Жоба
«2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өзгерістер енгізу туралы»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
1-бап. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өзгерістер енгізу (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-I, 13-II, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат;
№ 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат;
№ 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат № 24,
115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46-құжат; № 16,
56-құжат; № 23, 88, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7,
36-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23,
108-құжат; № 24-I, 118-құжат; № 24-II, 120-құжат; 2020 ж., № 9, 29-құжат; № 10, 44, 46-құжат; № 12, 63-құжат; № 16, 77-құжат; №19-20, 81-құжат; «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде 2020 жылғы
20 желтоқсанда жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; «Егемен Қазақстан» 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 2 (29981), «Казахстанская правда» 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 2 (29379) газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
3-баптта:
3) тармақшадағы «245 – бюджетке түспеген төлемдердің жетпіс бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомасы;» деген сөздер «245 – тексерілетін кезеңнен күнтізбелік бір жыл ішінде салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасы салық төлеушінің осы күнтізбелік жыл үшін есепке жазылған барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасының 10% - ынан асқан жағдайда, тексерілген кезең үшін бюджетке түспеген төлемдердің жетпіс бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомасы;» деген сөздермен ауыстырылсын;
38) тармақшадағы «245 – бюджетке түспеген төлемдердің елу мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомасы;» деген сөздер «245 – тексерілетін кезеңнен күнтізбелік бір жыл ішінде салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасы салық төлеушінің осы күнтізбелік жыл үшін есепке жазылған барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасының 10% - ынан асқан жағдайда, тексерілген кезең үшін бюджетке түспеген төлемдердің елу мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомасы;» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті