БҰЙЫРАМЫН:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидаларында:
1 тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
«1. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның
тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін оған қаражат төлеу қағидалары
(бұдан әрі – Қағидалар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы»
2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы
8-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді (бұдан әрі – Заң) және қаржы мониторингі субъектілерінің (бұдан әрі – ҚМС) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) енгізілген жеке тұлғаға өзінің және дербес кіріс көздері жоқ өз отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін қаражат төлеу тәртібін айқындайды.»;
3 тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
1) отбасы мүшелері – жұбайы (зайыбы), ерлі-зайыптылардың ортақ немесе біреуінің кәмелетке толмаған балалары (оның ішінде асырап алынған, асырауындағы немесе қорғаншылығындағы (қамқоршылығындағы), асырауындағы ата-аналары және жұбайының (зайыбының) ата-аналары;
2) тізбе – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі өзінің интернет-ресурсында жасайтын және орналастыратын терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізімі.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де анықтамалар мен терминдер Заңға сәйкес қолданылады.»;
5 тармақтың екінші бөлімі келесідей редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган осы Қағиданың 5 тармағының бірінші бөлігінде көзделген хабарламаны алғаннан кейін оны алған сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде операция жүргізу не операцияны жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және оны қазақ тілінде немесе орыс тілінде бөлінген байланыс арналары арқылы электрондық тәсілмен ҚМС-ке жеткізеді.»;
қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер министрлiгi