«1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы №1453 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
    2004 жылғы 31 желтоқсандағы №1453 қаулысында мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ:

алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі – банкроттық рәсімі қозғалған заңды тұлғалардың өздерінің дәрменсіздігі туралы берешекті төлеуіне байланысты мемлекеттік органдардың сұрау салулары мен азаматтардың өтініштері бойынша, жеке және заңды тұлғалардың резиденттігін растайтын құжаттар бойынша немесе осындай құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері бойынша, сондай-ақ оның құзыретіне жататын құжаттар бойынша;»;       мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторингі агенттігі – прокурордың және тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік әрекеттерді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ оның құзыретіне жататын құжаттар бойынша;»;

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                       А. Мамин

«1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы №1453 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Дата публикации
12 июля 2021