БҰЙЫРАМЫЗ:
көрсетілген Бірлескен бұйрықпен бекітілген прокуратура органдарына қызметке, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін тұлғалар үшін бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу ережелерінде және оны өткеру шарттарында, сондай-ақ оларды бастапқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерінде
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Әңгімелесу өткізу үшін құрамына кемінде бес мүше кіруі тиіс әрбір құқық қорғау органында не оның аумақтық бөлімшесінде комиссия құрылады. Прокуратура органдарына үміткерлер үшін әңгімелесу аумақтық бөлімшелерде өткізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне үміткерлер үшін әңгімелесу осы органдардың орталық аппараттарында өткізіледі.
Құқық қорғау органының шешімі бойынша әңгімелесу аудио-бейне хаттама жасаумен бейнеконференцбайланысты қолдану арқылы "онлайн" өткізілуі мүмкін»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Үміткерлерді полиграфологиялық зерттеуден өткізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту ережелерінде айқындалатын тәртіппен жүргізіледі».
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
Қазақстан Республикасы Қаржылық
мониторинг агенттігі
_________________ Ж. Элиманов
Қазақстан Республикасы
Бас прокуроры
_________________ Г. Нурдаулетов
Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің төрағасы
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
___________________ М. Ахметжанов