Ротацияға жататын қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) басшылық лауазымдардың тізбесін және оларды ауыстыру
қағидаларын бекіту туралы
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 31-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ротацияға жататын қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) басшылық лауазымдардың тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ротацияға жататын қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) басшылық лауазымдарын атқаратын қызметкерлерін ауыстыру қағидалары бекітілсін.
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Ротациялауға жататын қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (Экономикалық тергеу қызметі) басшы лауазымдарының тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 724 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12761 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);;
2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 121 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18339 болып тіркелген, 2019 жылғы 27 наурыздағы ҚР НҚА эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынуын;
2) осы бұйрықтың ресми жарияланынан кейін Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы Ж. Элиманов
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының
2021 жылғы « » ____________
№ ____ бұйрығына
1-қосымша
Ротацияға жататын мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) басшылық лауазымдарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) орталық аппаратында басқарма басшысы;
Агенттіктің аумақтық органдарында:
құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша экономикалық тергеу департаменттері басшысының орынбасары;
басқарма басшысы.
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының
2021 жылғы « » ____________
№ ____ бұйрығына
1-қосымша
Ротацияға жататын қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) басшылық лауазымдарын атқаратын қызметкерлерін ауыстыру қағидалары
Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) қызметкерлерін ауыстыру тәртібі
1) деңгейаралық («орталық-өңір», «өңір-орталық»);
2) өңірааралық («өңір-өңір»);
3) сектораралық («орталық-орталық»).
1) ЭТҚ қызметкерінің аты, әкесінің аты, тегі, (бар болған жағдайда);
2) ЭТҚ қызметкерінің лауазымы, біліктілік сыныбы;
3) аталған басшылық лауазымда ротациялаудың жоспарланған мерзімі;
4) отбасы жағдайы және отбасы мүшелерінің саны;
5) ЭТҚ қызметкерін қызметтік тұрғын үй-жаймен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы ақпарат.
Ротациялау бойынша қабылданған шешім жеке құрам бойынша Агенттік төрағасының бұйрығымен ресімделеді.
Көрсетілген мән-жайлар құжаттармен расталуы тиіс.