Бұйрық №10
2026 жылғы 5 мамыр
Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту қағидаларын, нысандары мен түрлерін бекіту туралы
«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 10) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы Ж. Элиманов
2026 жылғы 5 мамырдағы
№ 10 бұйрығына қосымша
Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту қағидалары, нысандары мен түрлері
1‑тарау. Жалпы ережелер
1) экономикалық тергеп-тексеру қызметі – Қазақстан Республикасының заңдарында қаржы мониторингі жөніндегі органдардың жүргізуіне жатқызылған қылмыстардың және құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге бағытталған қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыратын осы органдардың жедел-тергеу бөлімшелері. 2) экономикалық тергеп-тексеру қызметінің деректер қоры – құқық бұзушылық профилактикасына қатысуға ниет білдірген жеке тұлғалар туралы мәліметтерді есепке алу, өңдеу, сақтау үшін арналған деректер қоры.
2‑тарау. Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту тәртібі, нысандары мен түрлері
1) жеке;
2) ұжымдық.
Өтініште азамат құқық бұзушылық профилактикасына қатысу нысанын (жеке немесе ұжымдық) көрсетеді.
1) кәмелет жасына толмаған;
2) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан;
3) Заңда көзделген профилактикалық есепте тұрған;
4) өтініш бергенге дейін бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
5) наркологиялық, психикалық-неврологиялық диспансерлерде есепте тұрған не сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған азаматтар жіберілмейді.
Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтар ұжымына бір қадағалау ісі ашылады, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық бірлестіктерге қадағалау істерін тіркеу журналында есепке алынады.
1) құқықтық насихатты ұйымдастыруға қатысу;
2) консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысу;
3) құқық бұзушылық профилактикасының басқа субъектілеріне жәрдемдесу;
4) құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу арқылы жүзеге асырады.
Азаматтың құқық бұзушылық профилактикасына қатысуын тоқтату туралы материалдардың дайындығын ол есепте тұрған экономикалық тергеп-тексеру қызметі қамтамасыз етеді.
|
|
Экономикалық (қаржылық) |
Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық бірлестіктерге қадағалау істерін тіркеу журналы
№ _____
__________________________________________
(аумақтық органның атауы)
20__ ж. «___» __________ басталды
20__ ж. «___» __________ аяқталды
Қоғамдық бірлестіктерді тіркеу журналының ішкі мазмұны
|
р/с № |
Қоғамдық өзінше қызмет көрсету бірлестігінің атауы |
Мекенжайы, телефоны |
Басшының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), үй және қызметтік телефондары, мекенжайымен тұрғылықты жері |
Әкімдікте тіркелген нөмірі, күні |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
|
|
|
|
|
Экономикалық (қаржылық)
құқық бұзушылық
профилактикасына қатысатын
азаматтарды тартудың
қағидалары, нысандары
мен түрлері 2-қосымша
Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қоғамдық көмекшісі куәлігінің үлгісі
Алдыңғы жағы Артқы жағы
1) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің логотипі (қою көк фонда сары түспен), оның төменгі жағында мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі» деген жазу;
2) ортасында қою көк түспен мемлекеттік тілде көрсетіледі:
куәліктің сериялық нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және «Экономикалық тергеп-тексеру көмекшісі», төменде «Билік өкілеттіктері берілмеген. Құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ғана тартылады.» деген сөздер көрсетіледі;
3) сол жағында азаматтың түрлі-түсті фотосуреті (анфас), өлшемі 2х3 см. Азамат ақ фонда, бас киімсіз, іскерлік үлгідегі киіммен суретке түсіріледі;
4) төменгі бөлігінде куәліктің жарамдылық мерзімі көрсетіледі.
1) жоғарғы бөлігінің ортасында көк түспен орыс тілінде: «Агентство Республики Казахстан по финансовому мониторингу» деген жазу;
2) ортасында қою көк түспен орыс тілінде көрсетіледі:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және «Общественный помощник службы экономических расследований» деген сөздер, төменде «Не наделен властными полномочиями. Привлекается исключительно для проведения праворазъяснительной работы.» деген мәтін орналастырылады;
3) төменгі бөлігінде Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің логотипі және машинамен оқылатын аймақ (QR-код) орналасады. Бұл QR-код Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми сайтында орналастырылған қоғамдық көмекшілер тізіліміне сілтемені қамтиды.
|
|
Экономикалық (қаржылық) |
Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке алу журналы
__________________________________________
(аумақтық органның атауы)
20__ жылғы «___» __________ басталды
20__ жылғы «___» __________ аяқталды
Журналдың ішкі мазмұны
1-бөлім
|
№ р/с |
ТАӘ (ол болған жағдайда), туған жылы |
Мекенжайы, үй телефоны |
Жұмыс орны, телефоны |
Білімі |
Есепке алу ісін бастау негізі ((ауданның, қаланың) әкімдігінде нөмірі, тіркеу күні) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
|
|
|
|
|
2-бөлім
|
Қоғамдық көмекші куәлігінің нөмірі |
Қоғамдық көмекші куәлігінің қолданылу мерзімі |
Куәлікті алу туралы қолы және күні |
Шығару негізі және күні |
Куәлікті тапсыру туралы белгі |
Есептік істі жүргізетін бөлімше және қызметкер |
Ескертпе |
|
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
Ескертпе: Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке алу журналын жүргізуді экономикалық тергеп-тексеру қызметі жүзеге асырады.
|
|
Экономикалық (қаржылық) |
|
|
Бекітемін |
Қоғамдық көмекшелердің жұмыс нәтижелерін есепке алу табелі
20 __ жылғы _________ айы ішінде
1-бөлім
|
№ р/с |
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) |
Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысу сағатының саны |
Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысу түрлері |
|
|
|
|
|
|
2-бөлім
|
Марапаттау туралы мәліметтер |
Ескертпе |
|
|
марапаттау соммасы |
Марапаттаудың басқа да түрлері |
|
|
|
|
|
Толтырған: қызметкердің ТАӘ (ол болған жағдайда), бөлініс атауы.