БҰЙРЫҚ ЖОБАСЫ
«Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты
ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның
тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу
қағидаларын бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілерді
күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының
2025 жылғы 12 тамыздағы № 10 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қаражат төлеу қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
12-бабының 8-тармағына, 12-1 бабының 5-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берілген Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қаражат төлеу қағидалары бекітілсін.»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін оған қаражат төлеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Төраға Ж. Элиманов
Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
Төрағасының 2025 жылғы 12 тамыздағы
№ 10 бұйрығымен бекітілген
Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қаражат төлеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) отбасы мүшелері – жұбайы (зайыбы), ерлі-зайыптылардың ортақ немесе олардың бірінің кәмелетке толмаған балалары (оның ішінде асырап алынған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы (қорғаншылығындағы), асырауындағы ата-анасы және жұбайының (зайыбының) ата-анасы;
2) ТҚ тізбесі – қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жасайтын және өзінің интернет-ресурсында орналастыратын терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізімі;
3) ЖҚҚТҚ тізбесі – уәкілетті орган жасайтын және өзінің интернет-ресурсында орналастыратын жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізімі;
4) ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті тоқтатып қою – заңды және жеке тұлғалар ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті берілуін, қайта өзгертілуін, иеліктен шығарылуын немесе орнын ауыстыруын тоқтата тұру бойынша қабылдайтын шаралар.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге анықтамалар мен терминдер Заңға сәйкес қолданылады.
2-тарау. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен
байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты
ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген
адамдарға қаражат төлеу тәртібі
1) күнтізбелік ай ішінде әрбір отбасы мүшесіне есептегенде республикалық бюджет туралы заңға сәйкес тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайтын мөлшерде еңбек демалысына ақы төлеу немесе жалақы түрінде алынған;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы, қызметтік іссапарларға арналған шығыстар, стипендия, жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлем түрінде алынған ақшамен немесе өзге де мүлікпен;
3) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен, қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандырумен, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырумен, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырумен байланысты операцияларды жүзеге асыруы үшін ҚМС-ке жүгінуге құқылы.
ҚМС ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның дербес кіріс көздері жоқ отбасы мүшелеріне еңбек демалысына ақы төлеу және жалақы түрінде алынған ақшаны төлеу үшін мынадай құжаттарды сұратады:
1) отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ туыстығын сәйкестендіру үшін туу туралы куәлік;
2) неке қию туралы куәліктің түпнұсқасы немесе жұбайына (зайыбына) азаматтық хал актісін тіркеу туралы анықтама;
3) еңбекке қабілетті кәмелетке толған әрбір отбасы мүшесінің жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама.
Уәкілетті орган осы Қағидалардың 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген хабарламаны алғаннан кейін оны алған сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде операцияны жүргізу не операцияны жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және оны мемлекеттік немесе орыс тілдерінде бөлінген байланыс арналары арқылы электрондық тәсілмен ҚМС-ке жеткізеді.
Операцияны жүргізуден бас тартуға негіз күнтізбелік ай ішінде Заңның 12-бабының 8-тармағының 1) тармақшасында көзделген ақшаны қайтадан алу болып табылады.
Егер шешім қабылдау мерзімінің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге сәйкес келсе, шешім қабылдау мерзімінің аяқталу күні болып одан кейінгі таяудағы жұмыс күні есептеледі.
3-тарау. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен
байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне немесе
жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен
байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген
адамдардың ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен
жасалатын операцияларды тоқтатып қою бойынша
қолданылатын шаралардың күшін ішінара немесе
толық жою туралы өтінішін қарау қағидалары
1) ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) ақша шешіп алу үшін пайдаланылатын банктік шоттың (деректеменің) болуын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамның дербес кіріс көздері жоқ отбасы мүшелеріне ақша төлеу үшін мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, сондай-ақ туыстығын сәйкестендіру үшін туу туралы куәліктің көшірмесі;
2) неке қию туралы куәліктің көшірмесі немесе жұбайына (зайыбына) азаматтық хал актісін тіркеу туралы анықтама;
3) еңбекке қабілетті кәмелетке толған әрбір отбасы мүшесінің жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама.
ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамдардың операцияларды тоқтатып қою бойынша шараларды қабылдағанға дейін туындаған қаржылық міндеттемелер немесе азаматтық, әкімшілік не қылмыстық актілерге сәйкес атқарушылық құжаттар бойынша ақшаны немесе өзге де активтерді төлеуі үшін:
1) қаржылық міндеттемелердің, оның ішінде кредиттердің, бөліп төлеудің, валюталық және басқа да шарттардың болуын куәландыратын құжаттардың көшірмесі;
2) азаматтық, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық актілерінің көшірмесі беріледі.
СІМ-нен БҰҰ ҚК Комитетінің өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімі алынған жағдайда уәкілетті орган оны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей дереу ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамды қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
1) өтініштің осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес белгіленген нысанға сәйкес келмеуі;
2) осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну;
3) ұсынылған құжаттардың дұрыс еместігін анықтау;
4) БҰҰ ҚК Комитетінің өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімі;
5) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының деректері негізінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының шешімі қанағаттандырудан бас тартуға негіз болған жағдайда өтінішті қанағаттандырудан бас тартылады.
4-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың ақшамен
және өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою бойынша шараларды қолдануы
ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамдардың банктік шоттарына оларды ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізу күніне дейін жасалған келісімшарттар мен шарттарға немесе өзге де міндеттемелерге сәйкес түсетін пайыздарды, төлемдерді немесе өзге де кірістерді есептеуге рұқсат етіледі, кейіннен мұндай түсімдерге қатысты тоқтатып қою бойынша шаралар қабылданады.
1) ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамдардың ақшасын және (немесе) өзге де мүлкін;
2) ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамдардың тікелей және (немесе) жанама түрде, толық немесе бірлесіп иеленетін және (немесе) бақылайтын ақшасын және (немесе) өзге де мүлкін;
3) ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамдардың қаражатын және басқа да активтерін пайдалану арқылы алынған және (немесе) өндірілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті;
4) ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамдардың тапсырмасы бойынша немесе нұсқауы бойынша әрекет ететін ұйымдар мен адамдардың ақшасын және (немесе) өзге де мүлкін тоқтатып қою бойынша шараларды дереу 24 (жиырма төрт) сағаттың ішінде қабылдайды.
Тоқтатып қою шаралары қабылданған шоттарды ақшамен және өзге де активтермен, оның ішінде сыйақылармен немесе өзге де түсімдермен толықтыруға рұқсат етіледі.
ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамдарға тиесілі ақшаны және өзге де мүлікті тоқтатып қою шараларын қолданудың күшін жою Заңның 12-бабының 5-тармағына және 12-1-бабының 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы тармақтың талаптары ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамдардың және олардың отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған бірінші кезектегі қажетті тауарлар мен қызметтерді ұсынатын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.
Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қаражат төлеу қағидаларына қосымша
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігінің
Төрағасына
____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
____________________________
________________ азаматтан (азаматшадан)
____________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі)
Ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою бойынша қолданылатын шаралардың күшін
ішінара немесе толық жою туралы өтініш
____________________________________________ тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету немесе күтпеген шығындар үшін қаражат төлеу қағидаларының 9-тармағына сәйкес Сізден ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою бойынша қолданылатын шаралардың күшін толық/ішінара (астын сызу керек) жоюыңызды сұраймын.
Ақша алу кезінде (теңгеден) теңге мөлшерінде негізгі шығыстарды жабу мақсаттары – (азық-түлік өнімдеріне, тұрғын үйді жалға алуға немесе ипотекалық кредитке, дәрі-дәрмектер мен медициналық емделуге, салықтарды, сақтандыру жарналарын немесе коммуналдық қызметтерге ақы төлеу (астын сызу керек) немесе тек заңгерлік қызметтер көрсетумен байланысты мамандарға жұмсалатын шығыстарды және келтірілген шығыстарды өтеуді ақылға қонымды шектерде төлеу үшін) ___ мөлшерін теңгеде
_______________________________________________________________
(сомасын цифрмен және жазбаша жазу керек)
Қағидаларға сәйкес қоса берілетін құжаттардың көшірмелері:
1) __________________________
2) __________________________
3) __________________________
(күні) __________ (қолы) ______________