«Қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 6 желтоқсандағы № 689 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидасын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы                                             26 желтоқсандағы № 689 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы                                            № 689 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12756 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде                               2016 жылғы 14 наурызда жарияланды)  мынадай өзгерістер енгізілсін:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 128, 131-баптарында көзделген тәртіпте ұсталған адамдарды, сондай-ақ оларға қатысты ҚР ҚПК-нің 147-бабының негізінде сот күзетпен ұстауды санкциялаған адамдарды айдауылмен алып жүру жөніндегі міндетті орындау үшін Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) экономикалық тергеп-тексеру қызметінде (бұдан әрі – ЭТҚ) және оның аумақтық органдарында (бұдан әрі – ЭТД) жедел қызметтер қызметкерлерінің есебінен айдауыл топтар (бұдан әрі – айдауыл) құрылады.»;

7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Айдауылдың қозғалысын бақылауды Агенттіктің, ЭТД-ның кезекші бөлімі орнатылған радио арналары және телефон байланысы бойынша үздіксіз жүзеге асырады.

  1. Айдауылдың құрамын, аға айдауылды тағайындауды, нұсқама жүргізуді, байланыс тәртібін Агенттіктің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары (оны алмастыратын тұлға) айқындайды.

Әйелдерді айдауылмен алып жүру кезінде айдауылдың құрамына                           ЭТҚ-ның әйел қызметкерлері кіргізіледі.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Агенттіктің, ЭТД-ның жедел кезекшісі айдауылды жедел басқаруды қамтамасыз етеді:

 1) арнаулы автомобильдердің шығуы мен қайта келуін бақылап отырады;

 2) жасақтардың қызмет ету аяқталған соң қаруларды, оқ-дәрілерді және басқа да оларға берілген арнаулы және техникалық құралдарды өз уақытында және толық тапсыруын қадағалайды.»;

21-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Айдауылдау туралы талапты Агенттіктің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары (оны алмастыратын тұлға) бекітеді және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.»;

27, 28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Айдауыл медициналық қобдишамен қамтамасыз етіледі, әрбір айдауыл адам жарақаттанғанда, сәтсіз оқиғаларға ұшырағанда және аяқ астынан ауырып қалған кезде алғашқы медициналық жәрдем көрсетуді білуі керек.                          

 Қажет болған кезде Агенттіктің, ЭТД-ның жедел кезекшісін хабардар ете отырып, медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізіледі.

  1. Айдауылда болатын адамдар жол үстінде қайтыс болған жағдайда аға айдауыл Агенттіктің, ЭТД-ның жедел кезекшісін хабардар етеді, ол қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін жақын орналасқан ішкі істер органынан жедел топты шақырады.

   Тергеу әрекеттерін жүргізгеннен кейін, қайтыс болған адамның мәйітін тергеушінің қаулысы бойынша сот-медициналық сараптама жүргізу үшін жақын маңда орналасқан мәйітханаға жеткізіледі.

  1. Күдіктілерді, айыпталушыларды елді мекендердің шегінде айдауылдау арнаулы автомобильдерде жүзеге асырылады.

 Ерекше жағдайларда, арнаулы автомобиль болмаған кезде, таяу қашықтыққа айдауылдау Агенттіктің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарының (оны алмастыратын тұлға) рұқсатымен қызметтік жеңіл автокөлікпен жүзеге асырылуы мүмкін.»;

32-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

 «Айдауылдың құрамын, санын және қаруландыруды Агенттіктің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары (оны алмастыратын тұлға) айқындайды:»;

38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«38. Аға айдауыл түпкілікті барар пунктке дейін бара жатқан жолда Агенттіктің, ЭТД кезекшісімен байланыс ұстап отыруға міндетті.

           Айдауылданушылардың жүріп-тұруының қауіпсіздігін және сенімді күзетілуін қамтамасыз ету мақсатында арнаулы автомобильдер жарқылдағыш маяктармен, радиостанциялармен және Агенттіктің, ЭТД кезекші бөлімінің пультіне дабыл беретін, жүргізуші мен айдауыл арасындағы сөйлесу құрылғыларымен жабдықталады.»;

39-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«39. Айдауылдау бағытының қашықтығы ұзақ болған жағдайда не әуе көлігі жалғыз қатынас құралы болып табылса тек Агенттіктің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарының (оны алмастыратын тұлға) рұқсатымен көліктегі ішкі істер органдарымен келісу бойынша әуе кемелерін және әуе кемесінің командирін пайдалануға рұқсат етіледі.»;

47-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

 «47.  Агенттіктің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары (оны алмастыратын тұлға):»;

48-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«48. Түпкілікті барар пункттегі Агенттіктің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары (оны алмастыратын тұлға):»;

56-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«56. Түпкілікті барар пункттегі Агенттіктің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары (оны алмастыратын тұлға):»;

57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«57. Күдіктілерді, айыпталушыларды межелі жерге жеткізгеннен кейін аға айдауыл әкелінген адамды сот,  Агенттік, ЭТД ғимараттарында уақытша ұстау бөлмесіне орналастырады, қолындағы кісенді шешеді.»;

60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:  

«60.  Агенттік, ЭТД ғимаратында тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін айдауылданушыны денесіне зақым келтірудің және тыйым салынған заттардың болмауына міндетті түрде сырт келбетін тексеріп, жеке тінту жасай отырып, тергеушіден қабылдап алады.

Анықталған жағдайда тыйым салынған заттарды алады, бұл туралы баянатпен Агенттіктің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына (оны алмастыратын тұлға) баяндайды.»;

64-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

 «Нарядтың құрамын, түрін, санын, қызмет атқару кестесін Агенттіктің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары (оны алмастыратын тұлға) айқындайды, әйелдерді күзету кезінде, наряд құрамына ЭТҚ-ның әйел қызметкерлері кіреді.»;

2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Жедел департаментінің 1-басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде  мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржылық мониторинг агенттігінің

Төрағасы                                                                               Ж. Элиманов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                       Қазақстан Республикасының

Қаржылық мониторинг

агенттігі Төрағасының                              2021 жылғы__________   «___»                     № ___ бұйрығына 1-қосымша

 


Қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларына 2-қосымша

Нысан

Жол журналы

     

      Айдауыл __________________________________________________________
____________________________________________________________________
                        (Агенттіктің, ЭТД-ның атауы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                              Қазақстан Республикасының

 Қаржылық мониторинг

агенттігі Төрағасының                            

  2021 жылғы__________   «___»                     

№ ___ бұйрығына 2-қосымша

 

 

Қаржы мониторингі органдары
жедел-тергеу бөлімшелерінің
(экономикалық тергеу қызметі)
ұсталғандарды және қамауға
алынған адамдарды айдауылмен
алып жүру қағидаларына
3-қосымша

 

Нысан

 

Күдіктілерді, айыпталушыларды айдауылмен алып жүруге қойылатын талап

 

ҚМА, ЭТД мөртаңбасы

 

 

 

 

Агенттіктің, ЭТД басшысының

      құқық қорғау қызметі мәселелеріне

      жетекшілік ететін орынбасарына

      (оны алмастыратын тұлғаға)


_____________________________________________________________________________________________________________

Адамдарды (сыртқы бетінде барлығының аты-жөні) айдауылмен алып жүруге

      20__ жылы "___"________ "__" сағат "__" минут

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
                                                    (тергеу әрекеттерін, сот процесін жүргізу орны)

________________________________________________________________________________________________________ мекенжайы

бойынша айдауыл жіберуді сұраймын.
Айдауылмен алып жүруге жататын адамдар___________________________
                                                                                                                                                                           (лауазымын, тегін көрсету)

 

қарауына түседі.
Тергеу әрекеті іс жүргізуінің (сот процесінің) басталуы "__" сағат "__" минут.

Болжамды ұзақтығы________________________________________________________________________________
                                                (уақыт)
Тергеуші__________________________________________________________________________________________________________                        (біліктілік сыныбы, тегі, қолы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: аббревиатураларды таратып жазу:

ҚАМ – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі;

ЭТД – облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменттері;

Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде).

 

Қаржы мониторингі органдары
жедел-тергеу бөлімшелерінің
(экономикалық тергеу қызметі)
ұсталғандарды және қамауға
алынған адамдарды айдауылмен
алып жүру қағидаларына
3-қосымша сыртқы беті

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

р/с

Т.А.Ә.

Туған жылы

ҚК-нің қандай бабы бойынша күдікті айыпталады

Ұстау орны, ТИ, УҰИ атауы

Ішкі оқшалау бойынша талап (сыбайластардан бөлек ұстауын көрсету)

Айдауылдың түрін көрсету (қарапайым, күшейтілген, ерекше)

Айдауылмен алып жүрудің тәртібі бойынша басқа да ұйғарымдар

Айдауылмен алып жүрген адамдарға тінтуді жүргізгеннің Т.А.Ә.

ТИ бастығының кезекші көмекшісінің, УҰИ кезекшісінің айдауылмен алып жүрген адамдарды қабылдағаны туралы мөрі қойылған қолхаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тергеуші _____________________________________________________________
                                                                          (біліктілік сыныбы, тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

 

Ескертпе: аббревиатураларды таратып жазу:

ҚК – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі;

ТИ – тергеу изоляторы;

УҰИ – уақытша ұстау изоляторы;

Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде).

 

 

 

 
                   

 

                                                              Қазақстан Республикасының

 Қаржылық мониторинг

агенттігі Төрағасының                            

  2021 жылғы__________   «___»                     

№ ___ бұйрығына 3-қосымша

 

 

Қаржы мониторингі органдары
жедел-тергеу бөлімшелерінің
(экономикалық тергеу қызметі)
ұсталғандарды және қамауға
алынған адамдарды айдауылмен
алып жүру қағидаларына
4-қосымша

 

Нысан

 

ҚМА, ЭТД мөртаңбасы

Кімге
__________________________
__________________________
(лауазымы, біліктілік сыныбы,
тегі, аты, әкесінің аты)

 

Ұйғарым

      Осы ұйғарымды табыс еткен адам

________________
____________________________________________________________________
                              (Агенттіктің, ЭТД-ның атауы)
күдіктілер мен айыпталушыларды ______________________________________________________________________________________________________________________________________ға
                                        (Агенттіктің,  соттың, ЭТД-ның атауы)
айдауылмен алып жүру және қабылдау (тапсыру) үшін аға айдауыл

 болып тағайындалды.

Ұйғарым 20 __ жылғы  "___" __________ бойынша жарамды.

Мөр орны

Агенттіктің, ЭТД басшысының

құқық қорғау қызметі мәселелеріне

жетекшілік ететін орынбасарына

 (оны алмастыратын тұлғаға)

 __________________________________

      (біліктілік сыныбы, тегі)

Ескертпе: аббревиатураларды таратып жазу:

ҚАМ – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі;

ЭТД – облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменттері;

Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде).

 

 

 

Қаржы мониторингі органдары
жедел-тергеу бөлімшелерінің
(экономикалық тергеу қызметі)
ұсталғандарды және қамауға
алынған адамдарды айдауылмен
алып жүру қағидаларына
4-қосымша сыртқы беті

 

Айдауылдың құрамы

 

1

2

3

4

р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде).

 

Біліктілік сыныбы, тегі

Қарудың түрі, нөмірі

 

 

 

 

 

«Қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 6 желтоқсандағы № 689 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
07 апреля 2021