Түйіндеме қабылдау
ҚМА КОМАНДАСЫНЫҢ БІР БӨЛІГІ БОЛ!
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі кәсіби мансабын дамытуға және еліміздің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүдделі, бастамашыл, болашағынан зор үміт күттіретін және мақсатшыл мамандарды өз командасына шақырады. Егер Сіз біздің командамыздың бір бөлігі болғыңыз келсе, түйіндемеңізді келесі электрондық пошта мекенжайына жолдаңыз: candidate@afm.gov.kz
Біз кімдерді күтеміз?
- Жоғары оқу орындарының түлектерін;
- IT және ақпараттық технологиялар саласының мамандарын;
- Деректерді талдау мамандары мен әзірлеушілерді;
- Экономика және қаржы саласының мамандарын;
- Заңгерлерді;
- Ақпараттық және киберқауіпсіздік саласының мамандарын;
- Қаржылық мониторинг саласында жұмыс тәжірибесі бар мамандарды;
- Қажетті кәсіби құзыреттерге ие басқа да үміткерлерді.
Қызметтің негізгі бағыттары:
- Қаржылық барлау және талдау;
- Қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл;
- Терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл;
- Қаржылық құқық бұзушылықтарды тергеп-тексеру;
- Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект;
- Деректерді талдау және цифрлық технологиялар;
- Киберқауіпсіздік.
Не істеу қажет?
- Өзекті түйіндемеңізді дайындау.
- Түйіндемені Агенттіктің электрондық поштасына жолдау.
- Байланыс телефоныңыз бен электрондық пошта мекенжайыңызды көрсету.