«Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өздерінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1483 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өздерінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1483 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өздерінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтер беру қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы _________
№ _____ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы _________
№ ____ қаулысымен
бекітілген
Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өздерінің
ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтер беру
қағидалары
- Жалпы ережелер
- Осы Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өздерінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өздерінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтерді Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
1) автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – ақпаратты жасауды, жинауды, өңдеуді, жинақтауды, сақтауды, іздестіруді, таратуды және тұтынуды қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен;
2) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;
3) ақпараттық ресурстар – электрондық түрде сақталатын (ақпараттық дерекқорлар), ақпараттық жүйелердегі ақпарат;
4) ақпараттық өзара іс-қимыл жасауға қатысушылар – Агенттік және осы Қағидаларға сәйкес Агенттікке өзінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтер беретін тиісті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
5) Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлiк ортасы (бұдан әрі – МО БКО) – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, ведомствоаралық ақпараттық-коммуникациялық желiден тұратын, басқару және ұйымдастыру мақсаттарын iске асыруға және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, мемлекеттiк органдардың, олардың аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарын қоса алғанда, арасындағы өзара іс-қимылға, сондай-ақ «электрондық үкiметтiң» электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiнiң өзара iс-қимылын қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желiсi;
6) МО АЖмР – Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелері мен ресурстары.
- Ақпараттық жүйелерден және ресурстардан
мәліметтер беру тәртібі
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өздерінің МО АЖмР-дан мәліметтерді Агенттікке мынадай тәсілдермен:
1) МО БКО арқылы МО АЖмР деректер қорына Агенттіктің ақпараттық жүйелерін интеграциялау жолымен;
2) сұрау салу және жауап беру режимінде МО БКО арқылы МО АЖмР деректер қорына рұқсат беру жолымен;
3) осы Қағидалардың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тәсілмен мәліметтер беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, АЖО-ға
рұқсат беру арқылы;
4) осы Қағидалардың 3-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген тәсілмен мәліметтерді беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, Агенттіктің ақпараттық ресурстарына мәліметтер алу арқылы;
5) осы Қағидалардың 3-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен мәліметтер беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, қағаз жеткізгіште береді.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары қол жеткізу шектелген электрондық ақпараттық ресурстардан мәліметтерді Агенттікке Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, осы Қағидалардың 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген тәсілмен береді.
- Ақпараттық жүйелерден және ресурстардан берілетін мәліметтерді және оларды беру мерзімін ақпараттық өзара іс-қимылға қатысушылар бірлесіп бекітілетін актіге сәйкес айқындайды.
6. Ақпараттық өзара іс-қимылға қатысушылар осы Қағидалардың шеңберінде алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды және өз қызметінің процесінде алынған қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты сақтаудың, қорғаудың және оның сақталуының режимін қамтамасыз етеді.