біліктілікті арттыруы және қайта даярлығы (оны өткен жағдайда) туралы мәлімет (сериясы, нөмірі, біліктілікті арттыруы және қайта даярлығы туралы құжатты немесе сертификатты берген күні, білім беру мекеменің атауы мен орналасқан жері)
 



12. Қызметкерлердің мемлекеттік және ведомстволық наградалары, құрмет және арнаулы атақтары, көтермелеулері (оның ішінде награданың, атақтың немесе көтермелеудің атауы немесе аты, марапаттау туралы нормативтік актінің күні және түрі немесе көтермелеу күні), ғылыми дәрежесі немесе атағы туралы мәлімет
 





 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаржылық мониторинг
органдарының жедел-тергеу
бөлімшелерінде (экономикалық
тергеу қызметі) кандидаттардың
ведомстволық деректер банкін
қалыптастырудың және онымен
жұмыс істеу қағидаларына
2-қосымша

Нысан

 

Еңбек қызметі туралы мәлімет

 

Күні

Лауазымы, жұмыс орны,
ұйымның орналасқан жері

келу

кету

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының

2021 жылғы «     » ______________

№ ____ бұйрығына

2-қосымша

 

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің web-порталында қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді орналастыру қағидалары және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтері

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

 

  1. Осы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің web-порталында қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді орналастыру қағидалары және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтері (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) бос басшы лауазымдары және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің web-порталында орналастыру тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер қолданылады:

1) әкімші – web-порталдың барлық элементтеріне шектелмеген қол жетімділігі бар Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) қызметшісі;

2) модератор – web-порталда ақпараттық материалдарды орналастыру құқығымен қол жетімділігі бар Агенттіктің құрылымдық бөлімшенің және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Экономикалық тергеу департаменттеріндегі (бұдан әрі – аумақтық органдар) қызметшісі;

3) web-портал – Агенттіктің ресми интернет – ресурсы, домендік атауы (мекенжайы) www.аfmrk.gov.kz.

     

 

 

 

 

  1. Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің web–порталында орналастыру тәртібі

 

  1. Мәліметтердің орналастыруын ақпараттық материалдарды web-порталда орналастыру үшін жауапты модераторлар жүргізеді.
  2. Агенттіктің web-порталында бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтерді орналастыру үшін жауапты модераторды Агенттіктің төрағасы, аумақтық органдардың басшысы айқындайды.
  3. Агенттіктің және аумақтық органдардың кадр қызметі бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтерді дайындайды.
  4. Бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтерді кадр қызметінің қызметшісі Агенттіктің web-порталында оларды орналастыру үшін жауапты модераторға жолдайды.
  5. Web-порталға ақпаратты орналастыру үшін жауапты модератор ауысқан жағдайда Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері және аумақтық органдары модератордың құқықтарына қол жетімділікті беру үшін 5 жұмыс күні ішінде әкімшіге ақпараттандырады.
  6. Мәліметтерді орналастыру web-порталы бар басқару жүйесінде жүргізіледі.
  7. Бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтер «Біз туралы» деген 1-бөлімнің «Кадрлық қамтамасыз ету» деген бөлімшесінде орналастырылады.
  8. Бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтер бос басшы лауазымдар пайда болған кезде жаңартылады.
  9. Бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтерді орналастыру кезінде web-порталда бар барлық тілдік нұсқалардағы түпнұсқалылығы сақталады.
  10. Агенттіктің және аумақтық органдарының кадр қызметтерінің басшылары бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтердің дұрыстығын, нақтылығын, өзектілігін, ұсынудың уақтылығын және жаңартылуын қамтамасыз етеді.
Дата публикации
30 июля 2021