«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі
комитетінің экономикалық тергеп тексеру қызметінде қызметтік тексеру
жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 335
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеп тексеру қызметінде қызметтік тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1._Қоса берілген қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеп-тексеру қызметінде қызметтік тексеру жүргізу қағидалары бекітілсін.»;
Осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің экономикалық тергеп-тексеру қызметінде қызметтік тексеру жүргізу қағидаларында, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігінің
Төрағасы Ж. Элиманов