Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
- Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) кадр жұмысы департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың ресми жарияланынан кейін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынуын;
2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы Ж. Элиманов
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
төрағасының
2021 жылғы « » ____________
№ ____ бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
- «Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (Экономикалық тергеу қызметі) жас қызметкерлерді бейімдеу және тәлімгерлікті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 722 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12772 болып тіркелген).
- «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 қарашадағы № 966 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17714 болып тіркелген).
- «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 121 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18339 болып тіркелген).