Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы

«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2-тармағына «Құқықтық актілері туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының  27-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес күдікті операцияны айқындау белгілері бекітілсін.

  1. «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 938 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу № 21340) күші жойылды деп танылсын.
  2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

  1. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеу күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Төраға                                                                           Ж. Элиманов

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикаcы

Мәдениет және спорт министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикаcының

Ұлттық банкі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикаcы

Ұлттық экономика министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикаcы

Сауда және интеграция министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы
Дата публикации
09 июня 2021