- Жалпы ережелер
- Осы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңес туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 6-тармағына, Үкіметтің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 22264 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге (бұдан әрі - Үлгілік ереже) сәйкес әзірленді.
- Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңес (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) консультативтік-кеңесші, бақылау органы болып табылады.
- Қоғамдық кеңестің мақсаттары мен міндеттері
- Қоғамдық кеңес қызметінің мақсаты Агенттік құзыретіне кіретін қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру болып табылады.
- Қоғамдық кеңестің міндеттері:
1) Агенттіктің шешімдерді талқылауы мен қабылдауы кезінде азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және жұртшылықтың пікірін ескеру;
2) Агенттіктің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын дамыту;
3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және Агенттік қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.
- Қоғамдық кеңес қызметінің қағидаттары
- Қоғамдық кеңес өз қызметін мына қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
1) тәуелсіздік;
2) оның мүшелерінің қызметі қоғамдық негіздерде;
3) автономдық;
4) дербестік;
5) жариялылық.
- Қоғамдық кеңестің өкілеттіктері
- Қоғамдық кеңестің өкілеттіктеріне мыналар жатады:
1) бюджеттік бағдарламалардың, стратегиялық жоспарлардың және өзге де мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын талқылау;
2) нысаналы индикаторларға қол жеткізу туралы есептерді талқылау;
3) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою), карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауға, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу;
4) Агенттік қызметінің тиісті саласының қоғамдық маңызды, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауды қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және Агенттікке енгізу;
6) Қоғамдық кеңес туралы ережені бекіту;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген нысандарда қоғамдық бақылауды жүзеге асыру;
8) Агенттік қызметінің бағыттары бойынша комиссиялар құру;
9) мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жергілікті деңгейде заңдылықты қамтамасыз ету және адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын сақтау мәселелері бойынша Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басшыларын тыңдау;
10) өзге де өкілеттіктер.
- Осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 4-1), 6), 7), 8) және 13)-тармақтарымен көзделген өкілеттіктерін орындау қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңес Агенттік төрағасына ұсынымдар енгізеді, ол бір ай ішінде, ал 1) тармақша бойынша он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімді қабылдайды және (немесе) Агенттіктің бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қоятын уәіжді жауапты береді.
- Қоғамдық кеңестің және оның мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
- Қоғамдық кеңестер мүшелерінің өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында:
1) Агенттікке қол жетімділік;
2) мемлекеттік құпияларды немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер қаралатын отырыстар мен іс-шараларды қоспағанда, Агенттік өткізетін іс-шараларға қатысу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша Агенттікке жүгіну;
4) Қоғамдық кеңесте қаралуға жататын азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу;
5) жекелеген салалық мәселелер бойынша уақытша жұмыс органдарын құру;
Қоғамдық кеңестердің қарау үшін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын анықтау тәртібі Қоғамдық кеңес туралы типтік ережеде анықталады;
6) Агенттіктен Қоғамдық кеңес мүшесінің мәртебесін куәландыратын құжатты алу;
7) Агенттіктің құзыретіне жатқызылған мәселелерді талқылау үшін оның өкілдерін Қоғамдық кеңестің отырыстарына шақыру;
8) қажетіне қарай тұрақты және (немесе) уақытша жұмыс органдарын: комитеттер мен сараптама топтарын құру;
9) ерекше тәртіп қолданыла отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуды қоспағанда, Агенттіктің мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық комиссияларына қатысу құқығы бар.
- Қоғамдық кеңес және оның мүшелері өз қызметінде:
1) Конституцияның, оған сәйкес келетін заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын сақтауға;
2) өз қызметін жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға;
3) жылына екі реттен жиі емес бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) интернет-ресурстар арқылы халыққа Қоғамдық кеңестің қызметі туралы ақпарат беруге;
4) өз қызметі туралы жылдық есепті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және (немесе) Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруға;
5) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолжетімділігі шектелуге жатпайтын ақпаратты қоспағанда, дербес деректер субъектісінің келісімінсіз дербес деректерді таратпауға, сондай-ақ Агенттіктен алынған мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
- Қоғамдық кеңесті қалыптастыру
- Қоғамдық кеңес он бестен отызға дейінгі мүшеден құралуы мүмкін.
- Қоғамдық кеңестің сайланған құрамының өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды.
- Қоғамдық кеңес адам санын көбейту қажет болған кезде Үлгілік ережеде көзделген тәртіппен құрамына қосымша конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.
- Қоғамдық кеңес қосымша конкурс өткізу үшін Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырады.
- Хабарландыруда:
1) Агенттіктің атауы;
2) Заңның 10-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес құжаттар жіберілетін пошталық және электрондық мекенжайлар, конкурсқа қатысу үшін беру мерзімдер, құжаттар тізбесі және кандидаттарға қойылатын талаптар;
3) Агенттіктің және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар қатарынан Қоғамдық кеңестің сандық құрамы көрсетіледі.
- Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде қажетті құжаттарды қоса бере отырып, Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес пошталық немесе электрондық мекенжайға ұсыныстар береді.
- Қоғамдық кеңес құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде отырыста Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар бойынша келіп түскен құжаттарды талқылауды және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді жүргізеді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар Қоғамдық кеңестің құрамына сайланды деп есептеледі. Бірдей дауыс санын алған кандидаттар бойынша Қоғамдық кеңестің төрағасы шешуші дауыс құқығын өзіне қалдырады.
- Қоғамдық кеңестің жаңа мүшелері өкілеттіктерін тоқтатқан Қоғамдық кеңес мүшелерінің қалған өкілеттік мерзіміне сайланады (тағайындалады).
- Қоғамдық кеңестің жұмыс органдарын ұйымдастыру
- Қоғамдық кеңестің жанынан 3 комитет құрылды:
нормативтік құқықтық актілерді қарау бойынша,
мемлекеттік басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша,
стратегиялық жоспарларды орындау мәселелерін және нысаналы индикаторларға қол жеткізу нәтижелерін қарау бойынша.
Комитеттердің сандық құрамы кемінде үш адамды құрайды.
- Комитеттер Агенттіктің құзыретіне жатқызылған қоғамдық маңызы бар мәселелерді зерделеу үшін Қоғамдық кеңестің шешімімен құрылды тізбесі және кандидаттарға қойылатын талаптар;
- Комитет құрамына Қоғамдық кеңестің мүшелері, коммерциялық емес ұйымдардың, ғылыми, кәсіподақ әне басқа да ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Қоғамдық кеңестің өзі айқындайтын және оның отырысында бекітілетін сарапшылар кіре алады.
- Комитеттердің өкілгі Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша тоқтатылады.
- Қоғамдық кеңестер уақытша жұмыс органдарын – сараптама топтарын құрады. Олар Қоғамдық кеңестің құзыретіне жатқызылған тиісті саланың немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты мәселелерін зерделеу үшін Қоғамдық кеңестің шешімімен құрылады.
- Сараптамалық топтардың құрамы Қоғамдық кеңес мүшелерінің, мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың, ғылыми, кәсіподақ және мүдделі ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен, сарапшылардан құралады.
- Қоғамдық кеңестің сараптамалық топтары:
1) зерделенетін мәселелер бойынша материалдармен алдын ала танысуды және қорытындылар бойынша оның бағытына сәйкес мәселелерді Қоғамдық кеңес комиссиясының отырысында қарауға дайындауды жүзеге асырады; оның бағыттарына сәйкес оларды Қоғамдық кеңестер комиссияларына қарауға ұсынады;
2) зерделенетін мәселелер бойынша сараптамалық қорытындылардың жобаларын дайындайды және оларды қоғамдық кеңестер комиссияларында қарау үшін оның бағытына сәйкес ұсынады.
- Нақты мәселе жөніндегі материалдарды зерделеу қорытындылары бойынша сараптама тобы қорытынды жасайды және оның бағытына сәйкес Қоғамдық кеңестің тиісті комиссиясына қарауға жібереді.
Сараптама тобының зерделенетін мәселелер бойынша қорытынды материалдарын Қоғамдық кеңес тиісті комиссиясының ұсынысы бойынша қарайды.
- Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру
- Заңнамада көзделген өкілеттіктерді іске асыру үшін Қоғамдық кеңес отырыстар өткізеді.
- Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі.
Қоғамдық кеңестің отырыстарын бейнеконференцбайланыс режимінде өткізуге жол беріледі.
- Қоғамдық кеңестің отырыстарына Агенттіктің, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіподақ және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылады.
- Мәселелерді қарау нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңес Агенттіктің қарауы және Заңның 5-бабының 2-тармағында, 5-1-бабының 2-тармағында көзделген мерзімдерде шешімдер қабылдау үшін міндетті болып табылатын ұсынымдарды қабылдайды.
- Қоғамдық кеңес азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты Агенттік жіберген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарайды.
- Қоғамдық кеңестің хатшысы нормативтік құқықтық актінің жобасын алған кезден бастап ұсыныстар енгізу үшін бір жұмыс күні ішінде Қоғамдық кеңес мүшелеріне қағаз немесе электрондық тасығыш не электрондық пошта арқылы таратуды ұйымдастырады.
- Қоғамдық кеңестің мүшелері екі жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық актінің жобасын қарайды және Қоғамдық кеңестің хатшысына нормативтік құқықтық актінің жобасын қарау не нормативтік құқықтық актінің жобасын қараусыз қалдыру жөнінде қабылданған шешім туралы хабарлайды.
- Қоғамдық кеңестің хатшысы Кеңес мүшелерінің келіп түскен ұсыныстарын түпкілікті шешім қабылдау үшін Кеңес төрағасының қарауына енгізеді.
- Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасын қарау не қараусыз қалдыру жөніндегі шешімі Қоғамдық кеңес мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Қоғамдық кеңес төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
- Қоғамдық кеңес шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде Қоғамдық кеңестің хатшысы Агенттікті Кеңестің қабылдаған шешімі туралы хабардар етеді.
- Қоғамдық кеңес нормативтік құқықтық актінің жобасын қарау туралы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық актінің жобасы Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен оның отырысына қарау үшін енгізіледі.
- Нормативтік құқықтық актінің жобасын қарау қорытындылары бойынша шешім Қоғамдық кеңес мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Қоғамдық кеңес төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
- Дауыс беру қорытындыларын ескере отырып, Қоғамдық кеңестің хатшысы қаралатын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Кеңес ұсынымдарының жобасын дайындайды және Кеңестің төрағасына қол қоюға енгізеді.
- Қоғамдық кеңестің төрағасы қол қойған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде кеңестің ұсынымдарын кеңестің хатшысы Агенттікке нормативтік құқықтық актінің жобасын қағаз немесе электрондық тысынышта не электрондық пошта арқылы қарауға жібереді.
- Қоғамдық кеңес өтініштерді қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) өтінішті Агенттікке жіберу туралы;
2) осы өтінішті Қоғамдық кеңестің отырысында қарау туралы;
3) келіп түскен өтінішті қарау бойынша қоғамдық бақылау нысандарының бірін жүргізу туралы.
- Қоғамдық кеңестің хатшысы өтініш берушіге заңнамада көзделген мерзімде өтінішке дайындалған жауапты жібереді.
- Қоғамдық кеңестің төрағасы өз өкілеттіктері шеңберінде:
1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;
2) отырыстарда төрағалық етеді;
3) Қоғамдық кеңес атынан құжаттарға қол қояды;
4) Қоғамдық кеңестің шешімдерін іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;
5) Агенттіктің отырыстарына кеңесші дауыс құқығымен қатысады;
6) өзі болмаған уақытта төрағаның міндетін атқаруды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне береді.
- Ұйымдастыру мәселелерін шешуді қамтамасыз ету, Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізу, кеңесте іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу мақсатында кеңестің хатшысы:
1) Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;
2) Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдеріне бақылау жасайды.
- Қоғамдық кеңестің хатшысы Қоғамдық кеңестің мүшесі болып табылмайды.