«Қылмыстық әрекеттен түскен кірістерді жылыстату, анықтау, алып қою және тәркілеу туралы және терроризмді қаржыландыру» туралы Конвенцияны ратификациялау туралы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢЫНЫҢ жобасы

Жоба

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

 

«Қылмыстық әрекеттен түскен кірістерді жылыстату, анықтау, алып қою және тәркілеу туралы және терроризмді қаржыландыру» туралы

Конвенцияны

ратификациялау туралы

 

 

2005 жылғы 16 мамырда Варшава қаласында жасалған «Қылмыстық әрекеттен түскен кірістерді жылыстату, анықтау, алып қою және тәркілеу туралы және терроризмді қаржыландыру» туралы конвенция ратификациялансын.

 

 

Қазақстан Республикасының

                         Президенті                                                                     

 

 

 

Қылмыстық әрекеттен түскен кірістерді жылыстату, анықтау, алып қою және тәркілеу туралы және терроризмді қаржыландыру туралы

конвенция

 

Кіріспе

 

Еуропа Кеңесіне мүше мемлекеттер және осы Конвенцияға қол қойған басқа мемлекеттер, Еуропа Кеңесінің мақсаты өз мүшелері арасында неғұрлым тығыз одақ құру болып табылады деп есептей отырып,

қоғамды қорғауға бағытталған жалпы қылмыстық саясатты жүргізу қажеттілігіне сенімді бола отырып,

барған сайын халықаралық сипат алып бара жатқан қылмыстылықтың қауіпті нысандарына қарсы күрес халықаралық ауқымда тиімді және қазіргі заманғы әдістерді қолдануды талап етеді деп есептей отырып,

осы әдістердің бірі қылмыскерлерді қылмыстық әрекеттен алған табыстарынан айыруға болады деп пайымдай отырып,

      осы мақсатқа қол жеткізу үшін халықаралық ынтымақтастықтың тиімді жүйесін құру қажет деп есептей отырып,

Еуропа Кеңесінің Қылмыстан түскен кірістерді жылыстату, анықтау, алып қою және тәркілеу туралы конвенциясын (бұдан әрі –«Конвенция 1990») ескере отырып;

сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесімен 2001 жылғы 28 желтоқсанда қабылданған террористік актілерден халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнетін қатерлер туралы 1373 (2001) қарарға, әсіресе 3 «d» тармағына сілтеме жасай отырып,

БҰҰ Бас Ассамблеясымен 1999 жылғы 9 желтоқсанда қабылданған Терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияға, әсіресе қатысушы мемлекеттерді терроризмді қаржыландыруды қылмыстық құқық бұзушылық деп тануға міндеттейтін 2 және 4 баптарға сілтеме жасай отырып,

жоғарыда аталған Терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау және толық имплементациялау бойынша жедел шаралар қабылдау қажеттілігіне сенімді бола отырып,

мыналар туралы уағдаласты:

 

І-тарау. Терминдерді қолдану

 

1-бап

Терминдерді қолдану

 

Осы Конвенцияның мақсаттары үшін:

а) «қылмыстардан түсетін табыстар» қылмысты жасау нәтижесінде алынған немесе тікелей немесе жанама түрде алынған кез келген экономикалық пайданы білдіреді. Бұл пайда осы баптың «в» тармақшасында айқындалатын кез келген мүлікті қамтуы мүмкін;

  1. b) «мүлік» кез келген түрдегі заттай немесе заттай емес, жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ мүлікке және осы мүліктегі үлеске құқық  беретін заңдық актілерді немесе құжаттарды білдіреді;
  2. c) «құралдар» қылмысты немес қылмыстарды жасау үшін кез келген тәсілмен, тұтас немесе ішінара қолданылған немесе қолдануға арналған кез келген мүлікті білдіреді;
  3. d) «тәркілеу» қылмыстық іс немесе қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізу нәтижесінде сот тағайындаған және мүліктен айырудан тұратын жазаны немесе шараны білдіреді;

е) «негізгі қылмыс» нәтижесінде осы Конвенцияның 9-бабына сәйкес қылмыс объектісіне айналуы мүмкін табыстар алынған кез келген қылмысты білдіреді;

  1. f) «қаржылық барлау бөлімшесі» (бұдан әрі – ҚББ) мынадай:

(i) қылмыстардан түсетін кірістер мен терроризмді әлеуетті қаржыландыру туралы күдіктерге қатысты немесе

(ii) ұлттық заңнамамен немесе ережелермен талап етілетін,

кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында қаржылық ақпаратты қамтитын хабарламаларды алуға (және рұқсат етілсе, сұратуға), талдауға және құзыретті органдарға беруге жауапты орталық, ұлттық органды білдіреді;

  1. g) «тоқтатып қою» немесе «алып қою» соттың немесе құзыретті органның шешімі негізінде мүлікті жоюға, беруге, айырбастауға, орналастыруға немесе жылжытуға уақытша тыйым салуды немесе мүлікті сақтау немесе бақылау бойынша міндеттемелерді уақытша қабылдауды білдіреді;
  2. h) «терроризмді қаржыландыру» 1999 жылғы 9 желтоқсанда БҰҰ БА қабылдаған Терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияның 2-бабында сипатталған әрекеттерді білдіреді.

 

ІІ-тарау. Терроризмді қаржыландыру

 

2-бап

 

Осы конвенцияны терроризмді қаржыландыруға қатысты қолдану

 

  1. Әрбір Тарап терроризмді қаржыландыруға осы Конвенцияның 3, 4 және 5-тарауларындағы ережелерді қолдану мақсатында заңнамалық және басқа да қажетті шараларды қолданады.
  2. Атап айтқанда, әрбір Тарап терроризмді қаржыландыру үшін кез келген тәсілмен толық немесе ішінара пайдаланылған заңды және заңсыз жолмен алынған мүлікті, сондай-ақ осы қылмыстан түскен кірістерді іздеу, қадағалау, сәйкестендіру, тоқтатып қою, алып қою және тәркілеу мүмкіндігіне кепілдік береді, және осы мақсатта ынтымақтастықты барынша мүмкін дәрежеде жүзеге асырады.

 

ІІІ-тарау. Ұлттық деңгейде қабылданатын шаралар

 

1-бөлім

 

Жалпы ережелер

 

3-бап

 

Тәркілеу шаралары

 

  1. Әрбір Тарап құралдарды, заңдастырылған мүлікті және қылмыстардан түскен кірістерді немесе құны осындай кірістерге сәйкес келетін мүлікті тәркілеуге мүмкіндік беретін заңнамалық және басқа да қажетті шараларды қабылдайды.
  2. Осы баптың 1-тармағы ақшаны жылыстатуға және осы Конвенцияның 1-қосымшасындағы қылмыстардың тізбесіне қолданылған жағдайда, әрбір Тарап ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжатқа қол қою кезінде немесе сақтауға тапсыру кезінде Еуропа Кеңесінің Бас хатшысына осы баптың 1-тармағы

а) жазасы меншіктен айыру, бас бостандығын шектеу немесе ең көп дегенде 1 жылдан астам мерзімге қамауға алу түрінде көзделген қылмыстарға ғана. Сонымен бірге, әрбір Тарап салықтар бойынша берешекті өндіріп алу туралы ұлттық және халықаралық заңнамаға сәйкес ұлттық деңгейде де, халықаралық ынтымақтастық арқылы да осындай кірістерді тәркілеу мүмкіндігіне ие болу мақсатында салықтық қылмыстар жасау нәтижесінде алынған кірістерге қатысты осы ережені қолдану туралы мәлімдеме жасай алады; және/немесе

  1. b) тек белгілі бір қылмыстардың тізбесіне қатысты ғана қолданылады деп мәлімдеме жасай алады.
  2. Тараптар тәркілеу режиміне жататын қылмыстарға қатысты міндетті тәркілеуді жүзеге асыруды көздеуі мүмкін. Тараптар бұл жағдайға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен, есірткінің заңсыз айналымымен, адам саудасымен байланысты қылмыстарды және кез келген басқа да ауыр қылмыстарды қоса алады.
  3. Әрбір Тарап ауыр қылмыстары немесе өзге де қылмыстары үшін сотталған адамның ұлттық заңнамада белгіленгендей, тәркілеу объектісі болып табылатын болжамды кірістердің шығу көзін, осындай талаптың ұлттық заңнама қағидаттарына қайшы келмейтін дәрежеде көрсетуге міндетті екендігіне кепілдік беру мақсатында заңнамалық және басқа да қажетті шараларды қолданады.

 

4-бап

 

Тергеп-тексеру шаралары және алдын алу шаралары

 

Әрбір Тарап кейіннен тәркілеуді жүзеге асыруды жеңілдету мақсатында 3-бапқа сәйкес тәркілеуге жататын мүлікті сәйкестендіруге, қадағалауға, тоқтатып қоюға немесе тез арада алып қоюға мүмкіндік беретін заңнамалық және басқа да қажетті шараларды қолданады.

 

5-бап

 

Тоқтатып қою, алып қою немесе тәркілеу

 

Әрбір Тарап тоқтатып қоюға, алып қоюға немесе тәркілеуге жататын кірістердің немесе басқа мүліктің сондай-ақ:

а) қылмыстан түскен кірістер аударылған немесе айырбасталған мүлікті;

  1. b) егер қылмыстан түскен кірістер осындай мүлікпен араласқан мүліктің нақты құны мөлшерінде толығымен немесе жартылай араласса, заңды көздерден алынған мүлікті;

с) аралас табыстың белгілі бір құнының мөлшерінде, қылмыстан түскен табыспен бірдей және бірдей дәрежеде қылмыстан түскен табыстан, қылмыстан түскен табыс аударылған немесе айырбасталған мүліктен немесе қылмыстан түскен табыс араласқан мүліктен алынған пайда немесе өзге де пайдаларды қамтуына кепілдік беру үшін заңнамалық және өзге де қажетті шараларды қабылдайды.

 

6-бап

 

Тоқтатып қойылған немесе алып қойылған кірістерді немесе тәркілеуге жататын өзге де мүлікті басқару

 

Әрбір Тарап осы Конвенцияның 4 және 5-баптарына сәйкес тоқтатып қойылған немесе алып қойылған кірістерді немесе тәркілеуге жататын өзге де мүлікті және қылмыс құралдарын тиісінше басқаруға кепілдік беру үшін заңнамалық немесе өзге де қажетті шараларды қабылдайды.

 

7-бап

 

Тергеп-тексеру кезіндегі өкілеттіктер мен тәсілдер

  1. Әрбір Тарап 3, 4 және 5-баптарда көрсетілген әрекеттерді орындау мақсатында өз соттарына немесе басқа құзыретті органдарға банктік, қаржылық немесе коммерциялық құжаттарды талап етуге немесе алуға құқық беретін заңнамалық және басқа да қажетті шараларды қабылдайды. Тарап банктік құпия деген сылтауымен осы баптың ережелерін орындаудан бас тартуға құқығы жоқ.
  2. 1-тармақтың ережелеріне нұқсан келтірместен, Тараптардың әрқайсысы:

а) жеке немесе заңды тұлғаның олардың аумағында орналасқан кез келген банктегі олардың түріне қарамастан бір немесе бірнеше шоттардың иесі немесе бенефициарлық меншік иесі болып табылатынын анықтау және егер солай болса, сәйкестендіру шоттарының барлық деректерін алу;

  1. b) жөнелтушінің немесе алушының шотының деректемелерін қоса алғанда, белгілі бір банктік шоттардың және белгілі бір кезең ішінде бір немесе одан да көп нақты шот арқылы жүзеге асырылған банктік операциялардың толық деректерін алу;

с) белгілі бір мерзім ішінде бір немесе одан да көп сәйкестендірілген шот арқылы жүзеге асырылатын банктік операцияларды бақылау; және,

  1. d) банктердің банктің мүдделі клиентіне немесе басқа үшінші тұлғаға ақпараттың а, в немесе с тармақшаларына сәйкес табылғандығы немесе алынғандығы туралы немесе тергеу жүргізіліп жатқандығы туралы хабарламауына кепілдік беру үшін осындай заңнамалық және өзге де қажетті шараларды қабылдайды.

Тараптар осы ережелерді банктік емес қаржы мекемелерінің шоттарына қолдану мүмкіндігін қарастырады.

  1. Әрбір Тарап кірістерді сәйкестендіруді және іздестіруді, сондай-ақ тиісті дәлелдемелерді жинауды жеңілдететін тергеп-тексерудің арнайы әдістерін қолдануға мүмкіндік беретін заңнамалық және басқа да қажетті шараларды қолданады. Бұл әдістер бақылау, телекоммуникациялық байланыстарды ұстау, компьютерлік жүйелерге қол жеткізу және нақты құжаттарды ұсыну туралы қаулыларды қамтуы мүмкін.

 

8-бап

 

Құқықтық қорғау құралдары

 

Әрбір Тарап 3, 4 және 5-баптарда және осы бөлімнің басқа да қатысты ережелерінде көзделген шаралар әсер еткен мүдделі Тараптардың өз құқықтарын қорғау мақсатында тиімді құқықтық қорғау құралдарына ие болуы үшін заңнамалық және басқа да қажетті шараларды қабылдайды.

 

9-бап

 

Ақшалай қаражатты жылыстатуға байланысты қылмыстар

  1. Әрбір Тарап олар қасақана жасалған кезде өзінің ішкі құқығына сәйкес:
  2. a) егер бұл мүлік қылмыстық жолмен алынған кіріс болып табылатыны мәлім болса, мұндай мүліктің заңсыз шығу тегін жасыру немесе негізгі қылмысты жасауға араласқан кез келген адамға  өз іс-әрекетінің құқықтық салдарынан жалтаруға көмек көрсету мақсатындағы конверсия немесе мүлікті беруді;
  3. b) егер бұл мүлік оның қылмыстық жолмен алынған кіріс екені белгілі болса; және өзінің конституционалдық қағидаттары мен өзінің құқықтық жүйесінің негізгі тұжырымдамалары сақталған кезде мүліктің шынайы табиғатын, жасалған жерін, тұрған жерін, орналасуын немесе мүліктің қозғалысын немесе оған берілген құқығын жасыруды немесе жасырып қалуды;

с) егер мүлікті алу сәтінде ол қылмыстық жолмен алынған кіріс болып табылатыны мәлім болса, мүлікті сатып алу, иелену немесе пайдалануды;

  1. d) осы бапта айқындалған қылмыстардың кез келгеніне немесе оны жасауға оқталуға қатысу немесе бірге қатысу, сондай-ақ осындай қылмысты жасауға байланысты көмектесу, арандату, жәрдемдесу немесе консультация беруді қылмыстар ретінде саралау мақсатында заңнамалық және басқа қажетті шаралар қабылдайды.
  2. Осы баптың 1-тармағын орындау немесе қолдану мақсаттары үшін:

а) негізгі қылмыстың Тараптың қылмыстық юрисдикциясына жататыны-жатпайтыны маңызды емес;

  1. b) осы тармақта көрсетілген қылмыстардың негізгі қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайтындығы көзделуі мүмкін;
  2. c) осы тармақта көзделген қылмыстың элементтері ретінде қажетті хабардарлығы, ниеті немесе себептері туралы объективті нақты мән-жайлар негізінде ұйғарым жасауға болады.
  3. Әрбір Тарап, өзінің ішкі заңнамасына сәйкес, егер қылмыскер кез келген немесе барлық мынадай:

а) мүлік қылмыстық жолмен алынған кіріс болып табылады деп күдіктенсе;

  1. b) мүлікті қылмыстық жолмен алынған кіріс болып табылады деп болжауы тиіс жағдайларда осы баптың 1-тармағында ккөрсетілген барлық немесе бірқатар әрекеттерді қылмыстар ретінде саралау үшін қажет деп санайтын заңнамалық және басқа да қажетті шараларды қабылдай алады;
  2. Осы баптың 1-тармағы 1-қосымшада көрсетілген предикатты қылмыстар санаттарына қолданылған жағдайда, әрбір Тарап ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы өз құжатына қол қойылған немесе сақтауға тапсырылған сәтте декларацияда Еуропа Кеңесінің Бас хатшысының атына осы баптың 1-тармағы:

а) егер предикатты қылмыс үшін бір жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру немесе қамауға алу жаза тағайындалса ғана немесе олардың құқықтық жүйесінде қылмыстардың ең төменгі шегі бар Тараптар үшін егер бұл қылмыс үшін ең аз дегенде 6 айдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру немесе қамауға алу жазасы қарастырылған болса;

  1. b) белгілі бір предикатты қылмыстардың тізбесіне ғана;
  2. c) Тараптың ұлттық құқығы бойынша ауыр қылмыстар санатына қолданылады деп мәлімдей алады.
  3. Әрбір Тарап предикатты қылмыс жасағаны үшін алдыңғы немесе бір мезгілде сотталғандығы ақша қаражатын жылыстатқаны үшін соттылықтың қажетті шарты болып табылмайтындығына кепілдік береді.
  4. Әрбір Тарап, егер осы баптың 1 «а» немесе «в» параграфының объектілері болып табылатын қылмыстардан түсетін кірістер нақты қандай қылмыс екенін анықтау қажеттілігінсіз предикаттық қылмыстан алынатындығы дәлелденсе, осы бапқа сәйкес ақшаны жылыстатқаны үшін соттылықтың мүмкін болатындығына кепілдік береді.
  5. Әрбір Тарап ақшаны жылыстатуға арналған предикатты қылмыстардың басқа юрисдикцияда орын алған, сол юрисдикциядағы қылмыстарды құрайтын және егер ел ішінде/осы елде орын алса, предикатты қылмыстарды құрайтын қылмыстарға қолданылатынына кепілдік береді. Әрбір Тарап бұл әрекеттің бірден-бір қажетті шарты, егер ол ел ішінде жасалса, предикатты қылмысты құрайтынын қамтамасыз ете алады.

 

10-бап

 

Заңды тұлғалардың жауапкершілігі

 

  1. Әрбір Тарап заңды тұлғалардың осы Конвенцияға сәйкес белгіленген, олардың пайдасына дербес немесе осы заңды тұлғада үстемдік ететін заңды тұлғаның органы ретінде әрекет ететін кез келген жеке тұлға жасаған ақшаны жылыстату қылмыстары үшін жауаптылыққа тартылуын қамтамасыз ету үшін:

а) осы заңды тұлғаның өкілдік ету құқығына; немесе

  1. b) осы заңды тұлғаның атынан шешімдер қабылдау өкілеттіктеріне; немесе
  2. c) осы заңды тұлғада бақылауды жүзеге асыру өкілеттіктеріне негізделген заңнамалық және басқа да қажетті шараларды қабылдайды; сондай-ақ мұндай жеке тұлғалар жоғарыда аталған қылмыстарға сыбайластар немесе арандатушылар ретінде тартылуы мүмкін.
  3. 1-тармақта көзделген жағдайлардан басқа, әрбір Тарап 1-тармақта көрсетілген жеке тұлға тарапынан қадағалау немесе бақылау кемшілігі 1-тармақта көрсетілген қылмыстарды жасауға жол берсе, осы заңды тұлғаның пайдасы үшін оның өкілеттігі шегінде жеке тұлғаның жауаптылыққа тартылуы мүмкін екендігіне кепілдік беру үшін қажетті шаралар қабылдайды.
  4. Заңды тұлғаның осы бапқа сәйкес жауаптылығы 1-тармақта көрсетілген қылмыстарды орындаушылар, қылмыстардың бастамашылары немесе сыбайластары болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты қылмыстық қудалауды жоққа шығармауға тиіс.
  5. Әрбір Тарап осы бапқа сәйкес жауаптылыққа тартылған заңды тұлғаларға ақшалай санкцияларды қоса алғанда, тиімді, пропорционалды және мөлшерлес қылмыстық немесе қылмыстық емес санкциялардың қолданылуына кепілдік береді.

 

11-бап

 

Алдыңғы шешімдер

 

Әрбір Тарап осы Конвенцияға сәйкес белгіленген қылмыстар бойынша екінші Тараптағы жеке немесе заңды тұлғаларға қатысты шығарылған түпкілікті шешімдерді, жазалау шараларын анықтау кезінде назарға алу мүмкіншілігін көздеу үшін  осындай заңнамалық және басқа да қажетті шараларды қабылдайды.

 

2-бөлім

 

Қаржылық барлау бөлімшесі (ҚББ) және алдын алу

 

12-бап

 

Қаржылық барлау бөлімшесі (ҚББ)

 

  1. Әрбір Тарап осы Конвенцияда көрсетілген ҚББ құру үшін осындай заңнамалық және басқа да қажетті шараларды қабылдайды.
  2. Әрбір Тарап күдікті операциялар туралы хабарламаларға талдау жасауды қоса алғанда, ҚББ-ның өз функцияларын тиісінше орындауы үшін қажет қаржылық, әкімшілік және құқық қорғау ақпаратына мерзімді негізде тікелей немесе жанама түрде қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін заңнамалық және басқа да қажетті шараларды қабылдайды.

 

13-бап

 

Ақшалай қаражатты жылыстатудың алдын алу шаралары

 

  1. Әрбір Тарап ақша қаражатын жылыстатудың алдын алуға жалпы қамтитын ұлттық реттеу, қадағалау немесе мониторинг режимін құру үшін заңнамалық және басқа да қажетті шаралар қабылдайды және тиісті түрде қолданылатын халықаралық стандарттарды, әсіресе, Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) қабылдаған ұсынымдарды қоса алғанда, ескереді.
  2. Бұл мақсаттар үшін әрбір Тарап:

а) ақшалай қаражатты жылыстату үшін әлеуетті пайдаланылатын кәсіпкерлік қызмет түрлеріне қатысатын заңды және жеке тұлғалардан және кәсіпкерлік қызметтің осы түріне әсер ететін мөлшерде:

(і) олардың клиенттерін және қолданылатын жерде түпкілікті бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді және сәйкестендіруді растауды және тәуекелге негізделген тәсілді қолдана отырып, іскерлік қатынастарда одан әрі тиісінше тексеру жүргізуді;

(ii) кәсіби құпияға байланысты шектеулерді сақтау шартымен ақшалай қаражатты жылыстатуға өзінің күдіктері туралы хабарламаны;

(ііі) клиенттерді сәйкестендіру мен операциялар туралы жазбаларды жүргізу, персоналды оқыту, ішкі рәсімдерді орнату сияқты және, егер қолданылса, кәсіпкерлік қызметтің сипаты мен ауқымына бейімделген осындай қамтамасыз ету шараларын қабылдауды талап ету;

  1. b) «а» тармағында аталған адамдарға көзделгендей, күдікті операция туралы хабарламаның немесе осыған ұқсас ақпараттың берілгенін, немесе ақшаны жылыстатуға қатысты тергеп-тексеруге бастамашылық жасалуы мүмкін екенін ашуға тыйым салу;

с) «а» тармақшасында аталған адамдардың, тәуекел негізінде қолданылуы мүмкін ақшалай қаражатты жылыстатуға қарсы күрес жөніндегі талаптарға олардың сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында, мониторингтің тиімді жүйесінің объектісі және, қолданылатын жерде, қадағалау болып табылатынына кепілдік беру үшін заңнамалық және басқа да қажетті шараларды қабылдайды.

  1. Осы мақсатпен әрбір Тарап ұсынушыға арналған қолма-қол ақша қаражатының және тиісті бағалы қағаздардың шекара арқылы елеулі физикалық өтуін анықтау үшін заңнамалық және басқа қажетті шараларды қабылдайды.

 

14-бап

 

Ел ішіндегі күдікті операцияларды тоқтата тұру

 

Әрбiр Тарап ҚББ немесе басқа да құзыреттi органдарға операцияның ақшалай қаражатты жылыстатумен байланысты екенiне күдiк туған кезде дереу iс-әрекет жасауға және операцияны талдау және күмәндi растау мақсатында операцияны жүргiзуге келiсiмдi тоқтата тұруға немесе кейiнге қалдыруға рұқсат беру үшiн заңнамалық және басқа да қажеттi шаралар қабылдайды. Әрбір Тарап күдікті операция туралы хабарлама алынған жағдайларда мұндай шаралардың қолданылуын шектеуі мүмкін. Операцияны тоқтатуға немесе кейінге қалдыруға болатын ең ұзақ мерзім тиісті ұлттық заңнамада белгіленуі тиіс.

 

IV-тарау. Халықаралық ынтымақтастық

 

1-бөлім

 

Халықаралық ынтымақтастық қағидаттары

 

15-бап

 

Халықаралық ынтымақтастық саласындағы жалпы қағидаттар мен шаралар

 

  1. Тараптар қару-жарақ пен кірістерді тәркілеу мақсатында тергеп-тексерулер мен сот қудалауын өткізу мақсатында бір-бірімен барынша мүмкін болатын дәрежеде өзара ынтымақтасады.
  2. Әрбір Тарап оған осы тарауда көрсетілген шарттарда:

а) қылмыстардан түскен кірістерді немесе қаруды білдіретін нақты мүлікті тәркілеу туралы, сондай-ақ кірістердің құнына сәйкес келетін ақша сомасын төлеу талабымен кірістерді тәркілеу туралы;

  1. b) тергеп-тексерулер жүргізуге көмектесу туралы және «а» тармақшасында көрсетілген жоғарыда аталған тәркілеу нысандарының бірінің мақсаты ретінде алдын алу шараларын қабылдау туралы сұрау салуларды қанағаттандыруға мүмкіндік беретін заңнамалық және басқа да шараларды қабылдайды.
  2. 2 «в» тармағында сипатталған тергеп-тексерулер мен алдын ала шараларды жүргізуге көмек көрсетуді сұрау салынатын Тарап, егер оның ішкі құқығымен рұқсат етілсе және соған сәйкес жүзеге асырады. Егер осы шаралардың біріне қатысты сұрау салу сұрау салушы Тараптың құқығына сәйкес қажетті формальдылықтарды немесе рәсімдерді, тіпті ол сұрау салынатын Тарапқа белгілі болмаса да анықтаған жағдайда соңғысы мұндай сұрау салуды өзінің құқықтық негізгі қағидаттарына қайшы келмейтін дәрежеде қанағаттандыруға тиіс.
  3. Әрбір Тарап басқа Тараптардан шығатын қылмыстар мен құралдардан түсетін табыстарды сәйкестендіруге, қадағалауға, тоқтатып қоюға немесе алып қоюға қатысты өтініштердің ішкі рәсімдер шегінде қаралатын кезектілікпен қаралуын қамтамасыз ету үшін заңнамалық және басқа да қажетті шараларды қабылдайды.

 

2-бөлім

 

Тергеп-тексеруді жүргізуге көмек

 

16-бап

 

Көмек көрсету міндеттемесі

 

Тараптар сұрау салу бойынша тәркiлеуге жататын құралдарды, кiрiстердi және басқа да мүлiктi анықтауда және табуда бiр-бiрiне барынша мүмкiн болатын дәрежеде көмек көрсетедi. Бұл көмек жоғарыда аталған мүліктің болуына, орналасқан жеріне немесе қозғалысына, сипатына, құқықтық жағдайына және құнына қатысты ақпаратты ұсыну және қамтамасыз ету жөніндегі кез-келген шараларды қамтиды.

 

17-бап

 

Банктік шоттар бойынша ақпаратты сұрату

 

  1. Әрбір Тарап осы бапта белгіленген талаптарға сәйкес екінші Тарап жіберген сұрау салуға жауапта қылмыстық тергеп-тексеру субъектісі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға оның аумағында орналасқан кез келген банкте кез келген үлгідегі бір немесе одан көп шотты иеленетінін немесе бақылайтынын және, егер мұндай орын алатын болса, осы сәйкестендірілген шоттардың егжей-тегжейлі сипаттамасын ұсынатынын немесе бақылайтынын айқындау мақсатында қажетті шаралар қабылдайды.
  2. Осы бапта белгіленген міндеттеме шотты жүргізетін банкте бар ақпаратқа қатысты ғана қолданылады.
  3. сұрау салушы Тарап 37-баптың талаптарына қосымша сұрау салуда:

а) сұратылған ақпарат осы қылмысты қылмыстық тергеп-тексеру мақсатында неғұрлым ықтимал маңызды деп санайтынын көрсетеді;

  1. b) оның сұрау салынатын Тарапта банктерде шот бар деп қандай негізде болжайтынын көрсетеді және қандай банктер және/немесе шоттар тартылуы мүмкін екендігіне қарай қаншалықты кеңірек нақтылайды; және
  2. c) сұрауды орындауды жеңілдететін кез келген басқа қолжетімді қосымша ақпаратты қамтиды.
  3. Сұрау салынатын Тарап мұндай сұрау салуды анықтау және алып қою туралы сұрау салуларға қатысты қолданылатын шарттарда орындай алады.
  4. Әрбір Тарап ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы өз құжатына қол қою немесе сақтауға тапсыру сәтінде Еуропа Кеңесі Бас хатшысының атына өтініш жасау жолымен осы баптың Қосымшада мазмұндалған тізбеде көрсетілген қылмыстарға немесе қылмыстар санаттарына ғана қолданылатынын мәлімдей алады.
  5. Тараптар сондай-ақ осы ережелерді банктік емес қаржы мекемелеріндегі шоттарға қолдануды кеңейте алады. Мұндай кеңейту өзара қарым-қатынас принципін қолдануға байланысты болуы мүмкін.

 

18-бап

 

Банк операциялары бойынша ақпарат туралы сұрау салулар

 

  1. Сұрау салынатын Тарап басқа Тараптың сұрау салуы бойынша сұрау салуда көрсетілген бір немесе одан көп шоттардан кейін белгілі бір кезең ішінде кез келген жөнелтуші немесе алушы шотының толық сипаттамасын/егжей-тегжейін қоса алғанда жүзеге асырылған белгілі бір банктік шоттар мен банктік операциялардың нақты/егжей-тегжейлі сипаттамасын ұсынады.
  2. Осы бапта белгіленген міндеттеме шотты жүргізетін банкте бар ақпаратқа қатысты ғана қолданылады.
  3. Сұрау салатын Тарап 37-баптың талаптарына қосымша өзінің сұрау салуында сұралған ақпараттың қылмысты қылмыстық тергеп-тексеру мақсаттары үшін неліктен маңызды деп санайтынын көрсетеді.
  4. Сұрау салынатын Тарап мұндай сұрау салуды анықтау және алып қою туралы сұрау салуларға қатысты қолданылатын шарттарда орындай алады.
  5. Тараптар сондай-ақ осы ережелерді банктік емес қаржы институттарындағы шоттарға қолдануды кеңейте алады. Мұндай кеңейту өзара қарым-қатынас принципін қолдануға байланысты болуы мүмкін.

 

19 бап

 

Банктік операцияларды қадағалау бойынша сұрау салулар

 

  1. Әрбір Тарап екінші Тараптың сұрау салуы бойынша сұрау салуда көрсетілген бір немесе одан да көп шоттар арқылы жүзеге асырылатын банктік операцияларды белгілі бір мерзім ішінде қадағалауды жүзеге асыра алатындығына және осындай бақылаудың нәтижелерін сұрау салушы Тарапқа бере алатындығына кепілдік береді.
  2. Cұрау салушы Тарап 37-баптың талаптарына қосымша өзінің сұрау салуында сұратылған ақпаратты қылмысты қылмыстық тергеп-тексеру мақсаттары үшін неліктен маңызды деп санайтынын көрсетеді.
  3. Қадағалауды жүзеге асыру туралы шешімді әрбір нақты жағдайда сұрау салынатын Тараптың құзыретті органдары осы Тараптың ұлттық құқығын тиісінше ескере отырып қабылдайды.
  4. Қадағалауды жүзеге асыруға қатысты тәжірибелік бөлшектер сұрау салушы және сұрау салынатын Тараптардың құзыретті органдары арасында келісіледі.
  5. Тараптар сондай-ақ осы ережелерді банктік емес қаржы мекемелеріндегі шоттарға қолдануды кеңейте алады.

 

20-бап

 

Ақпаратты сұрау салусыз беру

 

Тарап өз тергеп-тексеруі немесе сот ісін жүргізуі үшін залалсыз екінші Тарапқа алдын ала сұрау салусыз қарулар мен кірістер туралы ақпаратты, ол осындай ақпаратты ашу алушы Тарапқа тергеп-тексеруді немесе сот ісін жүргізуді қозғауға немесе жүргізуге көмектесе алады немесе осы Тараптың осы тарауға сәйкес сұрау салуды жіберуіне әкеп соғады деп санағанда беруге құқылы.

 

3-бөлім

 

Алдын ала шаралар

 

21-бап

 

Алдын ала шаралар қолдану міндеттемесі

 

  1. Тарап тәркілеу мақсатында қылмыстық сот ісін жүргізу немесе сот ісін жүргізуді қозғаған басқа Тараптың өтініші бойынша кейіннен осы сұрау салуды тәркілеу туралы сұрау салудың объектісі немесе оны қанағаттандыру объектісі болуы мүмкін кез келген мәмілелерді болдырмау, мүлікті беру немесе оған билік ету мақсатында мүлікті тоқтата тұру немесе алып қою сияқты қажетті алдын ала шараларды қабылдайды.
  2. 23-бапқа сәйкес тәркілеу туралы сұрау салуды алған Тарап егер ол сұралса, сұрау салу объектісі немесе осы сұрау салуды қанағаттандыру объектісі болып табылатын кез келген мүлікке қатысты осы баптың 1-тармағында көрсетілген шараларды қолданады.

 

22-бап

 

Алдын ала шараларды жүзеге асыру

 

  1. 21-баптың 1-тармағына сәйкес сұрау салу жасалған алдын ала шаралар жүзеге асырылғаннан кейін сұрау салушы Тарап сұрау салусыз және мүмкіндігінше сұрау салынатын Тарапқа осы шаралардың қолданылуына күмән келтіруі немесе олардың дәрежесін өзгертуі мүмкін барлық ақпаратты тез береді. Сұрау салған Тарап сондай-ақ сұрау салынған Тараптың талабынан туындайтын және алдын-ала шараларды жүзеге асыру және жалғастыру үшін қажетті барлық қосымша ақпаратты дереу ұсынады.
  2. Осы бапқа сәйкес қабылданған кез келген алдын ала шараның күшін жоймас бұрын, сұрау салынатын Тарап мүмкіндігінше сұрау салушы Тарапқа осы шараны ұзарту пайдасына өз дәлелдерін келтіруге мүмкіндік береді.

 

4-бөлім

 

Тәркілеу

 

23-бап

 

Тәркілеуді жүргізу міндеттемесі

 

  1. Басқа Тараптан оның аумағындағы құралдарды және кірістерді тәркілеу туралы сұрау салуды алған Тарап:

а) осы құралдарға немесе кірістерге қатысты сұрау салушы Тараптың соты шығарған тәркілеу туралы қаулыны орындайды;

  1. b) тәркілеу туралы қаулыны енгізу үшін өзінің құзыретті органдарына сұрау салу береді және егер мұндай қаулы шығарылса, оны орындайды.
  2. Осы баптың 1 «б» тармағын қолдану мақсатында кез келген Тарап қажет болған жағдайда өзінің ішкі заңнамасына сәйкес тәркілеу туралы іс бойынша сот ісін жүргізе алады.
  3. Осы баптың 1-тармағының ережелері, егер тәркілеу қолданылуы мүмкін мүлік сұрау салынған Тараптың аумағында болса, кірістің құнына сәйкес келетін ақша сомасын төлеуді талап ету нысанында тәркілеуге де қолданылады. Осы жағдайларда 1-тармаққа сәйкес тәркілеу жүргізе отырып, сұрау салынатын Тарап талап етілген соманы төлемеген кезде осы мақсат үшін бар кез келген мүлікке құқықты мәлімдейді.
  4. Егер тәркілеу туралы сұрау салуда нақты мүлік көрсетілсе, Тараптар сұрау салынатын Тарап мүліктің құнына сәйкес ақшалай соманы төлеуді талап ету нысанында тәркілеуді жүзеге асыра алатыны туралы келісімге келе алады.
  5. Тараптар, сұрау салушы Тараптың сот органы қылмысқа қатысты осындай шараларды тағайындаған, егер мүлік осы Конвенцияда немесе Конвенцияның 5-бабының мағынасына сәйкес басқа мүлікте анықтамасы берілген қылмыстардан түсетін кірістерді құрайтыны анықталған болса, сұрау салулары мүліктен айыруға әкеп соғатын баламалы шараларды жүзеге асыруға қатысты және қылмыстық санкциялар болып табылмайтын Тараптармен мүмкіндігінше өздерінің ұлттық құқығына сәйкес ынтымақтасады.

 

24-бап

 

Тәркілеуді жүзеге асыру

 

  1. 23-бапқа сәйкес тәркілеуге рұқсат алу және тәркілеуді жүзеге асыру тәртібі сұрау салынатын Тараптың заңнамасында айқындалады.
  2. Сұрау салынатын Тарап фактілерге қатысты сұрау салушы Тараптың үкімінде немесе сот шешімінде баяндалғандай немесе үкім немесе сот шешімі көзделгендей, соларға негізделетін шамада қорытындылармен байланысты.
  3. Әрбір Тарап ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өз құжатына қол қою сәтінде және сақтауға тапсыру сәтінде Еуропа Кеңесі Бас Хатшысының атына декларацияда осы баптың 2-тармағы оның конституциялық қағидаттарын және оның құқықтық жүйесінің негізгі  тұжырымдамаларын сақтау кезінде ғана қолданылатынын мәлімдей алады.
  4. Егер тәркілеу белгілі бір ақша сомасын төлеу талабынан тұрса, сұрау салынатын Тараптың құзыретті органы бұл соманы тәркілеу туралы өтінішті қанағаттандыру туралы шешім қабылданған кездегі қолданыстағы айырбас бағамы бойынша сол Тараптың валютасына айырбастайды.
  5. 23-баптың 1 «а» тармағында көзделген жағдайда, тәркілеу туралы қаулыны қайта қарау туралы кез келген өтініш бойынша шешім қабылдауға сұрау салушы Тараптың ғана құқығы бар.

 

25-бап

 

Тәркіленген мүлік

 

  1. Осы Конвенцияның 23 және 24-баптарына сәйкес Тарап тәркілеген мүлік оның ішкі заңнамасына және әкімшілік рәсімдеріне сәйкес басқарылады.
  2. Егер Тарап осы Конвенцияның 23 және 24-баптарына сәйкес екінші Тарап жасаған сұрау салу бойынша әрекет етсе, Тараптар ұлттық заңмен рұқсат етілген дәрежеде және егер бұл сұралса, тәркіленген мүлікті қайтару мүмкіндігін бірінші кезекте қарастырады. сұрау салушы Тарап қылмыс құрбандарына өтемақы төлеуі немесе мұндай мүлікті олардың заңды иелеріне қайтаруы үшін.
  3. Егер Тарап осы Конвенцияның 23 және 24-баптарына сәйкес басқа Тарап жасаған сұрау салу бойынша әрекет ететін болса, Тараптар ұлттық құқық рұқсат еткен деңгейде және бұл туралы сұрау салынса, тәркіленген мүлікті ол қылмыс құрбандарына өтемақы бере алуы немесе мұндай мүлікті олардың заңды иелеріне қайтаруы үшін сұрау салушы Тарапқа қайтару мүмкіндігін басым тәртіппен қарайды.

 

26-бап

 

Тәркілеу туралы қаулыны орындау құқығы және тәркілеудің ең жоғарғы сомасы

 

  1. 23 және 24-баптарға сәйкес жасалған тәркілеу туралы сұрау салу сұрау салынатын Тараптың тәркілеу туралы қаулыны өзі орындау құқығын қозғамайды.
  2. Осы Конвенцияда ештеңе де тәркіленген мүліктің жалпы құнының тәркілеу туралы қаулыда көрсетілген сомадан асып кетуіне рұқсат ету ретінде түсіндірілуі мүмкін емес. Егер Тараптардың бірі бұл орын алуы мүмкін деген қорытындыға келсе, мүдделі Тараптар оның алдын алу мақсатында консультацияларға кіріседі.

 

27-бап

 

Мүліктік санкцияларды орындамағаны үшін бас бостандығынан айыру

 

Сұрау салынатын Тарап мүліктік санкцияларды орындамағаны үшін бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдай алмайды немесе егер сұрау салатын Тарап бұл туралы сұрау салуда нақты көрсеткен болса 23-бапқа сәйкес жасалған сұрау салу негізінде қандай да бір адамның бас бостандығын шектейтін кез келген басқа шараларды қолдана алмайды.

 

5-бөлім

 

Ынтымақтастықтан бас тарту және ынтымақтастықты кейінге қалдыру

 

28-бап

 

Бас тарту үшін негіздемелер

 

  1. Осы тарауға сәйкес ынтымақтастықтан бас тарту келесі жағдайларда мүмкін болады, егер:

а) сұрау салу сұрау салынатын Тараптың құқықтық жүйесінің негізгі қағидаттарына қайшы келсе; немесе

  1. b) сұрау салуды орындау сұрау салынатын Тараптың егемендігіне, қауіпсіздігіне, жария тәртібіне немесе басқа да елеулі мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін; немесе

с) сұрау салынатын Тарап сұрау салуға байланысты іс сұрау салынған шараның қабылдануын негіздеу үшін жеткілікті маңызды емес деп есептесе; немесе d) терроризмді қаржыландыруды қоспағанда, соған байланысты сұрау салынған қылмыс қаржылық қылмыс болып табылса;

  1. e) терроризмді қаржыландыруды қоспағанда, соған байланысты сұрау салу жасалған қылмыс саяси қылмыс болып табылса;
  2. f) сұрау салынатын Тарап сұрау салынатын шараны орындау ne bis in idem қағидатына қайшы келеді деп есептесе; немесе
  3. g) сұрау салуға байланысты жасалған қылмыс, егер сұрау салынған Тараптың заңнамасы бойынша оның юрисдикциясындағы аумақта жасалса, қылмыс болып саналмайды. Алайда, 2-бөлімге сәйкес ынтымақтастыққа, бас тартудың бұл негіздемесі сұралған көмек мәжбүрлеу шараларын қамтитын дәрежеде ғана қолданылады. Құқықтық көмек көрсету үшін екі мемлекетте де әрекетті қылмыстық қудалау талап етілсе, бұл талап қылмыстың бір қылмыс санатына жататынына немесе сол терминдермен анықталғанына қарамастан негізгі әрекет екі Тараптың да құқығы бойынша қылмыстық жазаланатын болып табылған жағдайда қанағаттандырылған деп есептеледі.
  4. Егер сұрау салынатын Тараптың заңнамасы бойынша сұрау салынған шаралар тергеп-тексеру немесе ұқсас ішкі іс бойынша сот ісін жүргізу мақсатында қабылданбаса, 2-бөлімге сәйкес сұрау салынған көмек мәжбүрлеу шараларын қамтитын дәрежеде және сондай-ақ осы тараудың 3-бөліміне сәйкес ынтымақтастықтан бас тартуға болады.
  5. Сұрау салынатын Тараптың заңнамасы талап еткен жағдайда, 2-бөлімге сәйкес ынтымақтастықтан сұрау салынатын көмек мәжбүрлеу шараларын қамтитын дәрежеде және осы тараудың 3-бөліміне сәйкес ынтымақтастықтан егер сұрау салынатын шараларға немесе ұқсас нәтижеге  келетін кез келген басқа шараларға сұрау салушы Тараптың заңнамасында жол берілмесе немесе егер сұрау салушы Тараптың судьясы немесе  прокуратураны қоса алғанда, қылмыстық сот әділдігі саласында әрекет ететін басқа сот органы сұрау салуды санкцияласа, одан бас тартылуы мүмкін.
  6. Егер:

а) сұрау салынатын Тараптың заңнамасы сұрау салу жасалған қылмысқа ұқсас қылмыстарға байланысты тәркілеуді көздемесе немесе

  1. b) 23-баптың 3-тармағына сәйкес міндеттемелер үшін нұқсан келтірмей, тәркілеу шектеріне қатысты қылмыс арасындағы байланысты ескере отырып, ол сұрау салынатын Тараптың ішкі заңнамасының қағидаттарына қайшы келмесе, және:

(i) кіріс ретінде саралануы мүмкін экономикалық пайдаға; немесе

(ii) құрал ретінде саралануы мүмкін мүлікпен; немесе

  1. c) сұрау салынатын Тараптың заңнамасы бойынша ескіру мерзіміне байланысты тәркілеу туралы қаулы шығарылмауы немесе орындалмауы мүмкін; немесе
  2. d) 23-баптың 5-тармағының ережелерін бұзбай, сұрау салу бұрын шығарылған үкіммен, сот сипатындағы шешіммен немесе осындай шешімде қамтылған қылмыс немесе бірнеше қылмыс жасау туралы арызбен байланысты емес, оның негізінде тәркілеу туралы қаулы шығарылған немесе сұрау салу жіберілген; немесе

д) тәркілеу туралы қаулыны сұрау салушы Тараптың орындауына жатпайды немесе әдеттегі тәсілдермен шағымдану мәні болып табылады; немесе f) сұрау салу адам жоқ болған кезде қабылданған шешім негізінде шығарылған, бұл қаулы оған қарсы бағытталған тәркілеу туралы қаулымен байланысты және егер сұрау салынатын Тараптың пікірі бойынша сұрау салушы Тарап сот ісін жүргізу барысында және осы шешімге әкелген, қылмысты жасады деп айыпталған кез келген адамға ұсынылатын қорғауға ең аз құқықтар сақталмаған жағдайларда, осы тараудың 4-бөліміне сәйкес ынтымақтастық жасаудан бас тартылуы мүмкін.

  1. Осы баптың 4 «f» тармағының мақсаттары үшін:

а) егер ол тиісті адам наразылық білдіргеннен кейін расталған немесе шығарылған болса; немесе

  1. b) бұл апелляцияны тиісті адам беруі шартымен, егер ол апелляция іс жүргізуі бойынша шығарылған болса, айыпталушы болмағанда шешім қабылданды деп есептелмейді.
  2. Осы баптың 4 «f» тармағының мақсаттары үшін қорғауға ең аз  құқықтарының сақталған-сақталмағаны туралы мәселені қарау кезінде сұрау салынатын Тарап тиісті адамның сот әділдігінен жалтаруға  ұмтылғанын немесе ол болмаған кезде шығарылған шешімге шағымдануға  мүмкіндігі бола тұра, оны жасамауды дұрыс деп есептеген фактіні  назарға алады. Бұл белгіленген тәртіппен сотқа шақырылған тиісті адам  шақыру бойынша келмеуді шешкен және келу уақытын ауыстыру туралы сұрамаған жағдайға да қатысты.
  3. Тарап банктік құпияны осы тарауға сәйкес кез келген ынтымақтастықтан бас тартуға негіз ретінде атай алмайды. Егер бұл оның ішкі заңнамасында көзделген болса, Тарап банктік құпияны алып тастауға әкеп соқтыратын ынтымақтастық туралы өтінішті судьяның немесе басқа сот органының, оның ішінде қылмыстарға байланысты әрекет ететін прокуратураның санкциялауын талап ете алады.
  4. Осы баптың 1 «а» тармағында көрсетілген бас тарту негіздеріне нұқсан келтірместен:

а) сұрау салушы Тарап осы тарауға сәйкес тергеудегі немесе оған қарсы сұрау салушы Тарап органдары тәркілеу туралы қаулы шығарған адам заңды  тұлға болып табылатын фактіге ынтымақтастық үшін кедергі ретінде сілтеме жасай алмайды;

  1. b) 23-баптың 1 «а» тармағына сәйкес оған қарсы кірістерді тәркілеу туралы қаулы шығарылған жеке тұлға кейін қайтыс болса немесе  оған қарсы кірістерді тәркілеу туралы қаулы шығарылған заңды тұлға кейіннен қызметін тоқтатуы сияқты фактілер көмек көрсетуге кедергі бола алмайды;

с) сұрау салынатын Тарап тергеудегі немесе оған қарсы сұрау салушы Тараптың органдары тәркілеу туралы қаулы шығарған адам осы Конвенцияның Бабының 2 «б» тармағына сәйкес негізгі қылмысты жасаған адам болып табылатын фактіге осы тарауға сәйкес ынтымақтастық үшін кедергі ретінде сілтеме жасай алмайды.

 

29-бап

 

Кейінге қалдыру

 

Сұрау салынатын Тарап, егер мұндай шаралар оның органдары жүргізетін тергеуге немесе сот ісін жүргізуге нұқсан келтіруі мүмкін болса, сұрау салу бойынша шаралар қабылдауды кейінге қалдыра алады.

 

30-бап

 

Сұрау салуды ішінара немесе шартты түрде қанағаттандыру

 

Осы тарауға сәйкес ынтымақтастықтан бас тартпас бұрын немесе оны кейінге қалдырмастан бұрын сұрау салушы Тарап қажет болса, сұрау салынатын Тараппен консультация жасай отырып, сұрау салуды ішінара немесе ол қажет деп санайтын шарттармен қанағаттандыра алу-алмауы туралы мәселені қарайды.

 

6-бөлім

 

Құжаттарды табыс ету және үшінші тұлғалардың құқықтарын қорғау

 

31-бап

 

Құжаттарды табыс ету

 

  1. Тараптар алдын алу шаралары мен тәркілеу бағытталған адамдарға сот құжаттарын табыс ету ісінде бір-біріне жан-жақты көмек көрсетеді.
  2. Осы бапта ештеңе:

а) шетелдегі адамдарға тікелей почта арқылы сот құжаттарын жіберу мүмкіндігі;

  1. b) егер тағайындаушы Тарап өзінің ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжатына қол қою немесе сақтауға тапсыру сәтінде Еуропа Кеңесінің Бас Хатшысына қарама-қайшы мазмұндағы мәлімдеме жасамаса, жөнелтуші Тараптың сот шенеуніктері, лауазымды адамдары немесе басқа құзыретті органдары үшін осы Тараптың тікелей консулдық органдары арқылы немесе тағайындаушы Тараптың сот шенеуніктері, лауазымды адамдары немесе басқа құзыретті органдары арқылы сот құжаттарын табыс ету мүмкіндігін шектемейді.
  2. Жіберуші Тарап шығарған алдын ала шаралар немесе тәркілеу туралы қаулылар жіберілген шетелдегі адамдарға сот құжаттарын тапсыру кезінде бұл Тарап өзінің заңнамасына сәйкес бұл адамдардың иелігінде қандай құқықтық қорғау шаралары бар екенін көрсетеді.

 

32-бап

 

Шетелдік шешімдердің танылуы

 

  1. 3 және 4-бөлімдерге сәйкес ынтымақтастық туралы сұрау салуды қарастыра отырып, сұрау салынған Тарап үшінші тұлғалар мәлімдеген құқықтарға қатысты сұрау салушы Тарап шығарған кез келген сот шешімін таниды.
  2. Егер:

а) үшінші тұлғалардың өз құқықтарын мәлімдеуге жеткілікті мүмкіндіктері болмаса; немесе

  1. b) шешім сұрау салынатын Тараптың сол мәселе бойынша шығарған шешіміне қайшы келсе; немесе
  2. c) ол сұрау салынатын Тараптың жария тәртібіне сәйкес келмесе; немесе
  3. d) шешім сұрау салынатын Тараптың заңнамасында көзделген айрықша юрисдикцияға қатысты ережелерге қайшы келген жағдайда шығарылса мұндай танудан бас тартылуы мүмкін.

 

7-бөлім

 

Процестік және басқа да жалпы нормалар

 

33-бап

 

Орталық орган

 

  1. Тараптар орталық органды немесе қажет болған жағдайда осы тарауға сәйкес сұрау салулардың және оларға жауаптардың жолдануына, мұндай сұрау салулардың орындалуына немесе оларды орындау үшін қажетті құзыреті бар органдарға тапсыруға жауапты органдарды тағайындайды.
  2. Әрбір Тарап өзінің ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжатына қол қою немесе сақтауға тапсыру сәтінде Еуропа Кеңесінің Бас Хатшысына осы баптың 1-тармағына сәйкес белгіленген органдардың атауы мен мекен жайын хабарлайды .

 

34-бап

 Тікелей байланыстар

 

  1. Орталық органдар бір-бірімен тікелей байланыста болады.
  2. Шұғыл жағдайларда осы тарауға сәйкес сұрау салулар мен хабарламаларды сұрау салушы Тараптың прокуратурасын қоса алғанда, тікелей сот органдары сұрау салынатын Тараптың ұқсас органдарына жібереді. Мұндай жағдайларда сұрау салудың немесе хабарламаның көшірмесі бір мезгілде сұрау салушы Тараптың орталық органы арқылы сұрау салынатын Тараптың орталық органына жіберіледі.
  3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес кез келген сұрау салу немесе хабарлама Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы (Интерпол) арқылы берілуі мүмкін.
  4. Егер сұрау салу осы баптың 2-тармағына сәйкес жасалса және осы сұрау салуды алған органның оны қарауға құзыреті болмаса, ол оны өз елінің құзыретті органына береді және бұл туралы сұрау салушы Тарапқа тікелей хабарлайды.
  5. Осы тараудың 2-бөліміне сәйкес мәжбүрлеу шараларын көздемейтін сұрау салулар мен хабарламаларды сұрау салушы Тараптың құзыретті органдары сұрау салынатын Тараптың құзыретті органдарына тікелей бере алады.
  6. Сұрау салулардың немесе хабарламалардың жобаларын осы бапқа сәйкес сұрау салушы Тараптың сот органдары сұрау салынатын Тараптың заңнамасының талаптарын қанағаттандыру мақсатында алу туралы сұрау салу неғұрлым тиімді қаралуы және жеткілікті ақпарат пен ілеспе құжаттаманы қамтуы үшін ресми сұрау салуға дейін сұрау салынатын Тараптың осындай органына тікелей жібере алады.

 

35-бап

 

Сұрау нысаны және тілдер

 

  1. Осы тарауға сәйкес барлық сұрау салулар жазбаша түрде жасалады. Сұрау салушы Тарап сұрау салу бойынша жазбаларды және оның түпнұсқа данасы кез келген уақытта жазбаша түрде беруге дайын болған жағдайда, олар электрондық байланыс құралдары немесе басқа байланыс құралдары арқылы берілуі мүмкін. Алайда, әрбір Тарап кез келген уақытта Еуропа Кеңесінің Бас Хатшылығына жолданған өтініші арқылы электронды түрде немесе басқа байланыс құралдары арқылы алынған сұрау салуларды қабылдауға және орындауға дайын болатын шарттарды көрсете алады.
  2. Осы баптың 3-тармағының ережелерін ескере отырып, сұрау салулардың немесе көмекші құжаттардың аудармасы талап етілмейді.
  3. Кез келген Тарап ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжатқа қол қою немесе сақтауға тапсыру сәтінде оған жіберілетін сұрау салулардың немесе көмекші құжаттардың ана тіліне аудармасымен, немесе Еуропа Кеңесінің ресми тілдерінің біреуімен немесе ол көрсеткен осы тілдердің аудармаларымен қоса жіберуді талап етуге құқылы екендігі туралы Еуропа Кеңесінің Бас Хатшысына хабарлай алады. Осыған байланысты ол өзі көрсеткен кез келген басқа тілге аударуға келісуге өзінің дайын екендігін хабарлай алады. Басқа Тараптар өзара қолайлық ережесін қолдана алады.

 

36-бап

 

Заңдастыру

 

Осы тарауға сәйкес жіберілетін құжаттар заңдастырудың барлық ресмиліктен босатылады.

 

37-бап

 

Сұрау салудың мазмұны

 

  1. Осы тарауға сәйкес ынтымақтастық туралы кез келген сұрау салуда:

а) сұрау салатын орган және тергеп-тексеру  немесе сот ісін жүргізу жүргізетін орган;

  1. b) сұрау салудың мәні мен негізі;
  2. c) хабардар ету туралы сұрау салу жасалған жағдайды қоспағанда, тергеп-тексеру немесе сот ісі жүргізілетін іске қатысты фактілерді (мысалы, құқық бұзушылықтың күні, орны және мән-жайлары) қоса алғанда, мәселелер;
  3. d) егер ынтымақтастық мәжбүрлеу шараларын қолдануды талап етсе:

(i) заңнама ережелерінің мәтіндері немесе егер бұл мүмкін болмаса, қолданылатын заңның тұжырымдамасы; және

(ii) сұрау салынатын шара немесе осыған ұқсас сипаттағы кез келген басқа шаралар сұрау салушы Тараптың аумағында оның өз заңнамасына сәйкес қабылдануы мүмкін екендігі туралы нұсқау;

  1. e) қажет болған жағдайда және мүмкіндігіне қарай:

(i) тиісті адам немесе адамдардың аты-жөні, туған күні мен жері, ұлты мен орналасқан жері, сондай-ақ заңды тұлғаға қатысты болса, оның орталық кеңсесі туралы мәліметтер; және

(ii) сұрау салудың объектісі болып табылатын мүлік, оның орналасқан жері, тиісті адаммен немесе адамдармен, сондай-ақ қылмыспен байланысы туралы ақпарат және осы мүлікке басқа адамдардың құқықтары туралы кез келген қолда бар мәліметтер; және

  1. f) сұрау салушы Тараптың көзқарасы бойынша сақталуы тиіс кез келген нақты рәсім көрсетіледі.
  2. Белгілі бір соманы төлеуді талап ету нысанындағы тәркілеу туралы қаулының объектісі болуы мүмкін мүлікті алып қоюға қатысты 3-бөлімге сәйкес алдын ала шаралар қабылдау туралы сұрау салуда тек осы мүлік есебінен алынуы тиіс ең көп сома көрсетіледі.
  3. 1-тармақта көрсетілген ақпараттан басқа, 4-бөлімге сәйкес кез келген сұрау салу:

а) 23-баптың 1 «а» тармағына байланысты:

(i) сұрау салушы Тараптың сотымен қабылданған тәркілеу туралы қаулының куәландырылған көшірмесін және егер қаулының өзінде осылар көрсетілмесе, осы қаулының негіздемелерін баяндауды;

(ii) сұрау салушы Тараптың құзыретті органының тәркілеу туралы қаулының орындалуы мүмкін екендігі және ол әдепкі тәртіппен шағымдануға жатпайтыны туралы қорытындысын;

(iii) қаулының қандай дәрежеде орындалуы туралы ақпаратты;

  1. iv) алдын ала шаралар қабылдау қажеттілігіне қатысты ақпаратты;
  2. b) 23-баптың 1 «b» тармағына байланысты сұрау салушы Тарап негізге алатын және сұрау салынатын Тарап өзінің ішкі заңнамасы негізінде қаулыны қабылдау туралы мәселені көтеруге жеткілікті болуы тиіс фактілерді баяндауын;
  3. c) егер үшінші тұлғалардың өз құқықтарын мәлімдеу мүмкіндігі болса – осындай мүмкіндікті растайтын құжаттарды қамтиды.

 

38-бап

 

Тиісті емес сұрау салулар

 

  1. Егер сұрау салу осы тараудың ережелеріне сәйкес келмесе немесе егер сұрау салынатын Тараптың ол бойынша шешім қабылдауына онда көрсетілген мәліметтер жеткіліксіз болса, бұл Тарап сұрау салушы тараптан сұрау салуға өзгерістер енгізуді немесе оны қажетті ақпаратпен толықтыруды сұрай алады.
  2. Сұрау салынатын Тарап осындай өзгерістер мен толықтыруларды алу үшін мерзім белгілей алады.
  3. Осы тараудың 4-бөліміне сәйкес жасалған сұрау салуға байланысты сұратылған өзгерістер мен толықтыруларды алғанға дейін сұрау салынатын Тарап осы тараудың 2 немесе 3-бөлімінде көрсетілген кез келген шараларды қолдана алады.

 

39-бап

 

Сұрау салулардың көптігі

 

  1. Егер сұрау салынатын Тарап осы тараудың 3 және 4-бөлімдеріне сәйкес бір адамға немесе мүлікке қатысты біреуден көп сұрау салу алатын болса, сұрау салудың көптігі сұрау салынатын Тарапқа алдын ала шаралар қабылдауды талап ететін сұрау салулар бойынша әрекет етуге кедергі келтірмейді.
  2. Осы тараудың 4-бөліміне сәйкес жіберілген сұрау салулар көп болған жағдайда, сұрау салынатын Тарап сұрау салушы Тараптармен консультациялар жүргізу мүмкіндігін қарастырады.

 

40-бап

 

Себептерді көрсету міндеттемесі

 

Сұрау салынатын Тарап осы тарауға сәйкес жасалған ынтымақтастық туралы сұрау салуға қатысты өзінің кез келген бас тартуының, мерзімін кейінге қалдыруының немесе шарттар қоюының себептерін көрсетеді.

 

41-бап

 

Ақпарат

 

  1. Сұрау салынатын Тарап сұрау салушы Тарапқа:
  2. a) осы тарауға сәйкес жасалған сұрау салу бойынша шара қолданылған іс-қимылдар;
  3. b) сұрау салу бойынша шара қолданылған іс-қимылдың түпкілікті нәтижелері;

с) осы тарауға сәйкес жасалған сұрау салудың барлығына немесе бір бөлігіне қатысты бас тарту, мерзімін ұзарту немесе шарттар;

  1. d) сұрау салынған шаралардың орындалуына мүмкіндік бермейтін немесе олардың орындалуын едәуір баяулататын кез келген жағдайлар; және
  2. e) осы тараудың 2 және 3-бөлімдеріне сәйкес жасалған сұрау салу бойынша алдын ала шаралар қолдану қажет болған жағдайда, осы шараларды өздігінен тоқтатуды талап ететін өзінің ішкі заңнамасының ережелері туралы жедел ақпарат береді.
  3. Сұрау салушы Тарап сұрау салынатын Тарапқа:

а) қайта қарау, шешім немесе тәркілеу туралы қаулының толығымен немесе ішінара күшін жоюына әкеліп соқтыратын өзге де жағдайлар;

  1. b) осы тарауға сәйкес кез келген іс-қимыл ақталмайтын нақты немесе заңдық кез келген өзгерістер туралы жедел ақпарат береді.
  2. Егер Тарап бір қаулының негізінде бірнеше Тарапқа мүлікті тәркілеу туралы өтінімхат берсе, ол бұл туралы осы қаулының орындалуы қозғайтын барлық Тараптарға хабарлайды.

 

42-бап

 

Пайдалануды шектеу

 

  1. Сұрау салынатын Тарап сұрау салуда айтылғандарды қоспағанда, сұрау салушы Тарап органдарынан алынған ақпаратты немесе дәлелдемелерді оның алдын ала келісімінсіз тергеу немесе қарау үшін пайдаланылмауы немесе берілмеуі туралы талаптардың орындалуын сұрау салудың орындалу шарты етіп қоя алады.
    2. Әрбір Тарап ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өзінің құжатына қол қою және сақтауға тапсыру сәтінде Еуропа Кеңесі Бас Хатшысының атына жазылған декларациясында сұрау салуда айтылғандарды қоспағанда, осы тарауға сәйкес берген мәліметтерін немесе дәлелдемелерін оның алдын ала келісімінсіз сұрау салушы Тарап органдарының тергеу немесе қарау үшін пайдаланылуы немесе берілуі мүмкін емес екендігін мәлімдей алады.

 

43-бап

 

Құпиялылық

 

  1. Сұрау салушы Тарап сұрау салынатын Тараптан сұрау салудың фактілері мен мазмұнын құпияда сақтауды және оларды сұрау салудың орындалуы үшін қажет болған жағдайда ғана ашуды талап ете алады. Егер сұрау салынатын Тарап құпиялылық талаптарын орындай алмаса, ол сұрау салушы Тарапқа ол туралы жедел хабарлайды.
  2. Сұрау салушы Тарап егер одан бұл туралы сұраса және егер оның ішкі заңнамасының негізгі қағидаттарына қарама-қайшы келмесе, сұрау салынатын Тараптың ұсынған кез келген дәлелдемелері мен  ақпаратын құпияда сақтайды және оларды сұрау салуда көрсетілген тергеп-тексеруге немесе сот ісін жүргізуге қажет болған жағдайда ғана ашады.
  3. Өзінің ішкі заңнамасының ережелерін ескере отырып, 20-бапқа сәйкес алдын ала сұрау салусыз ақпарат алған Тарап бұл ақпаратты ұсынған Тараптың құпиялылыққа қатысты кез келген талаптарын орындайды. Егер ол мұндай талаптарды орындай алмаса, ақпаратты жіберген Тарапқа ол туралы жедел хабарлайды.

 

44-бап

 

Шығыстар

 

Сұрау салуды орындауға байланысты әдеттегі шығыстарды сұрау салынатын Тарап өтейді. Егер шығыстар елеулі немесе төтенше сипатта болса, Тараптар сұрау салуды орындау және шығыстарды жабу шарттары туралы келіседі.

 

45-бап

 

Залал

 

  1. Егер кез келген адам осы тарауға сәйкес ынтымақтастыққа қатысты әрекетпен немесе әрекетсіздікпен келтірілген залалды өндіріп алу туралы талап-арыз берсе, Тараптар қажет болған  жағдайда, осы залалды өтеуге жататын кез келген соманы бөлу туралы келісу мақсатында бір-бірімен консультация өткізу мүмкіндігін қарастырады.
  2. Залалды өтеу туралы сот дауының субъектісі болған Тарап, егер басқа Тарап осы іске мүдделі болса, бұл туралы басқа Тарапқа хабарлау үшін шаралар қабылдайды.

 

V-тарау. ҚББ арасындағы ынтымақтастық

 

46-бап

 

ҚББ арасындағы ынтымақтастық

 

  1. Әрбір Тарап ҚББ Конвенцияда анықталғандай, ақша қаражатын жылыстатумен күресу мақсатында оның ұлттық құзыретіне сәйкес ҚББ-дағы ақшаның жылыстатылуын көрсетуі мүмкін кез келген факті бойынша тиісті ақпаратты жинауда, талдауда және егер ол құзыретіне кіретін болса тергеп-тексеруде ынтымақтасады деп кепілдік береді.
  2. 1-параграфтың мақсаттары үшін әрбір Тарап ҚББ-ның өз бастамасы бойынша немесе сұрау салуы бойынша, сондай-ақ осы Конвенцияға сәйкес немесе осы Конвенцияға сәйкес келетін қолданыстағы немесе болашақтағы өзара түсіністік туралы меморандумдарға сәйкес ақшаны жылыстатумен байланысты қаржылық операцияларға және тартылған жеке немесе заңды тұлғаларға қатысты ҚББ жүзеге асыратын ақпаратты немесе тергеп-тексеруді өңдеуге немесе талдауға жататын кез келген қолжетімді ақпаратпен алмасуын қамтамасыз етеді.
  3. Әрбір Тарап осы Конвенцияға сәйкес ҚББ функцияларын жүзеге асыру олардың әкімшілік, құқық қорғау немесе сот органдары болып табылатынына қарамастан, ҚББ-ның ішкі мәртебесіне байланысты болмайтынына кепілдік береді.
  4. Осы Баптың негізінде жасалған әрбір сұрау салуға сұрау салушы ҚББ-ға мәлім тиісті фактілердің қысқаша мазмұны қоса беріледі. ҚББ сұрау салуда қажетті ақпараттың қалай пайдаланылатынын көрсетеді.
  5. Сұрау салу осы Бапқа сәйкес жіберілген жағдайда, сұрау салынған ҚББ барлық тиісті ақпаратты, қолжетімді қаржылық ақпаратты және сұрау салуда көрсетілген құқық қорғау органдарының сұратылған деректерін, ресми сұрау салуды қажет етпестен Тараптар арасындағы қолданылатын конвенциялар мен келісімдер негізінде ұсынады.
  6. ҚББ сұрау салынатын Тарапта жүргізіліп жатқан қылмыстық тергеп-тексеруге нұқсан келтіруі мүмкін немесе айрықша жағдайларда жеке немесе заңды тұлғаның немесе мүдделі Тараптың заңды мүдделерін анық бұзатын немесе ұлттық құқықтың негізгі қағидаттарына өзгеше сәйкес келмейтін ақпаратты жария етуден бас тартуы мүмкін. Кез келген осындай бас тартуды ақпаратқа сұрау салатын ҚББ тиісті түрде негіздейді.
  7. Осы Конвенцияға сәйкес берілген ақпарат немесе құжаттар 1-тармақта көрсетілген мақсаттарда пайдалануға арналған. Тиісті ҚББ-ға ұсынылған ақпарат үшінші тұлғаларға жария етілмеуі немесе алушы ҚББ-мен ақпаратты ұсынған ҚББ-ның алдын ала келісімінсіз талдаудан басқа кез келген басқа мақсаттарда пайдаланылмауы тиіс.
  8. Конвенцияға сәйкес ақпаратты немесе құжаттарды беру кезінде жіберуші ҚББ 7-тармақта көрсетілмеген мақсаттар үшін ақпаратты пайдалануға шектеулер немесе шарттар қоя алады. Алушы ҚББ осы шектеулер мен шарттарды сақтайды.
  9. Егер Тарап берілген ақпаратты немесе құжаттарды қылмыстық тергеп-тексеру немесе айыптау үшін 7-тармақта көрсетілген мақсаттарда пайдаланғысы келсе, беруші Тарап, егер шектеулердің негізі оның ұлттық құқығы немесе 6-тармақта көрсетілген шарттар болып табылмаса, мұндай пайдалануға келісім беруден бас тарта алмайды. Келісім беруден кез келген бас тарту тиісті түрде түсіндірілуі тиіс.
  10. Конвенцияға қатысушы елдердің ҚББ Конвенцияға сәйкес берілетін ақпараттың басқа органдарға, қызметтерге немесе ведомстволарға қол жетімді болмауын қамтамасыз ету үшін қауіпсіздік шараларын қоса алғанда, барлық қажетті шараларды қолданады.
  11. Берілетін ақпарат 1981 жылғы 28 қаңтардағы Дербес деректерді автоматтандырылған өңдеуге қатысты жеке тұлғаларды қорғау туралы Еуропа Кеңесінің конвенциясына сәйкес және полиция саласындағы дербес деректерді, ең болмағанда, сұрау салушы ҚББ-ға қолданылатын ұлттық заңнамаға сәйкес қолданылатын дербес деректердің құпиялылығы мен қорғалуының бірдей ережелеріне сәйкес пайдалануын реттейтін Еуропа Кеңесінің 1987 жылғы 15 қыркүйектегі №R(87)15 ұсынымдарын ескере отырып қорғалуы тиіс.
  12. Ақпаратты ұсынған ҚББ осы ақпаратты пайдалану туралы ақылға қонымды сұрау салулар жасай алады, және алушы ҚББ іс жүзінде мүмкін болған жағдайда мұндай ақпаратты ұсынады.
  13. Тараптар осы баптың мағынасы бойынша ҚББ-ның қай орган екенін көрсетуге міндетті.

 

 

47-бап

 

Күдікті операцияларды тоқтата тұру мақсатында

 халықаралық ынтымақтастық

 

 

  1. Әрбір Тарап, егер шетелдік ҚББ тоқтатылған операцияларға қатысты ұлттық заңнамамен белгіленген мерзімде және шарттарда операция немесе операциялар ақшалай қаражаттарды жылыстатумен байланысты (байланыстырылған) деп негізді күдіктенсе, ҚББ-ның бастамасы бойынша операцияларды немесе шетелдік ҚББ-ның сұрау салуы бойынша операцияларды жүзеге асыруға келісімді тоқтата тұру немесе кейінге қалдыру бойынша шұғыл шараларды қабылдау үшін заңнамалық және басқа да қажетті шараларды қабылдайды.
  2. 1-тармақта көзделген іс-қимылдар сұрау салынған ҚББ сұрау салуды қарағаннан кейін қанағаттандырылған жағдайда:

а) операция ақшалай қаражаттарды жылыстатумен байланысты болса;

  1. b) егер мемлекет ішінде күдікті операция туралы хабарлама болған жағдайда операция тоқтатыла тұрса немесе оны жүзеге асыруға келісім кейінге қалдырылса жүзеге асырылуы тиіс.

VI-тарау. Қадағалау механизмі

 

48-бап

 

Қадағалау механизмі және дауларды шешу

         

  1. Қатысушы мемлекеттердің конференциясы (ҚМУ) осы Конвенцияның ережелерін одан әрі имплементациялауға жауапты болады. ҚМУ:

а) осы конвенция Тараптарының тиісінше имплементациялауына мониторингті жүзеге асырады;

  1. b) Тараптың сұрау салуы бойынша осы Конвенцияны түсіндіруге және қолдануға қатысты пікірін білдіреді.
  2. ҚМУ 1 «а» тармағына сәйкес Еуропа Кеңесінің Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес шараларын бағалау жөніндегі Сайланған Сарапшылар Комитетінің кез-келген қолжетімді жария есептерін (МАНИВЭЛ) (МАНИВЭЛ-ге мүше елдер үшін) немесе өзін-өзі бағалау туралы мерзімді сауалнамаларымен толықтырылған ФАТФ-тың кез-келген қолжетімді жария есептерін (ФАТФ-қа мүше елдер үшін) пайдалану арқылы өз функцияларын орындайды. Сауалнама ФАТФ пен МАНИВЭЛ-дің өзара бағалау миссиялары жүргізілетін сәйкестік тұрғысынан осы Конвенция мен басқа да тиісті халықаралық стандарттар арасындағы айырмашылықтарға қатысты болады.
  3. Егер ҚМУ өз функцияларын орындау үшін қосымша ақпарат қажет деген қорытындыға келсе, онда ҚМУ әсері тиген мемлекетпен байланыста болады және егер қажет болса, ҚМУ МАНИВЭЛ механизмі мен рәсімдерін пайдаланады. Содан кейін әсері тиген Тарап ҚМУ-ға есеп береді. Осы негізде ҚМУ әсері тиген мемлекеттің ұстанымын тереңірек бағалау туралы шешім қабылдайды. Бұл мемлекетке баруды қамтуы мүмкін, бірақ міндетті емес.
  4. Осы Конвенцияны түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасында дау туындаған жағдайда, олар дауды ҚМУ-ға, шешімдері Тараптар үшін міндетті болатын арбитраждық органға немесе БҰҰ-ның Халықаралық сотына, әсері тиген Тараптар арасындағы келісім бойынша беруді қоса алғанда, дауды келіссөздер арқылы немесе өздері таңдаған басқа бейбіт жолмен шешеді.
  5. ҚМУ Рәсімнің өзіндік Қағидаларын қабылдайды.
  6. Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы ҚМУ-ді осы Конвенция күшіне енгеннен кейін бір жылдан кешіктірмей шақырады. Кейіннен ҚМУ-дың тұрақты кездесулері ҚМУ рәсімдерінің Қағидаларына сәйкес өткізілетін болады.

 

VII-тарау. Қорытынды ережелер

 

49-бап

Қол қою және күшіне ену

 

  1. Конвенция Еуропа Кеңесіне, Еуропалық Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің және оны әзірлеуге қатысқан мүшесі болып табылмайтын басқа мемлекеттердің қол қоюы үшін ашық болады. Бұл мемлекеттер немесе Еуропалық Қоғамдастық:
  2. a) ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы ескертусіз қол қою; немесе
  3. b) кейіннен ратификациялай, қабылдай және мақұлдай отырып, ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау шартымен қол қою арқылы оның міндеттілігіне өз келісімдерін білдіре алады.
  4. Ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжаттар Еуропа Кеңесінің Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.
  5. Конвенция 6 мемлекеттің кем дегенде 4-еуі Еуропа Кеңесіне мүше мемлекеттер болып табылса, 1-тармақтың ережелеріне сәйкес өздері үшін осы Конвенцияның міндеттілігіне келісімін білдірген күннен бастап үш ай өткеннен кейінгі келесі айдың бірінші күні күшіне енеді.
  6. Осы Конвенцияға қол қойған, кейіннен оның міндеттілігіне өз келісімін білдіретін кез келген мемлекет үшін Конвенция  1-тармақтың ережелеріне сәйкес өздері үшін осы Конвенцияның міндеттілігіне келісімін білдірген күннен бастап үш ай өткеннен кейінгі келесі айдың бірінші күні күшіне енеді.
  7. 1990 жылғы Конвенция бойынша бірде-бір Тарап оған қатысты ол үшін осы ережелердің міндеттілігіне өз келісімін білдірген 1990 жылғы Конвенцияға сәйкес ережелердің ол үшін міндетті екендігіне өзінің келісімін білдірместен осы Конвенцияны ратификациялай, қабылдай немесе бекіте алмайды.
  8. 1990 жылғы Конвенцияның Тараптары болып табылатын осы Конвенцияның Тараптары:

а) өз қатынастарында осы Конвенцияның ережелерін қолданады;

  1. b) 1990 жылғы Конвенцияның ережелерін аталған Конвенцияның қатысушылары болып табылатын, бірақ осы Конвенцияның қатысушылары болып табылмайтын мемлекеттердің қолдануын жалғастырады.

 

50-бап

 

Конвенцияға қосылу

 

  1. Осы Конвенция күшіне енгеннен кейін, Еуропа Кеңесінің Министрлер Комитеті осы Конвенцияға мүше мемлекеттермен консультация жүргізгеннен кейін, Кеңес мүшесі болып табылмайтын және оның  әзірленуіне қатыспаған кез келген мемлекетке Еуропа Кеңесі Жарғысының 20 «d»-бабында көзделген көпшілік дауыспен тиісті шешім қабылданған және Комитеттің отырыстарына қатысу құқығы бар Тараптар өкілдері бір ауыздан мақұлдаған жағдайда осы Конвенцияға қосылуды ұсына алады.
  2. Қосылған кез келген мемлекет үшін Конвенция қосылу туралы құжат Еуропа Кеңесінің Бас хатшысына сақтауға тапсырылған күннен бастап үш ай өткеннен кейінгі келесі айдың бірінші күнінен бастап күшіне енеді.

 

51-бап

 

Аумақтық қолдану

 

  1. Кез келген мемлекет ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өз құжатына қол қою және сақтауға тапсыру сәтінде осы Конвенцияның күші қолданылатын аумақты немесе аумақтарды көрсете алады.
  2. Кез келген Тарап кез келген келесі сәтте Еуропа Кеңесі Бас Хатшысының атына мәлімдеу арқылы осы Конвенцияның күшін өтініште көрсетілген кез келген басқа аумаққа қолдана алады. Осы Конвенция Бас Хатшының осындай мәлімдесін алған күнінен бастап үш ай мерзім өткен күннен кейінгі айдың бірінші күнінде осы аумаққа қатысты  күшіне енеді.
  3. Алдыңғы екі тармаққа сәйкес жасалған кез келген мәлімдеме Бас Хатшының атына жазбаша хабарлау арқылы осы мәлімдемеде көрсетілген кез келген аумаққа қатысты қайтарылып алынуы мүмкін. Бас Хатшы осындай хабарлама алған күннен бастап үш ай өткен күннен кейінгі айдың бірінші күнінде қайтарылып алынуы күшіне енеді.

 

52-бап

 

Басқа конвенцияларға және келісімдерге қатыстылығы

  1. Осы Конвенция нақты мәселелер бойынша халықаралық көпжақты құжаттардан туындайтын құқықтар мен міндеттемелерді қозғамайды.
  2. Осы Конвенцияның Тараптары оның ережелерін толықтыру немесе күшейту немесе онда бекітілген қағидаттардың қолданылуын жеңілдету мақсатында осы Конвенция қозғайтын мәселелер бойынша екіжақты немесе көпжақты келісімдер жасай алады.
  3. Егер екі немесе одан да көп Тараптар осы Конвенция қозғайтын мәселе бойынша келісім немесе шарт қабылдаса немесе бұл мәселе бойынша өздерінің қатынастарын өзгеше түрде анықтаса, олар бұл келісімді немесе шартты қолдануға немесе егер бұл халықаралық ынтымақтастыққа ықпалын тигізсе, осы Конвенцияның орнына өз қатынастарын тиісті түрде реттеуге құқылы.
  4. Еуропалық Одақтың мүшелері болып табылатын Тараптар, егер осы Конвенцияның мақсаттары мен мәніне нұқсан келтірместен және оның басқа Тараптармен жан-жақты қолданылуына нұқсан келтірместен бұл мәселені реттейтін Қоғамдастық қағидалары болмайтын жағдайларды қоспағанда, өздерінің өзара қарым-қатынастарында Қоғамдастық қағидаларын қолданады және сондықтан осы Конвенциядан туындайтын ережелерді қолданбайды.

 

53-бап

 

Мәлімдемелер мен ескертпелер

 

  1. Кез келген мемлекет ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өз құжатына қол қою және сақтауға тапсыру  сәтінде 3-баптың 2-тармағына, 9-баптың 4-тармағына, 17-баптың 5-тармағына, 24-баптың 3-тармағына, 31-баптың 2-тармағына және 35-баптың 1 және 3-тармақтарына және 42-баптың 2-тармағына сәйкес бір немесе одан да көп ескертпелерді  қолдануы туралы жариялай алады.
  2. Кез келген мемлекет немесе Еуропалық Қоғамдастық ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өз құжатына қол қою және сақтауға тапсыру  сәтінде 7-баптың 2 «с» тармағының, 9-баптың 6-тармағының, 46-баптың 5-тармағының және 47-баптың ережелерін толық немесе ішінара қолданбау құқығын өзіне қалдыра алады.
  3. Кез келген мемлекет немесе Еуропалық Қоғамдастық ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өз құжатына қол қою және сақтауға тапсыру  сәтінде әсіресе қылмыстық істер бойынша халықаралық ынтымақтастық саласында қолданылатын халықаралық келісімдерді назарға ала отырып, 17 және 19-баптар қандай әдіспен қолданатынын жариялай алады. Мұндай мәлімдеме жасаған адам Еуропа Кеңесінің Бас хатшысына осы ақпараттағы кез келген өзгерістер туралы хабарлайды.
  4. Кез келген мемлекет немесе Еуропалық Қоғамдастық ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өз құжатына қол қою және сақтауға тапсыру  сәтінде:

а) осы Конвенцияның 3-бабының 4-тармағын  қолданбайтынын; немесе

  1. b) осы Конвенцияның 3-бабының 4-тармағы тек ішінара ғана қолданылатынын; немесе
  2. c) осы Конвенцияның 3-бабының 4-тармағы қолданылатын тәсілді жариялайды.

Тараптар көрсетілген ақпараттағы кез келген өзгерістер туралы Еуропа Кеңесінің Бас хатшысына хабарлауға міндеттенеді.

  1. Басқа ешқандай ескертпелер немесе мәлімдемелер жасауға болмайды.
  2. Алдыңғы тармақтарға сәйкес ескертпе немесе мәлімдеме жасаған кез келген Тарап Еуропа Кеңесінің Бас хатшысына хабарлама жіберу арқылы оларды толығымен немесе ішінара қайтарып ала алады. Мұндай кері қайтарып алу Бас хатшы хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді.
  3. Осы Конвенцияның қандай да бір ережесіне қатысты ескертпе немесе мәлімдеме жасаған Тарап бұл ережені басқа Тараптың қолдануын талап ете алмайды; алайда, егер ескертпе ішінара немесе шартты сипатта болса, онда бұл Тарап тиісті ережені өзі қабылдаған дәрежеде қолдануды талап ете алады.

 

54-бап

 

Түзетулер

 

  1. Осы Конвенцияға түзетулерді кез келген Тарап ұсына алады және Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы оларды Кеңеске мүше мемлекеттерге, Еуропалық Қоғамдастыққа және 50-баптың ережелеріне сәйкес осы Конвенцияға қосылған немесе оған қосылуға шақырылған Кеңес мүшесі болып табылмайтын әрбір мемлекетке жібереді.
  2. Тарап ұсынған кез келген түзету Қылмыстылық проблемалары жөніндегі еуропалық комитетке жіберіледі, ол бойынша өз қорытындысын Министрлер комитетіне ұсынады.
  3. Министрлер комитеті ұсынылған түзетуді және Қылмыстылық проблемалары і жөніндегі еуропалық комитеттің қорытындысын қарайды және Еуропа Кеңесі Жарғысының 20 «d» бабына сәйкес көпшілік дауыспен түзетуді қабылдай алады.
  4. Министрлер комитеті осы баптың 3-тармағына сәйкес қабылдаған кез келген түзетудің мәтіні Тараптарға қабылдау үшін жіберіледі.
  5. Осы баптың 3-тармағына сәйкес қабылданған кез келген түзету барлық Тараптар осы түзетуді қабылдағаны туралы Бас хатшыға хабарлағаннан кейін отызыншы күні күшіне енеді.
  6. Қосымшада және 13-бапта қамтылған қылмыстар тізімін жаңарту мақсатында түзетулерді кез келген мемлекет немесе Министрлер комитеті ұсына алады. Оларды Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Тараптарға беруі керек.
  7. Еуропа Кеңесіне мүше емес мемлекеттермен және қажет болған жағдайда Қылмыстылық проблемалары жөніндегі еуропалық комитетпен консультациялардан кейін Министрлер комитеті ұсынылған түзетуді Еуропа Кеңесі Жарғысының 20 «d» бабында көзделген көпшілік дауыспен қабылдай алады. Түзету Тараптарға жіберілген күннен кейін бір жыл өткен соң күшіне енеді. Осы мерзім ішінде кез келген Тарап Бас хатшыны өзіне қатысты түзетудің күшіне енуіне қатысты кез келген қарсылықтар туралы хабардар ете алады.
  8. Егер Тараптардың үштен бірі түзетудің күшіне енуіне қатысты кез келген қарсылықтар туралы Бас хатшыны хабардар етсе, түзету күшіне енбейді.
  9. Егер Тараптардың үштен бірінен азы қарсылық туралы хабардар етсе, қарсылық туралы хабарламаған Тараптар үшін түзету күшіне енеді.
  10. Егер түзету осы баптың 6-дан 9-параграфтарына сәйкес күшіне енген болса және Тарап түзетуге қарсылық білдіргені туралы хабарлаған болса, онда бұл түзету мүдделі Тарапқа қатысты оны қабылдау туралы Еуропа Кеңесінің Бас Хатшысына хабарлаған күннен кейінгі келесі айдың бірінші күнінен бастап күшіне енеді. Түзетуге қарсылық білдірген тарап Еуропа Кеңесінің Бас хатшысына хабарлау арқылы оны кез келген уақытта кері қайтарып ала алады.
  11. Егер түзетуді Министрлер комитеті қабылдаса, мемлекет немесе Еуропалық қоғамдастық бір мезгілде мұндай түзетулерді қабылдамай, Конвенция ережелерінің олар үшін міндеттілігіне келісімін білдіре алмайды.

 

55-бап

 

Күшін жою

 

  1. Кез келген Тарап Еуропа Кеңесі Бас хатшысының атына жазбаша хабарлама жіберу арқылы кез келген уақытта осы Конвенцияның күшін жоя алады.
  2. Мұндай күшін жою Бас хатшы жазбаша хабарлама алған күннен бастап үш ай өткеннен кейінгі айдың бірінші күнінен бастап күшіне енеді.
  3. Алайда, осы Конвенция мұндай күшін жою күшіне ену күніне дейін 23-бапқа сәйкес осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес сұрау салу жасалған тәркілеудің жүзеге асырылуына қатысты қолданылуын жалғастырады.

 

56-бап

 

Хабарламалар

 

Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Еуропа Кеңесіне мүше мемлекеттерді, Еуропалық Қоғамдастықты осы Конвенцияны әзірлеуге қатысқан Еуропа Кеңесінің мүшелері болып табылмайтын мемлекеттерді, оған қосылуға шақырылған кез келген мемлекетті және осы Конвенцияның кез келген басқа Тарабын:

а) кез келген қол қою;

  1. b) кез келген ратификациялық грамотаның, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжаттың сақтауға тапсырылуы;
  2. c) 49 және 50-баптарға сәйкес осы Конвенцияның күшіне енген кез келген күні;
  3. d) 53-бапқа сәйкес кез келген ескертпеге;
  4. e) осы Конвенцияға қатысты кез келген басқа құжат, мәлімдеме немесе хабарлама туралы хабардар етеді.

Осыны куәландыру үшін тиісті дәрежеде уәкілеттік берілген төменде қол қоюшылар осы Конвенцияға қол қойды.

2005 жылғы 16 мамырда Варшавада ағылшын және француз  тілдерінде, бұл ретте екі мәтіннің де бірдей күші бар, Еуропа Кеңесінің мұрағатында сақталатын бір данада жасалды. Еуропа Кеңесінің Бас Хатшысы осы Конвенцияның куәландырылған даналарын Еуропа Кеңесіне мүше әрбір мемлекетке, Еуропалық Қоғамдастыққа, Еуропа Кеңесінің мүшелері болып табылмайтын, осы Конвенцияны әзірлеуге қатысқан мемлекеттерге және оған қосылу ұсынылатын кез келген мемлекетке жібереді .

 

Қосымша

 

  1. Ұйымдасқан қылмыстық топтарға және қорқытып алуға қатысу;
  2. Терроризмді қаржыландыруды қоса алғанда, терроризм;
  3. Адам саудасы және мигранттарды заңсыз тасымалдау;
  4. Балаларды сексуалдық пайдалануды қоса алғанда, сексуалдық пайдалану;
  5. Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы;
  6. Қару-жарақтың заңсыз айналымы;
  7. Ұрланған және өзге де тауарлардың заңсыз айналымы;
  8. Сыбайлас жемқорлық және парақорлық;
  9. Алаяқтық;
  10. Жалған ақша жасау;
  11. Контрафактілік және қарақшылық өнімдерді өндіру;
  12. Экологиялық қылмыстар;
  13. Адам өлтіру, ауыр дене жарақаттары;
  14. Адамдарды ұрлау, бас бостандығын заңсыз шектеу және кепілге алу;
  15. Қарақшылық немесе ұрлық;
  16. Контрабанда;
  17. Қорқытып алушылық;
  18. Құжаттарды қолдан жасау;
  19. Қарақшылық; және
  20. Инсайдерлік ақпаратпен сауда жасау және нарықты манипуляциялау.

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Дата публикации
24 апреля 2026