Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 31 желтоқсандағы №1453 қаулысында:
1-тармақ:
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі – банкроттық рәсімі қозғалған заңды тұлғалардың өздерінің дәрменсіздігі туралы берешекті төлеуіне байланысты мемлекеттік органдардың сұрау салулары мен азаматтардың өтініштері бойынша, жеке және заңды тұлғалардың резиденттігін растайтын құжаттар бойынша немесе осындай құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері бойынша, сондай-ақ оның құзыретіне жататын құжаттар бойынша;»; мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторингі агенттігі – прокурордың және тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік әрекеттерді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ оның құзыретіне жататын құжаттар бойынша;»;
2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы № 501 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 26 ақпандағы
№ 98 қаулысында:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторингі агенттігіне:
1) мекеменің жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин