«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 16-2-бабы 5-тармағына және «Құқықтық актілері туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
- Қоса беріліп отырған Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу қағидалары мен негіздері бекітілсін.
- «Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу қағидалары мен негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 18 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 127 бірлескен бұйрығынның (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу № 14952) және «Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу қағидалары мен негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 18 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 127 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралыҚазақстан Республикасы Бас прокурорының 2019 жылғы 5 карашадағы № 139 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 8 қарашадағы № 1237 бірлескен бұйрығының (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу № 19594) күші жойылды деп танылсын.
- Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және Агенттіктің ресми интернет-ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркеу күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
________________ Ғ.Нұрдәулетов
|
Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
______________ Ж. Элиманов
|