

Ғаламдық халықаралық қауымдастық трансұлтты ұйымдасқан қылмыс пен терроризм тарапынан халықаралық қауіпсіздікке төнген қауіптің артуына байланысты жауап ретінде заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылды ұйымдастырады және осы мақсатта құрылған халықаралық ұйымдар мен жаңа мамандандырылған органдар мен құрылымдарды пайдаланады. Мұндай ұйымдар мен мамандандырылған органдар осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты реттеуде қолданылатын әдістерді үйлестіруде қаржыны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың институционалды негіздегі халықаралық жүйесін құрайды.
Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласындағы негізгі халықаралық институттардың бірі 1989 жылы Үлкен жетілікке кіретін Мемлекет және Үкімет басшыларының бастамасымен құрылған Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес бойынша қаржылық шараларды әзірлейтін Топ (ФАТФ) болып табылады.
Топқа қаржыны жылыстатудың әдістері мен үрдісін қарастыру, ұлттық немесе халықаралық деңгейде қабылданған іс-қимылға шолу жасау, және қаржыны жылыстатуға қарсы күресте әлі де қолдану қажет шаралар бойынша жауапкершілік жүктелген. Жұмыстың қорытындысы болып 1990 жылы жарияланған ФАТФ-тың «Қырық ұсынымы», кейін қайта қаралған және толықтырылған «IX арнайы ұсынымы» болып табылады. 2012 жылы жаңартылған ФАТФ ұсынымдары – Ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай жою қаруын қаржыландыруға қарсы халықарлық ұсынымдары қабылданды.
ФАТФ типіндегі аймақтық құрылымдар ФАТФ сынды құрылымға ие және бірлесе отырып ақшаны жылыстатумен және терроризщмді қаржыландырумен тұтас халықаралық жүйені құрайды.
Қазіргі таңда әлемде 8 ФАТФ типіндегі аймақтық құрылымдар жұмыс жасайды. Оның бірі заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылдың Еуразиялық тобы (ЕАТ) болып табылады. ЕАТ 2004 жылы құрылды және Еуразиялық аймақтағы Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан елдерін біріктірді. 2011 жылдан бастап үкіметаралық ұйым статусына ие. ЕАТ терроризм қаупін төмендетуді қамтамасыз етуде, сондай-ақ, заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылдың халықаралық жүйесінде аймақ мемлекеттерін тартуда маңызды орынға ие.
Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылдың халықаралық институционалды жүйесі шеңберінде 1995 жылы бейресми форматта «Эгмонт» тобы құрылды.
«Эгмонт» Тобының мақсаты - заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл мақсатында, сонымен қатар АЖ/ТҚ бойынша ішкі бағдарламаларды іске асыруда көмек көрсету үшін қаржы барлау бөлімшелерінің тиімді өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету.
Қаржылық мониторинг агенттігі 2011 жылдың шілдесінде «Эгмонт» Тобының толық құқылы мүшесі болып қабылданды.